Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі


Көркем шығарма жанрларындағы диалог



бет31/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
3.2 Көркем шығарма жанрларындағы диалог


Көркем әдебиеттегі диалог мәселесі өте кең арналы, алуан құбылысты, орасан ауқымды мәселе. Қандай көркем шығарманы алмайық, сюжет сыры, оқиға өрбуі сондағы кейіпкерлердің қарым-қатынасына, сөйлеу-сөйлесуіне негізделген. Шығармаға әр қилы адамдар негіз болады, олар үнемі бір-бірімен байланыста көрінеді. Суреткер әр кейіпкерін өзіне лайық мәнерімен, тіл ерекшелігін, кәсібін ескере отырып сөйлетеді. Сонымен қатар, сөйлесу жағдайлары, мағына-мазмұны, сөйлем құрылысы – әрқайсысы өзара дараланып тұрады [39, 12].
Көркем әдебиеттің ілгері-кейінді көрінген әртүрлі компоненттері, көркемдік ізденулер – проза тілінің де қалыптасу дәрежесін көрсететін факторлар. Әрине, жалпы көркем проза жанрының, көркем проза тілінің енді қалыптаса бастаған шағында ара-тұра фольклор тілінің де, тіпті сөйлеу тілі стилінің де элементтері кездесіп отырады. Шынында да, көркем проза тілі бірден қалыптаса қалған жоқ. Жазба қара сөзбен алғаш айналыса бастаған авторлар жалпы көркем прозаға тән тілдік және стильдік ерекшеліктерді, ауызекі тіл элементтерін, фольклорлық құбылыстарды бір-бірінен ажыратып отырғандықтан, кейде олар аралас жұмсалды. Бұл – проза тілі енді қалыптаса бастаған жылдардағы іздену үстінде туған кемшіліктер дейді [40, 78].
Көркем әдебиеттегі диалог, оның стилі, құрылысы – өте күрделі мәселе, сан-саналы проблемаларды қамтиды. Жалпы қазақ филологиясында төл сөздің бір түрі ретінде диалогке, оның құрамына, синтаксистік құрылымына, персонаждың тіл ерекшелігі мен жалпы
түрлеріне арнайы тоқталған толық зерттеулер жоқ. Мұның басты себебі анықталған категориялары мен белгілі шекараларының болмауы тәрізді [42].
Қазақ көркем прозасының жаңа сапаға көтерілуінің бір көрінісі болған қос үнді сөздің стильдік тәсіл ретінде кең қолданылуы дарынды талант иелері Б.Майлин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов есімдерімен тығыз байланысты. Бұл дегеніміз ғалым Е.Жанпейісов атап көрсеткеніндей: «Прозадағы жеке жазушылардың өзді - өзіне тән тілінің қалыптасуы, өзді - өзінің стилінің, яғни стиль даралығының пайда бола бастауы – жалпы көркем проза тілінің қалыптасу дәрежесін аңғартатын да фактор. Олай болса, жеке авторлардың тілінен көрінетін осы ортақ төл сөздің өзі де – қазақтың көркем проза тілінің 1920 – 1930 жылдарда өз алдына
қалыптаса бастағандығын көрсететін басты шарттардың бірі» [43, 3]
Көркем әдебиетке поэзиялық туындылар да, прозаның шағын түрлері әңгімеден бастап роман-эпопеяларға дейінгі түрлері де, көркем публицистика да, драмалық шығармалар да жататыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының тілін талдап-таныту, зерттеп-зерделеудің өз ерекшелігі бар. Осы тұрғыдан қазақ прозасы тілінің көркемдік-эстетикалық белгі-сипаттары, жетілу, кемелдену арналары арнайы қарастырылуы тиіс.
Г.Шоқым прозашының тілін тануда көркем шығарманың тілдік композициясын құрайтын тұтастықтардың автор сөзі мен кейіпкер сөзі, қос үнді сөздің, әрқайсысының алатын орнын, рөлін, көркемдік қызметін анықтап, одан әрі ұқсастықтарды құрайтын тілдік амалдарға талдау жасау орынды. Тілдік амалдардың қай-қайсысы да осы баяндау тәсілдерінің бірінің құрамында қолданып барып қана белгілі экспрессивтік-көркемдік қызмет атқарады дегенді айтады [44, 5].
Жалпы әдеби тілдің өзі де, оның ішінде қайсы бір шығарманың тілі болса да ең әуелі жеке тұрып қолданылатын бастапқы элементтерден, яғни өз алдына дара жұмсалатын қалыпты сөздерден құралады. Сол сөздердің барынша бай болуы, құнарлы келуі, айтуға жеңіл, «жүрекке жылы тиіп» тұруы, оның тағы да сол сияқты толып жатқан талап пен тілектерге жауап бере алатындай дәрежеге жете білуі қай әдеби шығарманың болса да, қайсы бір көркем туындының да басты көрсеткіші, оның табысы мен талқыдан өтер қадірлі қасиеттерінің нұры мен сәулесі іспеттес. Белгілі бір туындының тілдік ерекшеліктері туралы сөз еткенде, әңгімені әрбір сөздің қолданылу орны мен жұмсалу иіні жайында айтылатын ойдан бастаудың артықшылығы жоқ.
«Әдеби тілдің стильдік тармақтарының болуы – оның басты сипатының бірі. Тілдің коммуникативті қызметінің аясы кеңейіп, баспасөздің де құралына айналғанда, оған басқа да ерекше «міндеттер» жүктеледі. Ол «міндеттер» деп отырғанымыз – баспасөз, жазба әдебиет тілінің қоғамдық қызметі. Стиль дегеніміз – тілдің қоғамдық қызметінің әр қилы орайында тілдік тәсілдердің белгілі мақсатпен жинақталған жүйесі. Сондай тілдік жүйелерден оның стильдер топтары құралады»-дейді М.Балақаев [25, 24]. Көркем әдебиет стилі образды болып келеді, әрі эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарады. Сонымен қабат көркем шығарма стилінің басқа стильдегі әдебиеттер тілінен өз ерекшелігі болады. Көркем шығармада түрлі терминдер, ғылыми стиль, ауызекі сөйлеу үлгілері, жалпы халық тілі, барлық стиль түрлері белгілі бір мақсатта қолданылады.
Бұл жөнінде М.Балақаев, М.Серғалиев сынды ғалымдар: «...көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктері жалпы халықтық тілде кездесетін фактілердің барлығын да керегінше қолдана беруден бас тартпайды. Сондықтан көркем әдеби шығармаларда әдеби нормамен қатар ауызекі тіл элементтері де, диалектизмдер мен архаизмдер де, жаңа қолданыстар мен варваризмдер де кездесуі заңды», - деп тұжырымдайды [46, 105 б].
Басқа стильдерден көркем әдебиет тілінің және бір ерекшелігі көркем әдебиетте барлық стильдік құбылысқа тән сөз үлгілері мен саяси терминдер, ғылыми атаулар кездеседі. Сонымен қатар, М.Балақаевтың пікірінше: «Әдеби тілдің басқа стильдер түрлерінен оның елеулі айырмашылығы эстетикалық қызметте жұмсалуында. Жазушы идея тұтастығына керекті ой желісінде айтылатын сөйлемдерді, сөздерді таңдап талғап қолданады. Өйткені, сөз жалпы әдеби тілдің басты элементі болса, ол көркем әдебиет тілінің эстетикалық, эмоциялық, экспрессивтік құбылыс суреттерінің бояуы»-дейді [47, 28].
Көркем шығарма тілін зерттегенде оған бірнеше мақсат қойып, әр қырынан қарастыруға болады. Б.Шалабай көркем шығарма тілін зерттеудің бірнеше қырын атап көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет