- Ай, құдай-ай, – деп шыдамы таусылған Әбдіраш қолын сілтеп қалды. - Бір уыс кілтке ие болып жүрсің демесең, осындайда бір уыс дәнге менің билігім жүрмейді. Ана бастық өзінің айтуынсыз берілген бір уыс дән үшін менің басымды алуға әзір.Сол кісіге тағы бір кіріп, мән - жайды былай түсіндіріп айтып, ол да адам ғой, өкімет ешкімді аштан өлтірсін деген жоқ, дұрыстап айтып сұрасаңызшы, ол бер десе, мен тура сізді әуре қылмай үйіңізге өзім арқалап апарып берейін. Қайт дейсіз, тіпті енді. (М.Айымбетов. «Нәзік жаңғырық»). Ауызша сөйлеудің стильаралық құрылымның қызметіне әсері көркем диалогтегі толық аяқталмаған синтаксистік құрылым аяқталмаған ойдың ерекше интонациясымен түсіндірілетінінен көрініс табады. Жазушы бұл интонацияны сөйлем соңына көп нүкте қою арқылы бейнелейді. Аяқталмаған ойдың интонациясы кез-келген стильаралық қүрылымдарға беріле алады.
- Күмән жоқ. Әйтсе де, өзімнің тікелей қамқорлығымда болатын кісі, қыр - сырын танып алған теріс емес. Сен айтқан қызық осы болар. Өліп тіріледі.Тоқсанға келеді. Ең қызығы – сегіз жұмақтың қайсысына жібереміз? Міне, мәселе!... (М.Айымбетов. «Нәзік жаңғырық»). Көркем диалогтің сөйлемде стильаралық синтаксистік құрылым қолданылады. Алайда, стильаралық құрылым көркем диалогте трансформация процесіне ұшырайды, ол ауызша диалогтің әсерінен болуы да мүмкін, немесе фиксацияның жазбаша формасының әсер етуінен туындайды. Кітаби-жазбаша стильдің әсерінен стильаралық ой бөлісуге кітаби нышан беріледі, ол өзінің құрылымында қайталаудың, бірыңғай мүшелердің, ерекшеленген анықтамалардың пайда болуынан көрініс табады. Ауызша диалогтің әсері трансформациялық құрылым қызметінде қаратпа сөздердің, кідірістердің, ерекше интонациялардың кездесуіне әкеп соғады.
Кітаби синтаксистік құрылымдар шектеулі салада қолданылады; олардың қызметі, ең алдымен, тілдің кітаби стилінде кездеседі, мұндай сөйлемдерде ауызша диалогтердің кездесуі өте сирек. Олардың көп қолданылатын саласы – ғылыми, ресми стиль, көркем стиль (көбінесе автор сөзі). Олардың көркем диалогте қолданылуы шектеулі.
Кітаби синтаксистік құрылымның пайдаланылуы публицистикалық сипаттағы пьесаның барлық мәнмәтінмен тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі.
Кітаби синтаксистік құрылымдар тарихи-публистикалық драмада кеңінен қолданылады. Кітаби синтаксистік құрылым көбінесе көркем диалогтің монологиялық үзінділерінде кездеседі.
Жазбаша формада дүниеге келуі көркем диалогтегі кітаби құрылыстардың өзгерісіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты олардың синтаксистік құрылымы күрделене түседі, оның құрамына тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер енеді.
Көркем шығарма мәтініндегі диалогте кітаби синтаксистік құрылым жиі кездеседі, ол көркем диалогтің ауызша диалогтен басымдығына байланысты.
Сөйлемде лексика-грамматикалық құрылыммен құрылмаған кідірістер пайда болады, ол мәтінде көп нүктемен көрсетіледі; кітаби сөйлемде қаратпа сөздер кездеседі; кітаби синтаксистік құрылым аяқталмаған сөйлем ретінде қолданыла алады.
Жеке сөздерді, сөз тіркестерін де әр түрлі экспрессивті бояуда жұмсау – ақын-жазушылардың әрқайсының стиліне байланысты болады. Демек, сөздің экспрессивті бояуының әр ақын-жазушыда өзінше болып берілуі де осыдан. Әрине, бұл экспрессияның стильдік негізгі категория екендігін білдіреді. Бұл жөнінде Е. Винокуров былай дейді: «Әр адамның жүрек қойнауында эмоциялық қор, дәрі қоймасы бар. Ақын міндеті – соны детонатормен бұрқ еткізе түсу» [35].
Күрделі сөйлемде кідірістің пайда болуы кейіпкердің қобалжуы мен эмоциялық жағдайының орын алуымен байланысты.
- Сен бе... Сен ... Қашан келдің? Бұл сөйлемде кейіпкердің кідірісі көптен көрмеген жолдасына таңырқау эмоциясында көрсетіледі.
Күрделі сөйлемде кідіріс, сондай-ақ, ауызша сөйлеу стилистикасы қызметін атқарады.
– Мен ертең қалаға жүремін... Естідің бе... Неге жауап қатпайсың? Мен саған айтып тұрмын.