Кіріспе Махамбет өлеңдеріндегі қайталау түрлерінің ерекшеліктері Зерттеудің мақсаты


Махамбет өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар



бет3/6
Дата24.11.2023
өлшемі59,06 Kb.
#125486
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоба 35

1.2 Махамбет өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар
Махамбет поэзиясының тілі - шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген. Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білу жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, анықтық дәлдігі, әр алуан поэтикалық тілдің элементтерін (эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де өзара байланысты түрде де өте шеберлікпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде [1.1135].
Өз дәуірінің асқақ лексикасы - жауынгерлік фразеологизмдерді шешен тілдің тірегі еткен Махамбет өз кезіндегі ұрыс-соғысты эпикалық жырдағыдай көтеріңкі рухта суреттеп баяндайды. Батырлар жырындағы қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары тұрақты эпитеттермен өзгеріссіз қолданылады: егеулі найза, толғамалы найза, сұр жебе, қозы жаурын оқ, алты құлаш ақ найза, балдағы алтын құрыш болат, ақ семсер т. б. Бұлар - сандаған ғасырлар бойы атадан балаға мирас боп, ердің ері асынған қару­-жарақтар.Махамбет бір найза сөзіне бірнеше эпитет сөз тіркестіреді: толғамалы найзамен, қоңыраулы найза, қималы найза, алты құлаш ақ найза, жасаулы найза, егеулі найза, болат найза.[1.110]
Махамбет өлендері, негізінен, ерлік, жауынгерлік стилінде туған өлеңдер. Осыған орай, Махамбет қолданатын эпитет, теңеу, метафоралар да осы стилді қабатты құрайтын үлгіде жазылған. Махамбет эпитет жасауда өзіне дейінгі жыраулардан ұзап кетпеген. Оның өлендерінде кездесетін эпитеттердің көбі - білтеліге доп салу, беркініп садақ асыну, қорамсаққа қол салу, ақ алмасын суару, жаңбырдай оқ жаудыру, қанын судай төгу, қанды көбік жұтқызу, қамалды- бұзу сияқты халық жыр-­өлендерінде кездесіп отыратын эпитеттер. Ақынның сөз қазынасында: «Тауда ойнаған қарт марал, қарақұстан туған қалықпан, суаруы қанық көк сүңгі, темір қазық жастану біздің қайсар батыр, мынау жалған сұм дүние, адыра қалған қу Нарын» т.б. сияқты өзі жасаған тың образдар сол дәуір поэзиясы үшін жаңа дүние болды [2.182-183].
Ақынның тіл шеберлігін көтерілісшілерді бейнелеген өлеңдеріндегі образды сөздер де айқындайды. Халық қамқоры болған өздеріндей ерлерді ол бірде мамығын төгіп, балапанын бауырына басып қорғайтын қыранға, бірде көлін қорғап безек қаққан қызғыш құсқа ұқсатады. Халық батырларының бойларына тән асыл қасиеттер, олардың жан тазалығы, басына түскен ар азаптары табиғи құбылыстарға баланып суреттеледі.
Асқар,асқар,асқар тау,
Асқар асқар,асқар тау.
Асқар таудың су бүркіт
Ылдидың аңын шаабар ма?!
Махамбет қазақи тәрбие алып, қазақи өнеге көріп, қазақ топырағында кіңдік кесіп, кір жуған ақын. Coндықтан оның жырларындағы образдар мен теңеулер негізінен төрт түлік мал (аруана, мая, жампоз, арғымақ, қазан ат, айыр, нар, жабы, тарланбоз, бөлек, бура, буыршын т.б.), аң-құс (тарпаң, бұлан, киік, қызғыш, серек, қу, қумай, жолбарыс, арыстан, марал т. б.) қатарлары болып келеді. Aқын осылардың барлығын жырларында теңеу, астарлау, айқындау қатарлы тілдік шеберлікке қолданып, жырдың ұлттық бояуын арттырады, сезімді дәлме-дәл, нақтылы образбен өрнектеп, сөзді ажарландырып, ой тереңдігін айшықтайды. Махамбеттің «Еңселігім екі елі» атты өлеңі - тұтастай поэтикалық автопортреттік шығарма. Он бес тармақтан құралған өлеңнің композизиялық құрылымы көріктеу-бейнелеу сөздердің шоғырлана жинақталған қалпымен ерекшеленеді. Өлең тармақтарында өзара үйлесімділікпен тіркескен эпитет, метафора, теңеу сөздердің өрілімі ақындық шеберліктің суреткерлік табиғатын аңдатады:Автопортреттік көркемдік жинақтау жүйесінде ақынның мінез-құлық сапасын құрайтын барлық қасиеттер тыңдаушыларына, оқырмандарына психологиялық тұрғыда ұғындырылады. Қазақ жағдайында Махамбет те үлкен реалистің бірі болды, шындықты сүйді. Хан оны өз жыршысы етіп алмақшы болып, «тәрбиелеп» жүргенде де ол Жәңгірге:
«Хан емесссің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың »
«Хан емессің қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұщпаның сені басқа ұрсын.
Хан емессің ылаңсың,
Айыр құйрық шаянсың»,деген болатын.
Бұл үзіндіде ханның ішкі-тысқы сипаты ешқандай бүркеншіксіз тура айтылған шымыр, ширақ, улы Һәм уытты, мысқыл, масқара мазақ. Бұл жерде қолданылған сарказм шығарма тіліне қылыш жүзіндей өткір сұс - тиген жерін тіліп түсер тегеурінді күш бітіреді [3.221].Бір нәрсені мақтайын десе, не үлкейтіп көрсетейін дегенде әсірелеуді пайдаланса, бір нәрсені кішірейтіп көрсету үшін, не істің оңға келмей қалғанын суреттеу үшін ол литотаны қолданады.
Қорытындылай келе, тақырыбы көбіне көп нақтылы болғандықтан, Махамбеттің еншісіне сол нақтылыққа сай жаңа образдар мен жеке сөздерді әдеби тілге қосу үлесі тиген. Бірақ, жаңа бағытты жеткізуде Махамбет өзіңе дейінгі қазақ поэзиясының, оның ішінде жыраулар мектебінің ең күшті құрал-тәсілдерін кәдеге асырады. Бұл ­Махамбет поэзиясының басты ерекшелігінің бірі болып табылады. Осы белгісі арқылы Махамбеттің әдеби тіліміздің даму барысындағы орны да ерекше шығады: оны өзіне дейінгі поэтикалық дәстүрді жинақтаушы (синтездеуші) ақын ретінде танытады. Махамбет - өзіне дейінгі қазақ поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан, шыңдалған, елек көзінен өткен табысын бір жерге түйіп тастап, оны әрі қарай жаңа бағытта жалғастыруға бет алған суреткер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет