Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет2/16
Дата30.11.2022
өлшемі102,56 Kb.
#53633
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Псих. курс жұмыс С.Е.

Зерттеудің мақсаты: Эмоциялар және сезімдердің қалыптастырудың жолдарын ашу.
Зертеудің міндеттері:
-эмоцияны – мінез – құлық негізіне жататын феномен ретінде қарастыру;
-эмоция және тұлға мәселелерін теориялық тұрғыдан талдау;
-эмоциялық жағдайлар психологиялық шарттардың ерекшеліктері ретінде
қарастыру;
-сезім түрлерін, оның ішінде жоғарғы сезімдерді ажырата білу;
-сезім және эмоцияның физиологиялық негіз ретінде қарастыру;
-сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу;
-сезімнің ерекшеліктері, қасиеттері мен негіздерін ажырату.
Зерттеудің негізгі көздері: Психология негіздері жөніндегі еңбектер және білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелері.


Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
І – тарау. ЭМОЦИЯ
1 Эмоция және оның түрлері
Эмоция (латын тілінен аударғанда, «emovere» - уайымдау, қозу) – индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалыптасқан.Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда. Эмоцияның әсерінен адам өзінің ішкі сезімдерін немесе оның сезімдерінің мәнін түсіне бастайды. Күшті, бірақ аз уақыттық эмоцияны аффект деп атайды. Ал терең әрі тұрақтыны сезім деп атайды. Эмоция – бұл психикалық процесс, әрекетті импульсивті қалыптастыратын негізгі сезім бейнесінің қажеттілігінің сыртқы әрекетінің мәні. Индивидке сыртқы жағдайлардың жағымды және жағымсыз әсер етуі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар.
Эмоция организмнің эволюцияда жақсы адаптациялану нәтижесінде пайда болды. Эмоция - әр уақытта қосвалентті (екі полюсі бар). Олар: жағымды және жағымсыз. Жеке заттар құрылымы және жағдайлардың маңыздылығы эмоцияны тудыра отырып, организмге сай келетін әректтерге бағыттайды.
Эмоция түйсік сияқты психиканың негізгі құрылысы. Егер түйсікті материалды жағынан бейнелесе, ал эмоцияда әртүрлі жағдайларда субъективті қарым-қатынаста болады. Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар заттық іс-әрекеттің тікелей психикалық бейнесі болып табылмайды. Мотивтер және жетістіктер арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен тұрады. Сонымен қатар бұл жерде осы қатынастардың рефлекциясы жайлы емес, олардың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр. Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-әрекетін бағалауына дейін пайда болды.
Сыртқы жағдайлардың әсерінен импульстер миға екі ағынмен әсер етеді. Оның бірі ми қыртысының өзіне сай зонасына бағытталып, осы импульстер қабылданып, оны түйсіну мен қабылдау ретінде қабылданады. Екінші ағын оларды мидың қыртысастылық қабатына (гипоталамус) алып барып, артынша оларды субъективті эмоция түрінде орындауға мүмкіндік береді.
Мотивация отандық және шет елдік психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады.Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс-әрекетін , мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс-әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. «Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған кезде, ең алдымен оларды осындай байланысқа итермелеген, түрткілер жайлы және де олар алдына азды көпті мөдшердесаналы түрде қойған мақсаттары жайлы сұрақ туындайды» Ең жалпы түрде түрткі-бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекеткеитермелеуші, ынталандырушы,анықтаушы.Мотивация проблемасының күрделігі мен көп аспектілі оның мәнін, табиғатын, құрылымын түсінуде және де оны әр тұрғыдан зертеу әдістерінің көп болуымен шарталады(Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, М.Аргайл, В.Г.Асеев, Дж. Аткинсон, Л.И. Божовивич, К.Левин, А. Мослау, Ж.Нюттен,З.Фрейд, П.Фресс, П.М.Якбсон және т.б) Отандық психологияда мотивациялық аясын зерттеуді анықтаушы негізгі әдіснамалық принцип мотивацияның динамикалық пен мазмұндық-мағыналық жақтарының бірлігі жайлы ереже болып табылады. Осы принцпті белсенді жетілдіру адамның қатынастар жүйесі мән мен мағына арақатынасы, түрткілер ықпалдасуы жәнеолардың мәндік контексі, тұлға бағыттылығы мен мінез –құлық динамикасы, іс-әрекеттегі бағдар сияқты т.б. проблемаларды зерттеумен байланысты.
Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі – мотивтер. Олар дидактикалық процестің басты қозғаушы күштері болады. Әсер етіп тұрған мотивтерді зерттеу және дұрыс қолдану, жеке адамның дамуын бағыттайтын мотивтерді қалыптастыру – педагогикалық еңбектің өзегі болып табылады.
Мотивтер (латынша қозғалтамын) – оқушыларды білім мазмұнын белсенді меігертетін, өнімді танымдық іс-әрекетке ұмтылдыратын процестердің, әдістердің және құралдардың жалпы аты. Егер де оқушылардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив – адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.
Мотивтерді қалыптастыру педагог-ғалымдарды, мұғалімдерді ойландырып, оны зерттеуге талпындыруға. Бұл мәселені А. К. Маркова, Г. И. Шукина, В. И. Ильин, Т. А. Матис т. б. психологиялық-педагогикалық зерттеуде. Шет елдерде де мотивті қалыптастыруға көп мән беріледі. Американ психологы Д. Мак Клелланд осы салада жемісті еңбек етуде. Қазақстанда Т. Сабыров, А. Бейсенбаева т. б. осы мәселемен айналысуда.Арнайы зерттеулер мектеп мұғалімдерінің мотивтерді зерттеуді және қалыптастырудың жолдарын , әдіс-тәсілдерін біле бермейтінін көрсетті.
Бүгінгі таңда мектепте мотивтерді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жетілдіру, осы мақсатта озық технологияларды қолдану өзекті проблемаға айналып отыр. Мұғалімдерді мотивтерді қалыптастыруға үйрету мәселесі де бар.
Адам өмірі эмоцияға толы: риза болу, риза болмау, махаббат пен жек көру, үміт пен күдер үзу, сенімділік пен сенімсіздік, қуаныш пен реніш, мақтаныш пен қызғаныш, т.б. толып жатқан көңіл күйлер. Эмоция мен сезімнің аражігін ажырату өте қиын. Әдетте эмоция да адамның қысқа уақыт аралығындағы қарапайым әрекеттері (күлу, жылап алу, т.б.) аталса, сезім де орныққан, тұрақты ұзаққа созылатын процесті (сағыныш, достық, махаббат) атайды. Эмоция – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Барлық эмоциялар қандай да бір іс-әрекет жасауға
түрткі болады. Эмоция деген сөздің этимологиясын қарар болсақ, латын сөзінен «қозғалу,қозғауға келтіру» деген етістіктің жатқандығын көреміз.
Адам өз эмоциясы арқылы қандай да бір мәселеге, құбылысқа, оқиғаға көзқарасын білдіреді. Орталық жүйке жүйесінде орналасқан Нейрофизиологиялық құбылыс болып табылатын эмоцияны да толығымен түсіне бермейміз. Адам эмоциясын түсіндіруге тырысатын көптеген теориялар бар (Бирнс, 2001).Эмоция туралы пікірлердің тамыры сонау көне грек заманына тіреледі. Эмоция тақырыбы
Платон мен Аристотель еңбектерінен байқалады. Олардың пікірлері бір-біріне қарама-қарсы болды. Платонның пікірлері о баста өте танымал болып, Рене Декарт, Джон Локк, т.б. пікірлеріне негіз болды. Платон эмоцияны басқаруға келмейтін, санаға қарсы тұратын асау күш ретінде қарап, адам жанын эмоция мен сананың күрес алаңы деп қарастырды. Оның ойынша эмоция санаға кедергі келтіреді. Платон сананың жеңгенін жақтаушылар қатарында болды. Эмоцияға қатысты Платонның көзқарастары Аристотельдің эмоцияға қатысты айтқандары о баста аса танымал болмағанымен, оның идеяларын Сенека, Хрисипп, Фома Аквинский, Спиноза сынды философтар жақтады. Аристотель Платонға қарама қарсы пікірде, яғни эмоция адамға қажет, пайдалы деп санады.
Қазіргі психологияда эмоционалды процестерді 3 топқа бөліп қарастырып жүр.
Аффектілер. Аффекттің басты ерекшелігі олар өте айқын, асау, оны басқару қиын. Бұл қысқа уақытқа созылса да, ең қатты көрінетін эмоцияның түрі. Мұндайда адам өзін-өзі басқара алмайды. Сол себепті құқықтық тұрғыдан қандай да бір қылмыстың аффектік жағдайда жасалғаны анықталса, оған берілер жаза түрі де жұмсақтау болады. Аффект негізінде қандай да бір оқиғадан соң пайда болады. Ол жағымды да жағымсыз да болуы мүмкін. Жағымсыз аффект көп болғанда адамның көңіл күйі бұзылып, жылайды, ашуланады, ұрсысады. Ал жағымды болғанда тоқтаусыз күліп, секіреді, және т.б. Аффекті кей ғалымдар адамның кемшілігі ретінде де қарастырады.
Екінші топтағы эмоционалды процеске эмоцияны жатқызады. Аффектпен салыстырғанда эмоция әлдеқайда бай. Олар тек жағымды, жағымсыз ғана болмайды. Оларда бірнеше сезімдер аралас келетін жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, емтихан нәтижесін күткен студенттің жағдайында ол ол тек қорқып қана қоймай мұңайып, не үміттеніп, уайымдап бір сәтте бірнешеэмоцияда бола алады. Эмоциялардың ішінде жағымды, жағымсыз деп тану қиын түрі болады.Мәселен, шамадан тыс әуестік.
Үшінші топқа сезімді жатқызады. Алдыңғы екеуімен салыстырғанда сезім ешқандай
ситуацияға байланысты емес. Сезім сыртқа шықпайды, тіпті қоршаған ортаға ешбір білінбеуі мүмкін. Сол себепті де адамдар өз сезімдерін білдіру үшін қандай да бір әрекет жасауға тырысады. Эмоция тез арада өзгере алатын болса, сезімді өзгертуге біраз уақыт қажет.
Зерттеушілер эмоцияның қызметін былайша жүйелеп көрсетеді:
Бағалау қызметі. Бағалап отырған белгілі бір оқиғаның, заттың, жағдайдың пайдалы не зиянды екендігін, маңызын айқындайды. Бағалау қызметі аздап ойлануға жақындайды.Алайда эмоция ойлануға қарағанда көнелеу.
Ояту, итермелеу қызметі. Эмоцияның адамды қандай да бір әрекетке итермелеу қызметі.
Іске асыру қызметі. Активация кезінде ішкі органдардың және бар ағзаның өзгеруіне әкеледі.
Экспрессивті қызметі. Бұл қызмет тікелей мимика, пантомимика, дауыс реакциялары арқылы іске асады. Бейвербальды қарым-қатынастың негізі саналады. (М.А. Лукацкий, М.Е. Остренкова, Психология. 2 – издание. М. 2013). Эмоцияның түрлеріне сондай-ақ, көңіл күй, стресті де жатқызады.
Б. Спиноза базалық эмоциялардың үш түрін атап көрсетеді:
• рақаттану, яғни ләззат алу;
• көңілі толмау;
• арман-тілек.
Ал Д. Уотсон эмоцияның даму проблемаларын қарастыра келе балаларда қорқыныш, ашу, жақсы көру сынды 3 сезімнің болатындығын айтады. Американдық психолог Кэррол Изард болса, алғашқы негізгі эмоциялардың мынадай 10 түрі бар дейді:
• қызығушылық-толқыныс;
• қуаныш;
• таңғалу;
• уайым-қайғы;
• ашу;
• жек көру;
• қарғыс;
• қорқыныш;
• ұят;
• күнә.
Негізгі және мәдени эмоцияға байланысты мида түрлі эмоциялық әрекеттер орын алуы мүмкін (Бирнс, 2001). Негізгі эмоциялар (мысалы, қорқыныш, ашу, таңданыс) мидың оң жақ сыңарында (ОЖЖ көбін басқарады) туа пайда болуы мүмкін. Ал мәдениетке байланысты эмоцияларды (адамдардың айтқанын әркімнің әрқалай түсінуі) тілге жауап беретін мидың солжақ сыңары басқаруы мүмкін. Эмоция оқу процесінде аса маңыздылыққа ие зейінді бағыттауға көмектеседі (Фелпс, 2006).
Қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат таламусқа, одан амигдалаға, сосын мидың алдыңғы қыртысына жетеді. Амигдала келіп түскен тітіркендіргіштің эмоциялық маңыздылығын айқындайды (Вулф, 2010), яғни ол жүгіру, баспана іздеу, шабуылдау немесе сабыр сақтау керек пе деген сұрақтардың жауабын табуға көмектеседі. Фронталды қыртыс тітіркендіргішті танымдық тұрғыдан түсіндіріп береді. Алайда оған біраз уақыт қажет. Демек, «эмоциялық бақылау» дегеніміз, эмоциялық көңіл күйге жай ғана жауап беру емес (қауіпсіздік мәселесі кезінде бұл аса маңызды), керісінше, қажетті когнитивті түсініктеме берілгенге дейін әрекетті шегере тұру.
Зейінге қатысты атқаратын қызметтерімен қатар, эмоция оқыту мен жадыға да әсер етеді (Фелпс, 2006). Эмоцияға қатысты автоматты жауап беру кезінде бүйрекүсті без қыртысынан бөлініп шығатын адреналин мен норэпинефрин гормондары мидың ортаңғы бөлігінде тітіркендіргіш немесе оқиға орын алуға жауапты жадының қызметін арттырады (Вулф, 2010). Аталмыш гормондардың іс-әрекетіне байланысты, эмоцияға қатысты жағдайларды саналы түрде есте сақтау бұрынғыдан жақсара түседі. Эмоция білім алуды нығайтады деген пікірді оқыту процесін барынша күрделендіру керек деп түсінуге болмайды. Бұрын да байқағанымыздай, миға қатты күш түсуі де нейрондық тораптардың пайда болуы мен нығаюына кедергі келтіреді. Алайда үнемі болмаса да кей-кейде көп тапсырма орындап тұру жадыны жақсартып, білім алуды жеңілдетеді. Дағдыларды дамыту кезінде оқушылар бір тапсырманы бірнеше рет қайталайтын шектеулі когнитивті тапсырмаларды (мысалы, бір-біріне ұқсас бірнеше мәселе шешу) орындай алады немесе түрлі дағдыларға бастайтын түрлі тапсырмаларды (мысалы, тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды) орындайды. Оқушыларды жалықтырмайтындықтан,тапсырманың соңғысына көбірек күш жұмсалады, ал, ол өз кезегінде синапстарды нығайтатын гормондардың өзгеруіне алып келеді (Грегори, 2013).
Мотивация мен эмоцияны оқыту процесін жақсарту үшін конструктивті түрде қолдануға болады. Өздері ғана сөйлей беретін мұғалімдер оқушылардың сабаққа қатысуға деген ынтасын азайтады. Бірақ, оқушылар өздері де оқыту процесіне тікелей араласа бастаған эмоциялық қызығушылық оянады. Рөлдік ойындар, ғаламтордан ақпарат іздеу, талқылауға қатысу сияқты әрекеттер мотивация мен эмоцияны арттырып, мұғалімнің сабақ үйрете бергенінен гөрі оқытудың нәтижелілігін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет