Ақпараттық ресурс әдісі. Білім алушының оқулықпен, анықтамамен, ғылыми-танымал және оқу әдебиеттерімен жұмыс жасауы дидактикада маңызды оқу әдістерінің біріне жатқызылады. Қазіргі таңда бұл түпнұсқаларға электрондық басылымдар мен ресурстарды қосуға болады. Бұл әдістің ең басты құндылығы – оқушының игеретін оқу ақпаратқа өзіне қажетті қарқынмен және ыңғайлы уақытта қол жеткізіп, көп рет қайталауға мүмкіндік алуда. Оқу әдебиеттері мен мультимедиа құралдары арқылы үйренетін, дамитын, тәрбиеленетін, талаптанатын, бақылаушы сияқты барлық дидактикалық функцияларды сәтті орындайды. Оқу әдебиетімен және электрондық білім беру басылымдарымен жұмыс жасау әдісі мектепте тиімді қолданылуда. Дегенмен, ақпараттық жүйенің қарқынды дамуы жағдайында оқу әдебиетінің құндылығын әрдайым қарастырып отыру қажет болады.
Бұл жағдай мұғалім алдында үлкен мәселе тудырады: оқу материалын баяндау кезінде қайсы ақпараттық ресурстарға жүгіну керек, білімді өз бетінше игеру және жадыда сақтау үшін оқушыларға қай ресурсты ұсыну керек?
Тағы маңызды фактордың бірі, интернет желісінде жүзеге асырылатын заманауи гипермедиа-технологиялар әртүрлі желілерде орналасқан үзінді мультимедиа-ақпараттарды өзара бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік жасайды, оны құрылымдауға мүмкіндік береді. Осылайша, түгелденген ақпараттық ресурс пайда болады және оның көлемі іс жүзінде шексіз болуы ықтимал.
Осы әдістің басқа стандартты программалық оқыту және әдебиеттермен жұмыс жасау әдістерінен басты айырмашылығы мынады:
- қолданылатын электрондық білім беру басылымдары интернет желісінің түрлі серверлерінде орналасады;
- ақпараттық ресурстардың саны және олардың арасындағы байланыс іс жүзінде шексіз бола алады;
- ақпаратты гипертекст көмегімен жіберу жүйесі оқушыға оқу материалын қарастыруда өзіндік жолды табуға, білімді өзінің қажеттіліктері және мүмкіншіліктері бойынша тереңдетіп, кеңейтуге мүмкіндік береді;
- интернет желісінде қолданылатын гипермедиа-технологиялар қажет болған жағдайда оқу материалына иллюстрацияларды, анимацияларды, бейнекөріністерді қосуға және ақпаратты дыбыстандыруға мүмкіндік жасайды.
Ақпараттық ресурс әдісін қолданудың негізігі мақсаты – көп мөлшерде әрқилы түрлі ақпараттардың ортасынан оқушы өзіне қажеттілерді таңдау арқылы теориялық білімін бекіту және кеңейту. Бұл ақпараттар оған қажетті және оның танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Ақпараттық ресурс әдісін пайдаланған кезде оқушының қызметін мұғалім басқарады – бұл нақты білімдерді хабарлау, білімді кеңейту және бекіту мақсатымен ақпараттық ресурстарды жүйелендіру және таңдау, сонымен бірге, білім алушылардың білімін қадағалауды іске асырады.
Ақпараттық ресурс әдісінің кемшіліктерінің бірі мұғалім жағынан кететін уақыттың көптігі, яғни, электрондық білім беру басылымдарын құрастыру және жүйелендірумен байланысты, оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологиялар пайдаланатын құралдардың сапасына қойылатын талаптардың жоғарылығы, оқушы тарапынан ресурстардың (ұқсас интерфейстер және навигациялар) бірыңғайлылығы: навигация, қарап байқау, оқу және т.б.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы орта білім беру жүйесінде дәлелді түрде қолданған ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мүмкін факторларын ескере отырып, жекеге бағдарланған оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Жеке тұлға» ұғымы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту теориясының орталық орындарының бірі болып табылады. Анықтамаға сәйкес, тұлға дегеніміз рухани даму мен ақыл-ойдың жоғарғы деңгейіне жеткен, дамыған ойға ие болған жеке тұлға болып табылады; ол өзінің ойлау қабілетін өнер-білім жасауда қолдана алатын, өзін және сыртқы жағдайларды басқара алатын шығармашылық адам.
Тұлғаға бағдарланған білім оқушыны барлық білім беру үдерісінің негізгі бағасы деп қарастырады; оқушылардың жеке сапасының қалыптасуына және дамуына, ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды: шығармашыл, белсенді, бастамшыл тұлға болуына, оқушылардың танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың ақыл-ойын, әлеуметтік және қатынастық мүмкіндіктерін, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту әдеттерін жетілдіру; қоғамның өз бетінше білім алуға, жаңа әлеуметтік жағдайларда қайта мамандану және бейімделуге қабілетті мамандарды қажет етуіне бағдарланған.
Тұлғаға бағдарланған білімнің негізгі мақсаты:
- білімге деген құштарлықпен оқушының тұлғалық дамуына, оның зияткерлік және рухани бастауына, адамгершілік қатынас сияқты шарттарды қанағаттандыратын жағдайды жасау.
Жалпы білім беру ортасында ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану жағдайындағы тұлғаға бағдарланған білімнің дидактикалық қағидалары:
- жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау қағидасы;
- оқушының белсенді субъект ретінде танылуы қағидасы;
- оқушының әлеуметтендірілуі қағидасы;
- оқушының жеке тәжірибесі қағидасы;
- оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту, өзіне-өзі білім беруі қағидасы;
- оқушының жеке тұлғалық психофизиологиялық ерекшеліктері қағидасы;
- тұлғаның қарым-қатынастық мүмкіндіктерінің дамуы қағидасы.