Кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет9/10
Дата12.05.2022
өлшемі109,62 Kb.
#34206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ҚОРЫТЫНДЫ

Біз өз зерттеу жұмысымызда осы салада пайдаланатын ұғым, түсініктердің мәнін ашып, өзектілігін дәлелдедік. «дарын», «дарындылық», «қабілеттілік» тағы басқа ұғымдарға дара тоқталдық.

Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де, осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасы жоқ. Дарындылықтың пайда болу туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық.

Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген, және дағдарысы мен дарындылық табыстылығы арасында қарама-қайшылық бар. Дарныдылық нәресте шақтан пайда болады, ол үнемі дамытуы қажет етеді.

Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы түрі жағынан бірлескен-диалогтық, ал мазмұны жағынан танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Осыған байланысты дарынды баланың жеке тұлғалық дамуы жүреді.

Қабілетті біріккен іс-әрекет контекстінде субъект - убъект қатынасы ретінде қарастыру ғана, нышандардың дарындылыққа айналу механизмдерін түсіндіруге көмек береді.

ХХІ ғасырдағы білім беру дарынды балаларды айқындау мен диагностика ұйымдастырудың жаңа жолдарын талап етеді. Баланың дарындылығын айқындау, дамыту мәселесі нақты көрінетін, баланы қарқынды физиологиялық, интеллектуалдық шағына сәйкес келетіндігін, әрі этникалық аспектіге негізделетінін білдік. Дарынды баланың психикалық даму деңгейін анықтап, жалпы және арнайы қабілеттілігінің даму мүмкнідіктерін аштық.

Дарынды баланың дамуындағы кедергілер анықталды.

Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көпжақты, көп құрылымды, көп сипатты мазмұнды да, мәнді де, құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.

Әдебиеттерге шолу жүргізу, бізге дарындылық мәселесін әр түрлі көзқараста жүргізуге көмектесті. Берілген жұмыста дарындылықтың оқушыларда қалыптасуы мен дамуына көңіл бөлінді. Бұл зерттеу жұмысы дарындылық проблемасы бойынша көптеген сәйкес жұмыстарды толықтырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет