Кіріспе лекция Зоология пәні, жануарлар әлемі



бет37/163
Дата26.09.2022
өлшемі2,15 Mb.
#40283
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163
Негізгі өкілдері: Aurelia aurita және Солтұстік теңіздерде кездесетін - Суапеа capillata. Pelagia туысы өкілдерінің қараңғыда жарық шығаратын қабілеті дамыған.
Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida
Тропиктік теңіздерде кең тараған ірі медузалар. Қармалауыштары жойылған, қорек заттарын қалақша өскінділері арқылы ұстап алады. Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңізінде жиі кездеседі. Жапония мен Қытай елдерінде бұл медузалардың "хрустальды еті" тұздалған түрінде тамаққа қолданылады.
Сцифомедузалардың денесі жұмсақ болғандықтан жер қазбаларында сақталмаған. Дегенмен олардың таңбалары Юра дәуіріндегі Золенгофен сланецтерінен табылған.
МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Жүтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады, солардың көмегімен су және қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай қозғалуымен жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы камераларға бөлінеді.
Септалар - гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан дамып, энтодерма клеткаларымен астарланған. Олардың әрқайсысында бойлай орналасқан жуандау бұлшықетті білеуі (валик) болады.
Денесінің жоғарғы бөлігінде септалар жұтқыншаққа және дене қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос салбырап тұрады. Олардың бос шеттері жуандап, без клеткаларынан құралған, мезентериальды жіпшелерге айналады. Солардың көмегімен гастраль қуысына түскен ас қорытылады.
Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бір-біріне сәйкес келеді. Осыған байланысты маржан полиптер класы екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелілер - Octocorallia және алты сәулелілер - Hexacorallia,
Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 8 болып келеді.
Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камераларды құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы орналасып, бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың ауысып тұруын қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы камераның бойларындағы кірпікшелері бір бағытта қозғалып, гастраль қуысына оттегіне бай сумен қоректік заттарды лықсытады, және суды керексіз заттармен бірге сыртқа шығарады.
Септалардың мезентериальді жіпшелері сөлдерді шығарып, астың қорытылуын реттейді.
Алты сәулелілердің (Hexacorallia) септаларының, камераларының және қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселеніп келеді, кем дегенде 12 болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңінде бірінші кезектегі алты жұп септалар қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөліп тұрады. Әрбір жұп септаның арасындағы камераларды ішкі камера деп атайды, ал әр түрлі жұп септалардың арасындағы орналасқан камераларды - аралық деп атайды. Осылардың ішінен басқа да жұп аралық септалар дамиды .
Сөйтіп, септалардың және камералардың дамуына байланысты, гастраль қуысы кеңейіп, оның ас қорыту жұмысы және қорытылған асты сіңіру қабілеттілігі артады. Маржан полиптері планктонды организмдермен қоректенеді, ал ірі түрлері - жыртқыштар, олар шаянтәрізділерді, моллюскаларды т. б. өзінің қармалауыштарымен ұстап алып, атқыш жіпшелерімен жансыздандырып, ауыз тесігіне апарады да, жұтқыншағымен жұтып алады. Ac қорыту процесі клетка ішілік және қуыс ішілік бойынша жүреді.
Қаңқасы. Жеке тіршілік ететін полиптерде қаңқасы болмайды, ал колониальды формаларында қаңқасы күшті дамып, рифтер мен аралдарды Kvpan, жер беті бедерін (рельефін) жасауға қатысады.
Сегіз сәулелі (Octocorallia) полиптердің қаңқасы мезоглея қабатындағы спикула деп аталатын әр түрлі инелерден құралып, іштей орналасады. Спикулалар ме­зоглея қабатындағы склеробласт клеткаларынан дамып, СаСО3 (ізбестен) немесе мүйізді органикалық заттардан тұрады. Инелері көп болған жағдайда олар бір-бірімен қосылып тұтас қаңқаны құрайды.
Алты сәулелілерде (НехасогаШа) ізбесті қаңқасы сырттай орналасып ерекше түзіледі. Ең алдымен колониядағы жеке полиптің эктодермасынан сыртқа қарай ізбесті табанша тақтасы бөлініп шығады. Одан денесін сырттай орап алатын тостағанша қаңқасы немесе текасы дамиды. Текадан ішке қарай, септаларды бойлай қаңқа перделері - склеросепталар жайылады. Склеросепталар тек бірінші реттегі жұп септаларда болады. Колонияның жеке особьтарының қаңқалары бірігіп мықты, бүкіл колонияға ортақ қаңқаны құрады. Осыңцай колониялардан пайда болған маржан рифтері мен маржан аралдары Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарыңда өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   163




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет