Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі


Шаншып-сорғыш ауыз аппараты



бет152/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163
Байланысты:
30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия (1)

Шаншып-сорғыш ауыз аппараты – бұндай ауыз аппараты қандала және асаларда үлкен өзгеріске ұшыраған. Үстіңгі және астыңғы жақтары ұзын ауыз қылдарына айналған, олар төменгі еріннен пайда болған тұмсыққа (хоботқа) орналасқан, масаларда жұтқыншақ астында пайда болған тағы бір қылы болады – бұл ауыз қуысының алға шығып тұрған түбі қылдары ұлпаны тесу және сору қызметін атқарады. Масалардың төменгі жағындағы түктері жақсы дамыған, қандалаларда бұл жоқ. Жоғарғы еріні ауыз аппаратын үстіңгі жағынан жауып тұрады. Ересек масаларда, қанмен қоректенбейтіндерінде гүлдердің шырынын соратындарда, ауыз аппараты қарапайым болады. Күйсегіштері және төменгі жағы болмайды, яғни шаншып алатын түгі жоқ.
Көбелектердің сорғыш ауыз аппараты екі ұзын төменгі жақтан тұрады, бір-бірімен қосылмаған және спираль тәрізді бұратылған тұмсықтары болады, шірнеліктерді сору үшін керек. Ауыз аппаратының қалған бөлігі қарапайымдалғанын, тек төменгі ерінде қысқа қалдықтары сақталған.
Насекомдарда басқа да ауыз аппараты бар. Мысалы кейбір масаларда төменгі еріні шірінді заттарды жасауға бейімделген, төменгі жақтары жоқ. Насекомдардың ауыз аппаратының құрылыстары атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі болып келеді. Осылай бола тұра барлық ауыз аппаратында жоғарғы жоқ, төменгі жақ және төменгі ерін болады. Бұндай ұқсастықтың болуы шығу тегінде кеміргіш ауыз аппаратының болғандығын дәлелдейді.
Насекомдардың ұрықтанған жұмыртқаларының дамуы екі стадияда өтеді. Эмбриональдық және постэмбриональдық даму. Эмбриональдық даму кезеңі бірнеше клеткаларға бөлінуінен бастап сыртқы және ішкі қабаттардың түзілуі мен дернәсіл қалыптасқанға дейінгі барлық өзгерістерді қамтуы.
Постэмбриональдық даму насекомдардың әр түрлі отрядтарында бірін-бірі ұқсамай түрленіп дамиды. Постэмбриональдық дамудың сипатына қарай, насекомдарды екі үлкен топқа бөлуге болады.
Кейбір насекомдарда, мысалы обыр шегірткеде (саранча) қара күйе (тля), қандалаларда (клопы) биттерде (вши) т.б. үш кезеңді: жұмыртқа дернәсіл, ересек организм дамуымен сипатталады. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек организмге ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшелігі болады. Дернәсілде қанат болмайды, реңі бөлек, жыныс мүшелері жетілмеген және т.б. Мұндай насекомдар бірнеше рет түлейді, өседі, ересектерге айналады. Түлеген кезде қанат бастамасы пайда болып жыныс мүшесі жетілмеген дернәсіл нимфа деп аталады, ал суда дамитын болса наяда дейді. Дернәсілден ересек насеком пайда болу сатысы имаго деп аталады. Насекомдардың осылай дамуы шала түрленіп даму дейді.
Сонымен насекомдарда тіршілік айналамындағы шала түрленіп даму үш сатыда өтеді; оны сызба нұсқа түрінде былай жазуға болады: Жұмыртқа – дернәсіл – имаго.
Екінші бір насекомдарда (мысалы, қоңыздарда, бүргелерде, араларда, көбелектерде, шыбындарда және т.б.) төрт саты: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек организм кезеңдерін өту арқылы жүзеге асырылады. Жұмыртқалардан ерекшеліктеріне мүлдем ұқсамайтын тіршілік ету тәсілі де басқаша құрт тәрізді дернәсіл дамиды. Дернәсіл өсіп, қозғалмайтын тыныштық сатысына – қуыршаққа айналады. (қуыршақ негізінде қозғалмайды және еш уақытта қоректенбейді) қуыршақтың даму кезінде оның морфологиялық, анатомиялық құрылысында күрделі өзгерістер болып., организм қайта қалыптасады. Бұндай жолмен дамуды толық түрленіп даму дейді. Сызба нұсқасы: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек насеком (имаго).
Дернәсілдердің және қуыршақтардың құрылыстары әртүрлі болып келеді: толық түрленіп даму кезіндегі дернәсілдердің бірнеше түрлері бар:
а) дернәсілдің жақсы дамыған басы және көкірегінде үш жұп аяқтары болады, мысалы, көпшілік қоңыздардың дернәсілдері.
б) дернәсілдің басы болады және көкірегінде, құрсағында аяқтары болады, мысалы, аралардың дернәсілдері
г) дернәсілдердің басы және аяқтары болмайды, шыбындарда.
Қуыршақтардың үш түрі бар.
а) Ашық қуыршақтар (аралар, қоңыздар және т.б.) ересектерінде болатындай денесінің бөліктері мұртшалары, аяқ, қанат, көз және кейбір басқа мүшелері сыртынан жақсы көрініп тұрады.
б) Жабық қуыршақтарда ересектердің аяқтары мен қанаттарының өсінділері сыртына байқалғанымен денесіне тығыз жабысып тұрады. Мұндай қуыршақтар көбелектерге қоңыздарға, қанқызына тән қуыршақтар.
в) кішкене кеспек тәрізді қуыршақтар (шыбындарда) дернәсілінің соңғы сатысындағы қабығы сақталынып, ересектерінің ешқандай белгісі болмайды.
Насекомдарда қолайсыз жағдайлар кезінде тыныштық кезеңі немесе диапауза басталады. Диапауза кезінде даму болмайды. Диапауза жұмыртқа дернәсіл, қуыршақ сатысында да болуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда дамуы басталады. Диапаузаның түрлердің сақталуында маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет