Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет37/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөйлеу жағдаятындағы тыңдаушының әрекеті алдын-ала болжаумен байланысты қалыптасатындығы туралы біздер жұмысымызда көрсетіп, атап өттік. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Сондықтан диалогтің күнделікті тұрмыста қолданылатын сөйлеу түрлерін және әлеуметтік, этникалық, психологиялық көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып, диалогтің түрлерін жіктедік. Сонымен қатар, төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алып отырдық деп айта аламыз, олар: коммуникативті ынтымақтастық принципі диалогті сөйлеу формасы ретінде айқындаудың жалпылығы мен орнықтылығын белгілейді. Әрекеттесу принципі сөйлеудің құрылымында әңгімелесушілердің екеуінің де белсенді атсалысуын ұсынады. Әсер ету принципі әрекеттестік принципімен тығыз байланысты. Коммуникативті-прагматикалық үстемдік принципі сөйлесімнің нақты коммуникативті-прагматикалық құрылымы семантикалық құрылымның бір компонентінің үстемдігіне байланысты болады. Коммуникативті толықтық принципі коммуникативті үстемдік принципімен тығыз байланысты. Алдын алу принципі адамның жиған тәжірибесінің нәтижесінде коммуникация процесінің өту барысына сай белгілі реакцияға дайын бола алу қабілеттілігі.
Көп жағдайда, сөйлеу лексикасы ауызекі диалогінде жиі кездеспегенімен, ол оған біршама қажет, ол диалогті көркемдете, еркіндете және жандандыра түседі. Ауызекі сөйлеу лексикасының қолданысы белгілі бір қатынастарда көрінеді.
Монологте кездесетін лексикалардың, синтаксистік құрылымдардың қайталануы түрінде тілдік бірліктер арқылы көрінуімен қатар, прагматикалық көрсеткіштердің қатысуы арқылы да жүзеге асады. Біріншіден, шағылыстың қалыптасуы болса, екіншіден, ынтымақсаттық принципін сақтаумен байланысты астарламалардың, пресуппозиция көрсеткіштерінің сөйлеу мәнбілерін де байланыстырушы, дамытушы қызмет атқаруы екенін атап өттік. Жалпы диалог құрамында дайын қалпында прагматикалық мақсатта жұмсалатын сөйлесім түрлері бар және өзара жұмсалу мақсатының түріне қарай ажыратылды
Сонымен қатар, сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылатындығын сөз еттік: біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді, екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика жұмсалады, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасатындығын, үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді.
Көркем шығармадағы диалогтің зерттелуі оның табиғатына сәйкес таңдап алынған, атап айтқанда көркем шығарма тілінде алуан түрлі болып көріне отырып, драмалық ауызекі сөйлеу тілін жазба тілде сипаттайды. Көркем шығарма диалогте сөйлеу тілі қалай бейнеленеді және қарапайым сөйлеу тілінен айырмашылық неде деген сұрақ туындайды. Әдетіндегі, сөйлеу тілі жазба әдеби тілден ауызекілігімен, өзіндік қарым-қатынас түрімен, диалогтілігімен, бейресмилігімен т.б. паралингвистикалық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Сөйлеу тілі бірқатар экстралингвистикалық факторлық өзгеріске ұшырайды, атап айтқанда: ауызша айтылған сөз жазба түрде беріледі, паралингнвистикалық бірліктердің үлес салмағы өзгереді, қарапайым сөйлеу тілінің орнына автордың мұқият құрған мәтінді сөйлеу тілі қолданылады.
Тіл материалдарының іс жүзінде көрсеткеніндей эмоционалды шиеленіс тудыру үшін автор бір баяндауда бірегей синтаксистік тәсіл қолданбайды, керісінше, тұтас, бүтін комбинация жасайды, оның құрамында әр түрлі стильдік синтаксистік образдар болады, осылар күрделі, көп сатылы, тұтас синтаксистік комплекс болып шығады.
Тіл коммуникациясының мақсаты тек хабарлап, баяндау емес, тыңдаушыға қалай әсер ететіндігінде.
Сондықтан жазушы оқырманның назарын бір не басқа шығарма элементіне аударғысы келсе, ол синтаксистік конвергенцияның белгілі тәсілдері – шоғырландыру, хабарлау, баяндау интенсивтілігін өсіру, оқшаулау сияқты түрлерін пайдаланады, сөйтіп, сөз зергері оқырманның назарын баяндаудың басты маңызды тұстарына ерекше аудартады, мазмұндау динамизмін күшейтеді, оқырман текст мазмұнын тереңдеп бойлап түсіну үшін қажет. Сонымен, мәнерлілік тәсілдер мен стильдік амал өз бойларына стильдік зарядтары бар, көркем шығарманың белгілі бір бөлігінің күшейтпелі экспрессивті шиеленісін синтаксистік конвергенция тудырады, олар авторлық интерпретацияны анық та айқын етіп жеткізеді. Синтаксистік конвергенция деп құрылым /комбинация/ синтаксистік мәнерлілік тәсілдер мен стильдік амалдардың контексте қатар келіп, қолданылуын айтуға болады.
Жалпы көркем шығарма мәтінінде кейіпкер бейнесін ашу үшін диалог құрамында төмендегідей лингвистикалық және экстралингвистикалық бірліктер мен факторлар қызмет атқарады: қысқа (толымсыз) сөйлемдер, қысқартылған сөздер және сөз тіркестері, 3барлық функционалдық стиль ерекшеліктерінің көрсеткіш бірліктері, қимыл, ым т.б., көңіл-күй және экспрессия белгілері, кейіпкердің ішкі және сыртқы дүниелерін сипаттайтын ұтымды тіл бірліктері, сөйлесім сәтінің (ситуацияның) түрі, диалогке қатысушы кейіпкерлердің бір-біріне деген көзқарастары.
Сонымен, кейіпкер бейнесін ашуда диалогтің көркем шығарма мәтініндегі қызметі өте терең, өте кең. Әр диалог кейіпкер бейнесінің бір қырын ашып беретін шағын модель, сондықтан да диалогті адамның ішкі дүниесінің сыртқы суреті деп атайды. Бұл көріністер ауызекі сөйлеу тілі мен көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің ара жігін ажыратады.
Ауызекі сөйлеу тілінің диалогтің лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктері қазақ тіл білімінде алғаш рет диалог тілдесім үдерісінің бір моделі ретінде зерттеліп, оның тілдік және тілдесімдік ерекшеліктері анықталды. Ауызекі сөйлеу және көркем шығарма мәтініндегі диалогтің лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды. Қазақ тіліндегі диалогтің пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі көрсеткіштері бірдей екендігі жарияланды.
Жұмыстың материалдары мен қорытындылары қазақ тіліндегі тілдесімнің бір үлгісі диалогтің түрлерінің және диалог туралы концепциялардың араларындағы сабақтастықты мәліметтеуде үлкен орын алады. Қазақ тілінде тілдесім жайындағы ғылыми ой-пікірлерді толықтырып отырады.
Әрбір тілдік құбылыстарды лингвистикалық стиль тұрғысынан алып қарастыру, сондай-ақ, оларды сипаттамалы (сипаттау) және баяндау әдісі, компоненттік талдау әдісі, стилистикалық эксперимент әдісі, статистикалық әдіс, құрылымдық талдау әдістерімен зерттегенде, жұмыстың нәтижелі, салмақты болып келетіндігі үнемі назарда ұсталды. Ретті жерлерде әрбір сөз, әрбір формант, сөйлемге байланысты тиісті байқау мен барлау мәселелері де ұмыт қалмады.
Бір сөзбен айтқанда, осы еңбекте көркем шығарма мәтініндегі диалог пен ауызекі диалогтің тілдік ерекшелігі ретінде жекелеген сөздердің, грамматикалық тұлғалардың қолданылу қисыны мен жұмсалу сипаты сөз болды. Әрбір тараудан соң олардың тұжырымдары да өз орындарына қарай беріліп отырды. Еңбек жазу барысында біз ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалогтің лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктерінің сипаттамасын толық қарастырғандай болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет