Кіріспе кіріспе



бет10/29
Дата06.03.2022
өлшемі2,71 Mb.
#27136
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

Неміс автономиясы

Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшіп келген еді. КОКП ОК-нің 1979 жылдың көктемінде олар үшін Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешімі қазақ халқының мүдделерін тұтастай аяққа басудың көрінісі болып табылады.Қазақстанда Неміс автономиялық облысын құру Целиноград оқиғасы деп аталды. Целиноград қаласында неміс автономиясын құруға қарсылық шеруі 1979 жылы 16 маусымда өтті. Қазақстан Компартиясы ОК-нің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов тарапынан жасалған екен. Бұл мәселе қойылғанда қатынасып отырған Қазақстан басшылығы үнсіз қалады. Бұл аз болғандай, Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөнінде комитет құрылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы А.Коркин басшылық етті. Комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болуға тиіс деген ұйғарым жасалды. Автономия құрамына сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілуге тиіс болды. Неміс автономиясының құрылуы туралы хабар Қазақстан жеріне, әсіресе оның солтүстік бөлігіне, лезде тарап кетті. 1979 жылғы маусымның 16-сы таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастрадың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар тақтайшалар болды. Көп ұзамай қала орталығы демонстранттарға лық толды. Осы оқиғаны көзімен көргендердің айтуына қарағанда, митингіде сөйлеушілердің сөзі дәйекті де байсалды болды. Олар Қазақстанның кеңес республикасы және көп ұлтты Кеңес Одағының құрамдас бөлігі екендігін айтқан. Бұл жерде ондаған жылдар бойына қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және көптеген басқа халықтардың өкілдері қоян-қолтық бірлесіп еңбек етті. Енді келіп осындай республикада оның Жоғарғы Кеңесімен, халқымен ақылдаспастан, ойда жоқта неміс автономиясы құрылмақшы. Митингіге қатысушы бір студент: «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз», - деді. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жіберуге тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шет түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Келесі шеру маусымның 19-ы болды. Митингіге қатысушылардың алдына облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов шықты. Өзінің ұзаққа созылған шашыраңқы сөзінде Морозов қалай дегенмен Ақмола облысында ешқандай автономия құрылмайтындығына жұрттың көзін жеткізе білді. Дегенмен жұрт дүрлігіп қалған еді. Толқулар басқа елді мекендер мен облыстарға қанат жайды. Алайда біраз уақыттан соң дүрлігіс саябыр тартты. Бірақ республика басшылығы мен МХК бұл шерулер туралы ақпаратта таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөз де бұл оқиғалар туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Алайда Ақмолада 1979 жылы болып өткен толқулар туралы қауесет республикада ұзақ уақытқа дейін тыншымады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет