Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет23/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
утетілуова эльмира

-Қыдырамыз? Бүгін далада сондай жақсы//-.(үнтаспадан көшірме)
Нақты бір адамға предикатпен көпше түрде сөйлем қолданылады.
-Көрерміз//Мүмкін/Істеуге де болады// -.(үнтаспадан көшірме)
Талдау барысында көрсетілгендей, стильаралық синтаксистік құрылым ауызекі диалогте кең тараған. Ауызекі функционалды стиль стилистикалық ерекшеліктерінің әсерінен трансформацияға ұшырайды. Трансформация бірінші типтің стильаралық әңгіме, ойдағы көрінісі – ауызекі стилистика бояуында. Екінші типтің өзгеру себебі стильаралық ой ерекше дауыстау (интонация) немесе оқиға барысының өзгеруіне байланысты.
Стильаралық синтаксистік қатардан бөлек, кітаби стилистикалық мағынаға ие синтаксистік құрылымда нормативті немесе өзгертілген түрде жүйеленеді.
Ауызекі диалог ішінде кітаби синтаксистік құрылым аз. Ауызекі диалог ішінде одан екі сөйлемге дейін ғана кездеседі. Мысалы:
- Ана баланы мен танымадым/ Зәуренің туған күнінде болған//. Егер мен оны кездестірсем/ және ол менімен амандасса/ мен де онымен
амандасармын/ бірақ ойлануым мүмкін/ кім болды екен деп// -;

-Мен жеті жасымнан ұшқыш болуды армандадым// Рас/ өте кішкентай болған кезімде/ мен дәрігер болғым келген/ бұл тілегім/ мен білемін/ көптеген балаларда болатынын// -;(үнтаспадан көшірме)
Кітаби стилистикалық бояуға қанық синтаксистік құрылым, нақты қосымшалылық, интонация екпінділікке негізделеді. Күрделі бүтін арасындағы байланысы арқылы, кең тараған ауызекі сөйлемнен ерекшеленеді. Алайда, кітаби стилистикалық бояуы бар бірқатар құрылымның ауызекі диалог құрылымындағы қасиеті өзіне тән емес синтаксистік өзгеріске ұшырауы ең алдымен ауызекі диалогтің формальды ерекшеліктерімен байланысты.
Трансформацияланған түріне құрамында үзілістер кездесіп отыратын кітаби құрылымдар жатады. Мысалы:
Көктөбе - әдемі жер/ әдемі таулар/ кейбір жерлерде бұл таулар... ерекше рельеф береді/ адам мүсінін сомдайды//- (үнтаспадан көшірме).
Күрделі трансформациялық құрылымның құрамында үзілістердің кездесіп отыруы келісілген оймен, қажет сөзді таңдаумен немесе басқа да себептермен байланысты болуы мүмкін:
Мен кәдімгідей ойлану үстіндемін/ педагогикалық институтқа түсу керек... онда мұндай мамандықпен//;(үнтаспадан көшірме).
Сонымен, былайша қорытынды шығаруға болады, кітаби синтаксистік құрылым ауызекі диалогте өте сирек қолданылады. Ауызекі диалог құрамындағы кітаби сөйлемдердің трансформациясы ережеге сәйкес, оның синтаксистік құрылымында үзілістің бар болуымен байланысты.
Ауызекі диалогтің негізін ауызекіліктің стилистикалық мағынасын көрсететін синтаксистік құрылым құрайды. Ауызекі құрылымның мөлшері ауызекі диалог құрамындағы стильаралықтан орта есеппен 3,5 есе көп болады. Осы аталған сан орташа статистикалық мәнге ие, себебі ауызекі диалог құрамында сәйкесінше стильаралық және ауызекі ойлар сан алуан болып келеді [45, 41].
Сөйлемде орта және егде жастағы, жоғары білімі бар тұлғалар қатысқан болса, ауызекі ойлардың мөлшері стильаралықтан бар-жоғы 1,3–1,5 есе артық болатын санға басып озар еді. Ауызекі құрылыстағы оқушылар мен студенттердің диалогтерінде 3,5 есе көптен есептеледі. Соған қоса, ауызекі сөйлем үшін мұндай есептеулерді жүргізу өте қиын, себебі айтылған ойлардың шекарасын айқындай алмау жағдайлары ойдың грамматикалық мәртебесі айқындалмаған жағдайда, оның стилистикалық сипаттамасы ауызекі болып біліктеледі [48, 41].
Аяқталмаған құрылыс әлсіз рәсімделген құрылымның саналуан түрінің бірі ретінде ауызекі диалогте тосқауылдар мен өзді-өзін болу нәтижесін тудыру қызметін де атқарады. Олардың туындауы көп жағдайда болады, мысалы, ойды қасақана бөлу:
Кез-келген жағдай солай болуы керек/ өйткені заң әрқашанда заң/-.
Сөйлеушінің бірінші репликасы әлсіз рәсімделген болып табылады.
Психологиялық факторлар да аяқталмаған құрылыстың туындауына ықпал етеді:
- Тек қана үлкен күш салу керек... бірақ екенін білмеймін...// (үнтаспадан көшірме).
Синтаксистік құрылымның әлсіз рәсімделуі, аяқталмауы тербелістерге адамның айтылған фразаларының сенімсіздігіне байланысты.
Біздің ойымызша, әлсіз рәсімделген құрылыс деген жалпы атаумен біріктіруге болатын, ауызекі диалогтің синтаксистік құрылымдары осындай. Алайда оның әлсіз рәсімделуі кейбір дәрежеде шартты болып келеді, сонымен қоса оны жалпытілдік жүйенің синтаксистік модельдермен салыстырғанда әлсіз деп санауға болады, олай болса ауызекі диалог үшін оның құрылымдық ұйымдасуындағы ерекшеліктер табиғи болып саналады.
Ауызекіліктің стилистикалық мағынасы, сонымен қатар, критерийленген синтаксистік құрылымға ие. Олардың ауызекі диалогте кездесуі тілдік құралдарды қолдану автоматтылығымен тығыз байланысты, сонымен қатар, оған синтаксистік құрылым да кіреді. Бұл түрдегі жасалудың мысалы ретінде белгілі жағдайларда эллипсисті ұзақ пайдалану кезінде туындайтын ауызекі клишелерді алуға болады. Бұл типті құрылымдар: «Қайырлы түн, тағы да. Жаңа жылыңызбен». Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет