Бұл бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі және бірлестік қатысушыларының бәріне серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен толық жауапкершілік жүктеледі. Қатысушылардың жарналық үлестері, алынған табыстар мен басқа да заңды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі. Жарғылық қоры 25 минималды есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
Сенім серіктестігі
Кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін біріккен екі немесе бірнеше тұлғалардың бірлестігі, мұнда қатысушылардың бір бөлігі серіктестік істері бойынша толық жауап береді (өз үлесімен жәнемүлкімен), ал басқалары тек өз үлестерімен ғана жауап береді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қатысушылары жарғылық қорға белгілі мөлшерле үлес қосатын бірлестік және қатысушылар жауапкершілігі серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің қосқан үлестері мөлшерімен шектеледі.
Үлес мөлшері құрылтай құжаттарымен анықталады.
Акционерлік қоғам
АҚ жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтежисінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектеледі.
Өндірістік кооперативтер (артелдер)
Бұл бірлескен өндірістік немесе шаруашылық қызметін жүргізу үшін мүшелік негізінде құрылған азаматтар бірлестігі. Бірлестік мүшелері мүліктік пайлық үлестермен бірігеді және жеке еңбектік қатысуға негізделген.
Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кәсіпорын жарғысына сай оынң мүшелеріне пай бойынша бөлінеді.