Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет13/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

Сезім қасиеттері. Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық даму тарихына байланысты көптеген ерекше сипаттағы қызметтерді атқаратын болды.
Сезімнің бейнелеу қызметі оқиғаларға жалпыланған баға беруде көрінеді. Көңіл-күйдің бүкіл ағзаны билеуінен, сезім арқылы қандай да әсердің пайдалы не зиянды екенін оның салдары денеге белгілі бір таңба түсірмей тұрып ақ байқап, жауап не қорғаныс әрекетке келеміз. Мысалы жолды кесіп, өтіп бара жатқан жолаушы көшедегі көлік қозғалысын барластырумен әртүрлі деңгейдегі қорқыныш сезімінде болуы мүмкін. Оқиғалардың эмоционалдық бағамы адамның дара толғаныс қабілетінің негізінде берілуі ықтимал, бірақ мұндай сезімдік нәтиже көбіне өнер туындыларымен көпшілік ақпарат құралдары, т.б. арқылы басқа адамдармен қатынас жасау барысындағы көңіл-күй ортақтастығынан қалыптасады. Сезімнің бейнелеу қызметіне орай адам қоршаған ортада бағыт-бағдар топшылайды, заттар мен құбылыстарға қажетігіне қарай баға береді. Бұл тұрғыдан сезім ақпарат алды немесе хабар жеткізу міндетін атқарады. Денеде пайда юолған күйзеліс не көңіл-күй жайсыздығы адам қажеттіліктерінің қалайынша қанағаттандырылып жатқаны, кезігетін кедергілердің сипаты туралы, ең алдымен неге назар аударылуы қажет екендігі жөнінде субьектіге ақпарат жеткізеді.
Сезімнің ақпараттық небейнелеу мүмкіндігі ниеттеу немесе ынталандыру қызметімен тікелей байланысты. Мысалы, жолаушы алдына жақындап қалған транспортты көре, қауіп төнгенінен қадамын жеделдете түседі. Затқа одан кері бағытталған құмарлық, тілек, ұмтылыс эмоцияның өзіне тән, одан ажырамас, бірлікті құбылыстар (С. Л. Рубинштейн). Алда тұрған мәселенің шешілу жолына бағыт беретінде осы сезімдер. Эмоционалды толғаныс мазмұнында қажеттіліктің қанағаттандырылуы үшін керек заттың бейнесі көрініп, содан заттың өзіне деген әуесқойлық пайда болып, ол өз кезегінде адамды әрекетті орындауға ниеттейді, ынталандырады.
Оқу процесіне тікелей қатысына байланысты сезім қуаттау, қолдау қызметінде атқарады. Күшті эмоциональды көңіл-күйге себепші болған оқиғалар оқушы санасында жеңіл қабылданып, ұзақ уақыт есте сақталады. Табыс не сәтсіздік сезімдері баланың оқуға болған ынтасына күш, қуат беріп не оны тіпті өшіріп жіберуі мүмкін.
Белгілі сәтте маңыздылау қажеттілікті таңдау барысында сол қажеттілікке негіз болар көп сеп-түрткілердің таласы туындайды. Осы жағдайда сезімнің ауысы қызметі іске қосылып, эмоция адамды қандай да талғамға бағыттайды. Мысалы адам өзінің тума жан сақтау ниеті мен қоғамда қабылданған әлеуметтік талаптар арасындағы қарама-қарсылықты жеңе алмай, күйзеліске түсетіні белгілі, яғни қандай да әрекетті істейін десе - өз тіршілігіне зиян, істемесе – ұят, көпшіліктің сынына ұшырайды. Осындай қорқыныш және борыш, қорқыныш және ұят тайталасында сезім мәнін, оның өз талғам – талабына сай келу, келмеуін барластырумен адам көздеген іс-әрекетін сол сәттегі қажетті арнаға ауыстырады.
Жоғарыда аталған сезім қызметімен сыбайлас эмоцияның икемдесу қызметін де атап өткен жөн. Ч. Дарвиннің пікірінше сезімдер тіршілік иелерінің өз қажеттілігіне орай келген жағдайларды анықтау құралы ретінде пайда болған. Дер кезінде организмде пайда болған эмоциядан жануар қоршаған ортаға икемделу мүмкідігіне келген.
Сезімнің коммуникативтік (ақпарат алмасу) қызметі де адам өмірінде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыстары сезімдік белгі ретінде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөніндегі өз қатынас талғамын басқаларға жеткізуге жәрдемін тигізетіні белгілі. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы, бәрі де сезім «тілі» болуымен, адам ойынан гөрі оның көңіл-күй кейпін айқындау танытады. Зерттеулер дәлелденгендей, сезімдердің бәрі бірдей анықтала бермейді. Мысалы, өте айқын білінетін – үрей (сыналғандардың -57), одан кейін – жиіркеніш (48), содан кейін – таңдану (34).
Коммуникативтік қызмет аймағында сезім арқылы адам өзін қоршаған сыртқы ортаға не ішкі жан дүниесіне ықпал жасау қабілетіне ие. Мысалы, есейе қоймаған сәби шатқаяқтап жылағанымен ата-анасын өз дегеніне көндіретінін сезе қояды да, бұдан былай осы әдісті жиі қолданып, мүддесіне жетуді әдетке айналдырады.


Сезім негіздері. Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестермен байланысқан. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістерінде дегенмен, олар бүкіл дене әрекет қимылына әсер етеді. Осыдан мысалы, көңіл-күй қандай да күйзеліскен келсе, қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшаңдайда не бәсеңдейді, қан қысымы ауысадыне кемиді т.б. Нәтижеде бір жан толғанысынан адам қызарады, екіншісінен бозарады. Сезімдік өмірдің барша өөзгерістеріне өте нәзік адамның жүрек ағзасы. Халық ауызында көп жағдайға байланысты «жүрегім қатты соғып тұр», «жүрек шыдамайды», «жүрегім орнына түсті», т. б. Сөз тіркестерінің жиі қолданылатыны осыдан. Дене мүшелерінің қай-қайсысындағы болмашы өзгеріс жүрекке әсерін тигізбей өтпейді (ас қорыту, тыныс алу, бездер жүйесіндегі т.б.).
Алайда, адам организмінің құрылымы симпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді. Адреналин дене ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды: қауіп-қатер төнгенде бұлшық еттерге қан жеткізу күшейеді, ас қорыту ағзаларының жұмысы бәсеңдейді, ішкі органдардан қан сыртқа тебеді. Бұлшық еттерге қарқынды әрекетке келуі үшін көп мөлшерде қант жеткізіледі, себебі қант-бұлшық ет қуатының негізі.
Сезімдердің пайда болуы мен қалыптасуына үлкен ми жарымшарлар қабығы маңызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісімен көрінісін реттеп, денедегі барлық құбылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын тежеумен оларға басшылық етеді. Егер ми қабығында шектен тыс қозу туса, (шаршағанда, ішкіліктен), қабықтан төмен жайғасқан ми бөліктері ырықсыз әрекетке келіп, адам өзінің әдеттегі ұстамдылығынан айрылады. Үлкен ми жарымшалары алынған жануар болмашы себептен күшті әрі тұрақты эмоционалды күйзелісте болады. Ал кең жайыоған күйзеліске тап келсе, мұндай жануар сылбыр халге түседі, оның әрекетқылығы әлсірейді, жүрек қан тамыр жұмыстарымен тыныс алуы бәсеңдейді.
Сезімнің негізі болған физиологиялық процесс бастауын ми қабығында ала отырып, төменгі қабық асты орталықтарына тарайды. Эксперименттер кезінде мидың кейбір аймақтарын қоздырса жағымды эмоция туып, жануар сол әсердің қайталанғанын қалау сыңайын танытқан. Бұл ми бөлігі рахаттану орталығы аталған. Ал екінші бір ми аймағына әсер түскенде, жануар тынышсызданып, қиналған күй көрсеткен, осыдан мұндай жүйке жүйесі қиналу орталығы айналған. Осы күнде мидың сол жарым шарында жағымды эмоциялар туындап ал оң жарым шарында жайсыз сезімдер өріс алатыны дәлелденіп отыр.
Адамның эмоционалдық өміріне қуат беруші жүйке – ретикулярлы формация деп аталады. Әртүрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып, ретикулярлы формация оларды өңдеп, бас миының үлкен жарым шарларына жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке ми белсенділігін көтереді не төмендетеді, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап әрекеттерді босаңсытады не іркіп барады.
Адамның сезімдік болмысында екінші сигналдық жүйенің маңызы үлкен. Толғаныс тек сыртқы әсерлерден туындап қоймайды, ол үшін сөз бен ойдың ықпалы күшті. Осыдан адам кітап оқудан не ақпарат естуден белгілі эмоциялық күйге түседі. Жоғары адами сезімдердің интеллектуалды, моральдық, эстетикалық- физиологиялық негізі осы екінші сигнал жүйесінде.
Екінші сигналдық жүйенің бірінші сигналдық жүйемен біртұтастық байланысынан адам өз сезімдерімен олардың қоғамға сай тысқы көріністерін саналы реттеп отырады.
Басқа тұлғалардың сезімдік кейпін олардың мәнерлі қозғалыс қимылдарынан, ым-ишарасынан, мойын бас бұруынан т.б. айқын тануға болады. Әрбір сезімнің өзіне сай әрекет түрі бар. Мысалы қорыққанда көз аларады, діріл пайда болып, бет бозарады, ал қуаныш жануар жарқылынан, бет қызаруы, әрекеттер жеделдеуінен білінеді.
Сезім әрине біздің ойымыз ғана емес, сол ойға болған қатынасымызды да білдіретін сөзіміз бен сөйлеу мәнеріміз де анық көрінеді. Мұндай дауыс ырғағының да рөлі үлкен. Осыдан біз тіпті де түсінбейтін тілде айтылып жатқандытыңдай отырып, айтушының қандай күйде екенін қалтқысыз тануымыз мүмкін. Толғаныстардың түрлі мазмұнына орай сөйлеу қарқыны өзгереді, сөйлем құрылымы бұзылады.
Сезім әлпеті ол сезімдердің өздері сияқты қоғамдық сипатқа ие. Әрқандай қауымның өзі қабылдап, қалыпқа айналдырған әдептілік, кішіпейілділік, тәрбиелілік шектері әр түрлі. Сезімдік әрекет қимылдардың шектен тыс болуын кейбір адамдар тәрбие кемшілігі деп біледі. Ал екіншісінде – бұл жағдай жалғандықпен ұштастырылады. Адамдардың жиі араласып қатысуынан сезімдік әрекеттер баиды, бір түрге бірігіп сан алуан эмоция реңктерін жеткізудің жалпыланған қорына айналады. Сонымен сезім білдірудің формаларымен олардың қолданымы нақты қоғамдық қатынастармен анықталып, әлеуметтік бақылау обьектісін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет