Кіріспе Табиғтты зерттеу заңдылықтары



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132198
1   2   3   4
Николай Кузанский (1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады. Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз.

Кампанелла Томмазо, 1582 жылы монах ретінде шашын күзегенге дейін Джованни Доменико (1568 – 1639) – италиялық философ, ақын, саяси қайраткер. Бастапқы утопиялық коммунизм ағымы өкілдерінің бірі. Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. 1599 жылы Италияны испан езгісінен азат ету мақсатымен көтеріліс ұйымдастыруға әрекет жасады. Астыртын әрекеті әшкереленіп, Кампанелла ауыр азаптаудан кейін түрмеге қамалып, онда 27 жыл отырды. Сонда отырып ол жеке меншіктен ада, жаппай молшылыққа кепіл болатын, бірақ тұрмысты реттеп отыратын, шын мәнінде абыздар билігі сипат алған мінсіз қоғам туралы өз утопиясы “Күн қаласын” (1602) жазды. Ол 1623 жылы жарияланды. “Күн қаласы” – кейінгі қоғамдық ой-пікірлердің дамуына елеулі ықпал жасады..


Кампанелла Томмазо
1582 - 1639
Макиавелли Никколо (итал. Niccolò di Bernardo dei Machiavelli; 3 мамыр 1469 жыл, Флоренция — 21 маусым 1527 жыл, сонда) — италиялық философ, жазушы, саясаткер- флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі.
Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет.Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.
Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет