Кіріспе тақырыптың өзектілігі


БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫ ДЕРБЕСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МҮМКІНДІКТЕРІ



бет3/33
Дата15.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#115293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Нұрлан Үміт (копия)

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫ ДЕРБЕСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МҮМКІНДІКТЕРІ

Оқушының интеллектуалды және моральдық жетілуін, оның әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыруды көздейтін мектептегі оқытудың мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады.


Қоғамның қазіргі даму жағдайындағы мектептің маңызды міндеті – білімді өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыру [1].
Ғылым, өнеркәсіп, қоғамдағы өзгерістер жылдамдығы әлемдегі жетекші үрдіс болып табылады. Әлемдегі білім берудің басты үрдісі – білім берудің үздіксіздігі. Сондықтан пәндік білімді игеру процесі арқылы оқушы үшін бұрын белгісіз жағдайда өз бетінше әрекет етуге дайындау қажет [21].
Оқушыларды оқулықтан, оқу құралдарынан, қосымша әдебиеттерден қажетті ақпаратты дербес табуға үйрету қажет. Сызбалар, кестелер, диаграммаларды сыза отырып, қысқаша конспект түрінде жаңа негізгі ақпаратты жазу және өңдеуге; алынған жаңа білімді өзбетінше пайдалану және бұрынғы білімді жүйелеуге; білім, білік, дағды негізінде жаңа ерекше туындыны жасауға үйрету қажет [38].
Оқыту мұғалімнің де, оқушының да белсенді әрекетін құралады. Ең бастысы – оқушыларды дербес өзбетінше жұмыс істеуге үйрету. Шын мәнісінде нағыз мұғалім оқушыны оқытпай-ақ, оқушылар ол мұғалімнен өздері үйренеді. Осылайша мұғалім оқушы меңгеретін білімді бере алады. Ақпаратты беріп, оқу еңбегінің біліктерін өңдеуге, алған білімін қолдануды қалыптастыруға көмектесу керек [22].
Сабақта өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- сабақтағы кез-келген өзіндік жұмыстың белгілі бір мақсаты болуы керек, оқушы оған жету жолдарын білуі керек;
- оқушының оқу мүмкіндіктері өзіндік жұмысқа сәйкес келуі керек, ал жұмыстың күрделілігі бір деңгейінен екіншісіне біртіндеп ауысуы керек;
- мұғалім әртүрлі жұмыс түрлерін ұсынады;
- ол тек жұмыстың орындалуын басқаруы керек;
- өзіндік жұмыс қатаң үлгіде болмауы керек [9].
Өзіндік жұмыс басқару көзіне, ынталандыру сипатына байланысты саралануы мүмкін:
- үлгі бойынша өзіндік жұмыс;
- жағдай өзгергенде жұмыс алгоритмін өзгертетін өзіндік жұмыс;
- бірнеше белгілі әдістерді ауыстыратын және оларды біріктіретін өзіндік жұмыс;
- проблемалық тапсырманы шешудің жаңа әдісін жасайтын өзіндік жұмыс [30].
Тек өзіндік жұмыс ғана оқушыны сұраққа жауап іздеуге, қосымша әдебиеттерді оқуға, ең бастысы, маңыздысын бөліп көрсетуге, табиғат құбылыстарына түсініктеме мен түсінік беруге, ойлауға және іздеуге, гипотеза жасауға, білім алуға үйретеді.
Өздік жұмыстарды жүйелі түрде орындау білім сапасына, ойлау қабілетінің дамуына және оқушылар психикасының жағымды жақтарын тәрбиелеуге әсер етеді [19].
Биология пәнінің мазмұны оқушының дербес орындайтын жұмыстардың әртүрлі формаларын қолдануға мүмкіндік береді: биологиялық эксперимент жүргізу (тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар); оқу әдебиеттерімен және көрнекілікпен жұмыс; жұмыс дәптерлерін пайдалану; АКТ құралдарымен жұмыс, экскурсиялар, баяндамалар, жазғы тапсырмалар, үй тапсырмалары, сонымен қатар сабақтағы білімді жалпылайтын және жүйелейтін өзіндік жұмыстар [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет