Кіріспе І диалог және оның тіл білімінде зерттелуі



бет35/39
Дата09.02.2023
өлшемі186,15 Kb.
#66547
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Драмадағы диалог
Сөйлеу тілі өзіндік сипатта болады және қарым-қатынас жағдаяттары жеке коммуникацияға тән. Бұл экстролингвистикалық факторлар өздерінің қызметін әр түрлі тілдік деңгейде көрсетеді, әсіресе сөйлеу тілінің белгілері коммуникацияның жеке тәсілдерімен синтаксистік деңгейде айқын байқалады. Сөйлеу тілінде негізгі (конституативті), эллипсис, сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі болады. Синтаксистік деңгейде сөйлеудің белгі беретін сапасы ретінде сөйлеу тілінде толымсыз сөйлемдер пайдаланылады. Дегенмен, олардың мағынасы көркем диалогте диалогке қатысушыға да, үшінші жаққа да, бөгде біреуге де айқын болады. Көркем диалог өнерінің құралы ретінде тұрмыстық қатынасы бейнелейді. Сөйлеу белгісін қарастыруда лексикалық деңгейдің қиындығы сонда, қазіргі күнде сөйлеу тіліндегі лексикалық жүйенің әлі біркелкі даусыз ғылыми ұстанымдары жоқ. Солай бола тұра, кейіпкер тіліндегі сөйлеу тілінде лексикалық бірліктерді талғау кейіпкер таңдауымен анықталады, әрине, кәдімгі кейіпкер тілі үшін. Диалогтегі сөз семантикасына анализ жасауда ерекшеліктер байқалады. Драмадағы диалог сөйлеу тілі диалогіне бағынышты бола отырып, коммуникация заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай, оқырманға эстетикалық әсер ететін жаңа өріс қалыптастырады. Диалогтегі қосалқы сөз мағынасы реалистік драмада жазушының барлық көркемдік жүйесі және идеялық талпыныстарымен сәйкес келе отырып, эстетикалық жағынан бірден-бір әсер ете алады. Драмалық стиль тарихынан белгілі бұл сөйлеу тілінің ерекшеліктері әр жазушының өзіндік әдіс-тәсілдері арқылы көрініс береді. Характерлерді өңдеудегі белсенділік дәрежесі және диалогтегі сөздің семантикалық күштілігін таңдау арқылы драматург шеберлігін айыруға болады. Мәселен, жазушылар көркем шығарма жүйесінде сөзді жағдаятқа қатысты ұғыну маңызды сюжеттік рөл атқарады, ал этимология мен әлеуметтік-тілдік қолданыс комизм тіл бірлігі ретінде ғана пайдаланылады. Бірқатар драматургтердің шығармаларындағы кездесетін психологиялық диалогтегі сөздің мағыналық толығуы апперцепция заңдылықтарымен байланысты. Ал, кейбіреулерінде сөз эмоционалды-субъективті жағынан жетіліп, басты бола отырып жанданады.
Драматург пьесаларында семантикалық қарама-қарсылықтағы маңызды рөл, оның жалпы стиль заңдылықтарымен, яғни кейіпкер тіліндегі семантикалық-стилистикалық принцип құрылымымен байланысты.
Қазақ драматургиясында образ жасауда сол образ арқылы кейіпкер тілі үлкен рөл атқарады. Драматургтің сөз қолдану ерекшелігі, сөз оралымдары, сөйлем құрылысы кейіпкер тілінен көрінеді. Кейіпкер тілі тілдік қабаттың экспрессивті жүгін көтеріп тұрады. жазушы жеке тұлғаның образын ашуда оны сөйлету арқылы стильдік жүк артады. Кейіпкер тілі образды ашады. Орыс тіл білімінде кейіпкер болмысын танытатын тілдік құрал – диалог екенін бірқатар ғалымдар өздерінің еңбектерінен көруге болады. Атап айтқанда, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, В.В.Виноградов, В.М.Лагутин. Кейіпкерлер болмысын айқын танытатын тілдік тәсіл – диалог деп көрсеткен [69,4].
Көркем шығармада драматургиялық шығармаларда «ең қиын, талабы қатаң» жанр саналу себебі, кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды тікелей оқиғаға қатыстырып отыратын автор дей тұра, оқырман санасында «автордың өз бейнесін сырт қалады» деген түсінік қалыптасуы қажет. Драматургия саласының қиындығы – оған қойылатын шарттылықтардың көптігі және көлемі жағынан шек қойылуы. Драмалық шығарма тек қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек диалог пен монологке негізделген. Драмада суреттеу, баяндау әдіс-тәсілдері тікелей жалаң сөзімен іске асады. Кейіпкерлердің бір-бірімен сөйлесуі арқылы характерлер ашылып, күшті тартыс өршіп, өмірдің кесек шындығы ішкі иірім-қалтарыстарына шейін толық ашылуы шарт.
Драмалық шығарманың әсерлігі – тілінде. Бұл жанрдың басқа жанр түрлерінен ерекшелігі – «жанды» құбылыс екендігі және драмада өмір шындығы авторлық акцентпен алшақ тұрады. Автор кейіпкерді сөйлетіп, көркем жанр жасайды, ал кейіпкерді сөйлету кәдімгі сөйлеу тілі болмақ.
Драма тілі қысқа, тұжырымды, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындық ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Қимыл-әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма жоқ. Қазақ драматургиясында образ жасауда кейіпкер тілі орасан зор рөл атқарады. Драматургтің сөз қолдану ерекшелігі, сөз оралымдары, сөйлем құрылысы кейіпкер тілінен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет