Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет144/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Тыныс алу жүйесi. Таракан денесiн бойлай тармақталған тыныс алу мүшесi кеңiрдектер алып жатады, бұлар көкiрек және құрсақ бөлiмдерiнiң бүйiрлерiнен тыныс тесiктерi арқылы сыртқа ашылады. Ауа осы тесiктерден бүкiл iшкi мүшелерге өтiп, тыныс алу жүзеге асады. Құрсақ бұлшық еттерi жиырылған кезде кеңiрдектердегi ауа сыртқа шығарылып, құрсақ кеңейгенде тыныс тесiктерi арқылы енген ауа кеңiрдектердi таза ауамен қамтамасыз етедi.
Қан айналу жүйесi. Тараканның қан айналымы – ашық, денесiнiң арқа жағында мөлдiр түтiк тәрiздi жүрек жатады. Түтiктiң iшiнде қанды бiр бағытқа қарай айдайтын қақпақшалар (клапандар) болады. Қан дененiң артқы бөлiгiнен басына қарай ағады. Жүректiң алдыңғы жағында созындысы ұсақ тамырларға тармақталмастан тiкелей басына барып бiтедi. Ондағы қан дене қуысына құйылып бас бөлiгiндегi мүшелермен жалғасады да, әр түрлi iшкi мүшелерден өтiп, бiртiндеп дененiң артына қарай ағады. Жүрек қабырғасындағы қосарланған ұсақ тесiктерi (остиялар) арқылы қан жүрекке қайта сорылып, тағы да бас жаққа қарай ағады. Қаны гемолимфа деп аталып, мөлдiр аздап сары түстi болады.
Нерв жүйесi және сезiм мүшелерi. Нерв жүйесi жұтқыншақ үстi және жұтқыншақ асты түйiндерден тұратын бас миы өте жақсы жетiлген. Жұтқыншақ үстi түйiннен көздер мен мұртшаларға ол жұтқыншақ асты нерв түйiнiнен ауыз қосалқыларына нервтер таралады. Бас мидан көкiрек және құрсақ түйiндерiнен тұратын құрсақ нерв тiзбектерi кетедi.
Тараканның сипап сезу және иiс сезу мүшесi – жақсы қимылдайтын екi мұртшасы (антеннасы) оның басының екi жағында екi күрделi көзi, ол көздерiнiң алдыңғы жағында, мұртшалардың түбiн ала өте кiшкене екi жай көзi болады.
Зәр шығару жүйесi. Зәр шығару мүшесi – мальпигий түтiкшелерi дененiң әр бөлiгiндегi сұйық қалдықтар сонда жиналып артқы iшекке құйылады. Сонымен қатар iшкi мүшелерiнiң аралығын толтыратын ақ түйiршiктер майлы дене де, қосымша зәр шығару мүшесi болып табылады. Бұған дененi қоректендiруге қажеттi май қоры жиналады.
Көбею мүшелерi. Аналық тараканда екi жұмыртқа безi, екi жұмыртқа жолы болады. Екi жұмыртқа жол өзара қосыла келiп тақ қынапқа, қосымша бездерге және тұқым қабылдағышқа жалғасқан.
Аталық жыныс мүшелерi екi тұқым бездерiнен, екi тұқым жолдарынан, екi тұқым көпiршiктерiнен, екi қосымша бездерден және шағылыс мүшесiне байланысқан бiр тұқым шашатын каналдан тұрады. Қара таракан – дара жыныстылар, шала түрленiп дамиды.
Насекомдар тіршілік әрекетінің артуына байланысты қоректі көп керек етеді, қорегі көбіне өсімдік текті заттар, әртүрлі жануарлардың өлекселерімен және түрлі органикалық заттардың қалдықтарымен қоректенеді. Барлық насекомдар үшін алдыңғы аяқтары ауыз мүшелеріне айналып кеткен. Олар қорегін ұстап тұруға, аулауға, ал көптеген түрлерінде қорегін ұстауға қызмет етеді. Осыған байланысты ауыздарының құрылысы әртүрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет