«Табандар және шортандар» Дайындық. Ойыншылар – «тбандар», тек бір ойынды басқарушыдан басқалары 2-3м бөлменің қысқа жағында сызылған сызықтан кейін тұрады. Екінші сызық қарам-қарсы жақтағы оқу орынында белгіленеді. Алаңның ортасында ойынды бастаушы «шортан» орналасады.
Бейнелеу Оқытушының белгісімен «табандар» қарама-қарсы жақтағы сызыққа қарай өтеді. «Шортанмен» ұсталған «табандар» шетке қарай тұрады. Жүгіріс қайталанады. Ұсталған «табандар» бірнешеу болғанда, олар қол ұстасып «ау» құрады, ол арқылы ойыншылар жеңіл өтеді де, кейін олар «себет» құрады, бұл жерде бүкіл «табандар» өтуі керек. «Шортан» «табандарды» «себттен» тыс ұстайды.
Ереже: ойын оқытушының белгісімен басталады.
«Допқа тура тигіз». Дайындық. Ойыншылар бір-бірінен аралығы 18 м болатын 2 тізбекке тұрады. Алаңның ортасында волейбол добы орналасқан.
Бейнелеу 1-ші қатардағы ойыншыларға кішкентай доп таратады. Оқытушы белгі бергенде, ойыншылар кішкене допты ортада тұрған волейбол добына тигізуі керек. Допқа тигізген кішкене доптар шетке қарай қойылады. Бұл доптарды қарама-қарсы тұрған ойыншылар жинап алып, енді өз кезектеріне кіріседі. Допқа тигізген сайын ол ары қарай жылжиды. Қай команда допты сызытан асырса, сол жеңімпаз атанады.
Ереже. 1. Ойын оқытушының белгі беруімен ғана басталады. 2. Командалардың допқа лақтыруы шексіз болады.
«Нөмірлерді шақыру» Дайындық. Ойыншылар 2-4 команда болып бөлінеді және бір-біріне параллель тұрады.
Бейнелеу Әр топта ойыншылар санаққа түседі. 2 м аралығында ойыншылар тұрған жерде, мәрі сызығы сызылады. Жол бойы 10-15 м аралығында таяқшалар қойылады. Оқытушы ойыншыларды нөмірлерін атап шақырады, бірақ өз қалауы бойынша. Кейбіреуін екі реттен шақыруы мүмкін. Шақырылған ойыншылар қатардың оң жағынан жүгіріп шығуы керек. әрбір жүгіріп келген ойыншы қайта өз орнына тұрады.
Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ұпайы ең көп команда жеңіске жетеді.
Ереже. 1. Егер, екі команданың ойыншылары мәреге бірге келсе, онда ұпай ешкімге берілмейді.
2. Егер ойыншы мәреге дейін жетпесе, ұпай оның қарсыласына беріледі.
«Бір төмпешіктен екінші төмпешікке»
Дайындық. Ойыншылар 3-4 топқа бөлініп, сызықтың қасына тұрады. Жүгіру сызығынан мәреге дейін 10-12 шеңбер – «Төмпешік» сызылады. Диаметрі 25-30 см.
Бейнелеу Оқытушының белгі беруімен ойыншылар «Төмпешіктен» «Төмпешікке» секіреді. Мәреге жеткеннен кейін, жүгіріп қатуы керек. Бірінші болып жүгіріп келген ойыншыға ұпай беріледі. Ойын бірнеше рет өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже. Ойын оқытушының белгісімен басталады.