«Қарапайым салкалар» Дайындық. Ойыншылардың біреуі – «Салка». Бұл ойыншы қолына көзге түсер орамал алып, ойынның басталар алдында, алаңның ортасына тұрады. Қалған ойыншылар алаңдағы кез-келген орынға тұрады.
Бейнелеу Ортада тұрған ойынша орамалды көкке көтеріп «Мен – салка!» деп айқай салады. Осыдан кейін ол ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін қолмен тигізуі керек. Егер ол бір ойыншыны жетіп алса, сол «Салка» болады, оған орамал беріледі. Ойыншылардың ішінде «Салка» болған ойыншы жеңіледі.
Ереже. 1. «Салка» болған ойыншы басқа ойыншыны ұстап алар алдында «Мен – салка!» деп айқайлау керек.
Жаңа «Салка» болған ойыншы сол уақытта басқаны ұстауға болмайды.
«Бір аяқта тұрып салка болу»
Дайындық. Ойыншылардың ішінен «Салка» сайланады, қалған ойыншылар кез-келген орынға орналасады.
Бейнелеу «Салка» бір аяқта секіріп, басқа ойыншыны жүгіріп, ұстап алуға тырысады. Жетіп алғаннан кейін олар рөлдерімен ауысады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгісімен басталады.
2. Уақыт аралығында аяқты ауыстырып отыруға болады, бірақ жүгіріп кетуге тыйым салынады.
«Таңбаланған» Дайындық. Ойыншылар ішінен ойын жүргізушіні – «таңбаланғанды» таңдайды.
Бейнелеу . Қалған ойыншылар алаң бойынша жүгіреді, ал «таңбаланған» оларды ұстайды. Ұсталған ойыншы «таңбаланған» болады.
Ереже. Егер «таңбаланған» жүгіргенде, ойыншының басқа ойыншы жолын жауып тұрса, онда қуып жүрген ойыншы керісінше ойыншыны ұстап алуы керек.
«Атты-спортшылар» Дайындық. 2 м аралығында алаңның ұзындығы бойынша «тұрақ» құрады. Олардың саны ойыншыларға қарағанда 3-ке кем болуы керек. Барлығы бір шеңберде тұрады. Әрбір «ат үстіндегі» ойыншы спорттық аттың шығуын суреттейді.
Бейнелеу.Оқытушының айтуы бойынша, «аттың қадамы!» дегенде ойыншылар жүре бастайды, тізесін биікке көтереді, тізесі қолдың алақанына жетуі керек. «Бұрылу» командасында «аттылар мен аттар» дөңгеленіп бұрылады. «Желе жортып» деген командада «аттар» шеңбер бойынша жүгіреді. Бұйрықтар 2-3 рет қайталанады. «Тұраққа!» бұйрығымен барлығы жүгіріп, белгіленген орынға тұруға ұмтылады. «Тұрақсыз» қалып қойған «аттар» жеңіледі.
Ереже. 1. ойында барлығы тізесін биікке көтеріп жүгіреді, ережені бұзғандар жеңілген болып табылады.2. Бір-бірін итеруге тыйым салынады.