Кіріспе Махамбет өлеңдеріндегі қайталау түрлерінің ерекшеліктері Зерттеудің мақсаты


Махамбет өлеңдеріндегі қайталау түрлерінің ерекшеліктері



бет5/6
Дата24.11.2023
өлшемі59,06 Kb.
#125486
1   2   3   4   5   6
2.2 Махамбет өлеңдеріндегі қайталау түрлерінің ерекшеліктері

Ақын өлеңдерінде қайталау түрлері көп кездеседі.Қайталаудың бірнеше түрлері бар. Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.


Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. 
“Мұнар да мұнар мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет)

  • еспе қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин)

  • анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);

  • эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев).

Сөздеріміз дәлелді болу үшін Махамбет өлеңдерінде кездесетін қйталау түрлерін төмендегідей кестеге ораластырдық.





Махамбет өлеңдерінің тізімі

Жай Қайталау
бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. 

еспе қайталау
алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады

Анафора
өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: 



эпифора
– өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: 



1

Баймағанбет сұлтанға айтқаны

Еділ мен Жайық жер еді-ау
Мекен еткен шаруаға.
Жағасы қорған жай еді-ау!




Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп

Жазға бір ай қалғанда,
Аласапыран болғанда

2

Айныман










Кеткенім жоқ олжа үшін,
Кетіп едім елімнен
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Қан жылатқан заңы үшін.

3

Тар қамау

Ата-енені сөктіріп,
Ат басына соқтырып,




Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға




4

Жабығу

Аспаннан борап қар жауып,
Аштырмайды көзімді,

Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп,







5

Қақақулап шақырмай

Қақақулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей.







Қарағай шаптым шандоздап
Қарағай шаптым шандоздап,

6

Арғымаққа айдай таға қақтырса

Ата ұлының баласы
Асыл ерге малың бер,










7

Қоштасу

Маң-маң басқан сары атан
Маңыстап шығар өріске.

Қона алмадың қонысқа,
Келе алмадың келіске.




Ажалдан бұрын өлмессің,
Тілесем - тілек бермессің,
Жыласам - көзімнің жасын
көрмессің.

8

Шонты биге










Ажалдан бұрын өлмессің,
Тілесем - тілек бермессің,
Жыласам - көзімнің жасын
көрмессің.

9

Ақ жүрегін тербетіп










Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім.

10

Атадан туғаан аруақты ер




Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе, жапырар







11

Елмен қоштасу







Атама менің сәлем айт,
Атын басқа байласын,




12

Аймақ көл










Өзі шын барар жерін тапқан соң?!
Егізінен айырылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң

13

Ерулі атқа ер салмай







Ерулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,

Қоңыр салқын төске алмай.
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,

14

Ер жігітке оқ тиді










Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.

15

Мен тауда ойнаған қарт марал










Сақсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,
Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан.

16

Зынданда

Ай астында бір көл бар -
Ат шаптырса жеткісіз.







Қарындастың қамы үшін,
Қатын менен бала үшін
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,

17

Нарында

Көрмегенді көргізген,
Көн кемеге мінгізген,







Жайық деген суы бар.
Жағасында жары бар,
Қабағында қары бар.

18

Еменнің түбі-сары бал

Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.







Жапанға біткен бәйтерек,
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмаған желденді,

19

Жел-желп еткен ала ту

Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,




Желп-желп еткен ала ту
Жиылып алар күн қайда?

Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкі дейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,

20

Көшер еді-ау біздің ел










Сонау Еділден бергі жатқан жердейін,
Қонар еді-ау біздің ел
Арқада қоныс шөлдейін.

21

Қайда бар










Қайрылып қазға қараған.
Қатын, бала, қара орман
Баршасын жауға алдырған,

22

Жайықтың бойы көк шалғын










Жайықтың бойы көк шалғын,
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.

23

Мен ақсұңқардан туған құмаймын










Мен ақсұңқардан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.
Толқуменен құлаймын.

24

Жайықтың бойы енді су










Мен ақсұңқардан туған құмаймын
Бір сұңқарға жұбаймын.

25

Туған ұлдан не пайда?












Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,

26

Белгілі туған ер едім







Белгілі туған ер едім,
Беліме садақ асынған,




27

Арқаның қызыл изені-ай










Баласы оның сынсыз деп,
Базарға сатсаң пұлсыз деп.

28

Адыра қалған Нарынның




Жайық деген суы бар.
Жағасында жары бар,
Қабағында қары бар.
Көнбегенді көндірген,







29

Есіл ер










Алдияр тақсыр ханымыз!
Исатай батыр кеткелі
Кеміді біздің сәніміз.

30

Борай да борай қар жауса

Борай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!




Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың ақ сұңқар




31

Жалп-жадп еткен жапалақ







Жалп-жалп еткен жапалақ,
Жазы да кімге жолдас болмаған.
Жағы түкті айуан,




32

Тарланым







Садағыңа сары жебені салдырған,
Садағының кірісін

Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым.
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!

33

Еңселігім екі елі







Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,

Құм сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған,

34

Тілек










ртеден кешке дейін зарласам,
Бермей ме екен құдайым

35

Ерлердің ісі бітер ме?










Беркініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,

36

Азамат ердің баласы










Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар
Талаудан татқан дәні бар.

37

Мен едім

Боз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім,
Жандаспай ақыры бір тынбан.







Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын дұшпан, жігіттер,
Не демес дейсің сыртымнан

38

Біз ер едік










Біз ер едік, ер едік,
Ен Нарында жүргенде
Еріккенде ер едік,
Ерінгенде би едік.

39

Ұлы Арман










Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?

40

Бағаналы терек жарылса

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейш







Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы

41

Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.







Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.

42

Махамбеттің Жәңгірге айтқаны







Ат туар ма шұбардай,
Ер туар ма бұлардай,

Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,

43

Істеген ісім кетті далаға










Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы далаға.

44

Исатай деген ағам бар










Исатай деген ағам бар,
Ақ кіреуке жағам бар.

45

Күн қайда?




Етік қылар күн қайда?
Көдіреден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір - күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?







Барлық зерттелген өлең саны 45 оның ішінде:қайталау түрлері көп кездеседі,басым көпшілігі анафора ман эпифора. Махамбет өлеңдерінде қайталау түрлерінің көп кездесуі ақынның өлеңдеріне жаңа түр әкелгендей.Олардың ерекшеліктері қазақ поэзиясында өлең құрылысына жаңалық әкеліп, басқа ақындарға ұқсамайтын тілінің поэтикалық ерекшеліктерімен көрінеді.


Қорытынды


Ел басына күн туған қиын шақтарда қолына қалам мен қаруды қатар алып, жауға қарсы тұрған ер-азаматтар аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі – Махамбет Өтемісұлы.

Нарынның топырағында өскен Махамбет өлеңдеріндегі басты идея, негізгі ұстаным – азаттық сарын, ұлттық рух. Өз заманындағы халықтың басынан кешкен қиындығына шыдамаған өр рухты батырдың өлеңдерінде өрілген дүние де намыс пен рухтан тұрады. Махамбет өлеңдерін бүгінгі әдебиеттің теориясымен талдайтын болсақ, азаматтық лириканың сарынын бірден аңғарамыз. Сонымен қатар, жыраулар поэзиясынан қалған сарқыттың ұшқынын да Махамбет өлеңдерінен көре аламыз. Ел мұңы мен жер дауы мәселелерінің шешімін де отты өлеңдердің бойынан байқаймыз. Махамбет өлеңдері Қазтуған мен Шалкиіз сарынының жалғасы іспеттес, Асан мен Бұқардың да мотивтерін де кездестіре аламыз. Алайда, ақын ретінде


Махамбеттің де өлең құрылымына немесе поэзияға, соның ішінде қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы жетерлік. "Арғымаққа айдай таға тақтырса", "Күмісті мылтық қолға алып", "Арғымақтан туған қазанат", "Еңіреу ұлы емшек боз", "Мен тауда ойнаған қарт марал" жыр жолдарынан бұрын-соңды кездестірмеген теңеу, алмастыру, ауыстыру, мегзеу сынды әдеби тәсілдерді кеңінен қолданғанын көре аламыз.
Өлең жолдарында кездесетін қазақы иірімдер немесе пайдаланылған теңеулер қайталау үлгілері Махамбет өлеңдері ешкімде жоқ теңеулердің көрінісімен ғана емес, оқиғаның көрінісін шебер суреттеуімен де құнды. Соғыстың бейнесін кейінгі ұрпаққа болғандай етіп, ерекше көңіл-күймен сезіндіре білу де – ақынның басты ерекшелігі. Оның өлеңдері азаматтық лирикадан бұрын саяси үгіттік лирикаға келеді. Қазақ ауыз әдебиетінде Махамбет өлеңдерінің басты ерекшелігі ретінде лириканың ерекшелігін әр өлеңінде сан түрлі жолмен беруін айта аламыз. Бір өлеңінде арнау арқылы берсе, келесі өлеңі зарлай арнау ретінде жүзеге асқан. "Жалғыздық" немесе "Қайда бар" өлеңдерін оқитын болсақ риторикалық сұрау немесе "Тарланым", "Мұңайма" өлеңдерін оқу арқылы философиялық байламдарды оңай аңғара аламыз.
Біздің фольклорда Махамбет өлеңдерінің айтарлықтай орны бар. Өйткені ақын мотиві өзгеге ұқсамайды. Поэзияның тәсілдерін өз заманында-ақ ұтымды пайдалана білген ақын шеберлігі кім-кімді болса да таң қалдырары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет