Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Өрмекшілер отряды - Агапеі



бет133/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Өрмекшілер отряды - Агапеі
Өрмекшілер аса көп тараған, 27000-ға жуық түрі бар, жыртқыш жануарлар. Үйлерде, далаларда, тоғайларда, су жағасында да кездесетін түрлері бар. Ұзындығы 0,7-П см. Денесі баскеуде және сегменттелмеген құрсақ бөлімінен тұрады . Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (баскеуденің 7-ші сегменті). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ төрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы бездерінің тесігі орналасқан, сол бездердің шығаратын сөлімен (секретімен) қорегін өлтіреді. Педипальпалары қармалауыш тәрізді, аталықтарыңда олар шағылыс мүшесінің қызметін атқарады.
Бір немесе екі жұп өкпелері бар, ал көпшілігінде сонымен қатар қосарланған трахея түйіндері болады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2-4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция барысында өрмекшілердің елеулі жетістігі - оларда өрмек бездерінің дамуы, осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп шығады. Өрмек бездері құрсақтың қуысында, оның вентральды жағында орналасқан. Олардың тармақтары өрмек сүйелдерінде немесе кейбір өрмекшілерде сүйелдердің алдында жататын тақтада ашылады.
Өрмек бездері ауада қататын кілегейлі, созылатын затты (өрмекті) бөліп шығарады. Бөлінетін жүздеген жұқа өрмек жіптерінің жиынтығы бірігіп жібектей өрмек жіпшелеріне желімденеді. Өрмек жіпшелерінің көптеген түрлері болады: құрғақ, ылғалды, кілегейлі, гофрирленген және т. б. Олар ау торларын, жұмыртқа пілләсін жасауға арналған.
Ау торы өрмекшінің індерінің жанында төселінеді, немесе өсімдіктерде бұтақтар арасында созылады. Торға түскен насекомдарды өрмекші өрмегімен шырмап тастайды, сосын ұстаған жемтігін хелицерасымен жаралап, кейін ішіндегісін сорады. Үй өрмекшінің (Tegenaria domestica) өрмек торы (тұзақ) өзінің ұясымен тікелей жалғасып жатады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен астарлап, өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны жасайды. Соңғысы інге кіретін тесікті жабады. Кейбір ағаш өрмекшілері өрмектен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды, ал кейде ұяның қабырғаларын құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Су өрмекшісі - Argyroneta aquatica - су астында өрмектен қоңырау тәрізді ұя жасап, оны су асты заттарға немесе өсімдіктерге жабыстырып, ауамен толтырады. Ол ауаны өрмекші су бетіне көтеріліп құрсағындағы түтіктері арқылы әкеледі және сол түтіктері арасында тыныс алатын, ауа қорын ұстап сақтайды. Ауа көпіршіктерінің әсерінен су өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді күмісше жылтырайды, сондықтан оларды күміс өрмекші деп те атайды.
Ақырында, өрмек жібі өрмекшілерге жоғарыдан төмен қарай түсуге де, жоғары қарай шығуға да және ауада ұшу үшін де керек. Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілер бұтақтың ұшына шығып, жібек жібін бөледі. Ол белгілі бір ұзындығына жеткенде (өрмекшінің салмағын көтеру үшін), өрмекші өз аяғын жинап, субстраттан ажырап өрмектің арқасында ауа ағысымен әкетіледі.
Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі бар. Аталықтары аналықтарынан кіші және педипальпаларының соңғы буыны - күрделі құрылысты, шағылысу мүшесінің қызметін атқаратын қосындысымен ерекшеленеді. Шағылысу алдында аталық өрмекші өрмек жіпшелерінен тамақты тоқып соған тұқымның тамшысын жібереді. Тұқым сұйықтығы тамақтың төменгі бетіне өткен кезде, дәл осы уақытта ағатын тамшының астына педипальпалардың ұшын орналастырады да, тұқым сұйықтығын жинап алады, содан кейін сперматозоидтарын аналықтың тұқым қабылдағышына жеткізеді. Шағылысып болғаннан кейін, аталығын, егер қашып үлгермесе, аналығы жеп қоятындығы байқалады. Pisaura туыстас өрмекшілерде аталықтары шағылысу алдында аналықтарына өзінің ұстап алған жемтіктерін жинап береді де өздері қашып үлгереді.
Жұмыртқаларын аналық өрмекші өрмектен тоқылған қапшық тәрізді торына салып, екінші өрмек тоқып піллеге айналдырады. Піллесін көбіне құрсағына жабыстырып, жұмыртқадан шыққан өрмекшілерін біраз уақыт арқалап жүріп өсіреді.
Өрмекшілер зиянды насекомдармен қоректеніп, оларды едәуір мөлшерде жояады. Өрмекшілер арасында зиян келтіретін түрлері де бар. Солардың қатарына Орта Азия мен Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында кездесетін қарақүрт (Latrodectus tredecimguttatus) және бүйі (Lycosa singoriensis - тарантул) жатады. Қарақұрт - ауылшаруашылық малдарға және адамға ерекше қауіпті улы өрмекші. Аналығының ұзындығы 10-20 мм, аталығы 4-7 мм . Түсі қара, құрсағының үстіңгі жағында қызыл түсті 13 дақтары болады. Аталықтардың қызыл дақтары ақ шеңбермен жиектелген және құрсағы жіңішке болады. Қарақұрт тың жерлерде, бос алаңқайларда, арық жағалауында мекендейді, ұясын жер бетіне, шөп арасына, шұңқыршаларға жасайды. Қорегін аулайтын торды құрып, насекомдармен, өрмекшітәрізділермен қоректенеді және ұясындағы торға пілләсін жабыстырып оларды қорғап тұрады. Улы бездерінің ұшы хелицераларының түбінде ашылады. Уы улы жыланның уынан 15 есе күшті. Қарақұрттың уынан жылқы, сиыр, түйе өліп кетуі мүмкін. Адамға да қарақұрттың уы өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде кішкене қызыл дақ пайда болады да, тез жойылып кетеді. 10-15 минуттан соң сол жер қатты ауырып, оған қоса іш, бел, көкірек ауырады, аяқ ұйып, бас айналып, лоқсу, дірілдеу белгілері пайда болады. Науқас 3-5 күндей ауыр халде болады. Дәрігерлік жәрдем көрсетілмесе адам өліп кетуі де мүмкін. Қарақұрттың уы тек қой мен ешкіге әсер етпейді, олар тіпті қарақұртты шөппен бірге жейді.
Бүйі - улы өрмекшінің бірі, бірақ олардың шаққаны ара шаққандай әсер етеді және қарақұрттың уынан күшті емес. Ұзындығы 25-30 см, реңі құбылмалы - қоңыр, қара, қызыл-сары, кейде қошқыл түсті. Ылғалды топырақта тік етіп, тереңдігі 50-70 см-ге дейін ін қазады. Күңдіз інде жасырынып, түңде насекомдарды аулауға шығады. Қысқа қарай, бұрынғы інін тереңдетіп, сол інде қыстап шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет