Кіріспе тақырыптың өзектілігі



бет2/33
Дата15.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#115293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Нұрлан Үміт (копия)

Зерттеу жұмысының нысаны: орта мектепте биологияны (9-сынып) оқыту үдерісі
Зeрттeу жұмысының жаңалығы: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуда (9-сынып) дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесінің құрастырылып, оның оқу үдерісіне енгізуге ұсынылуы. Зерттеу пәні: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімшесін оқытуға арналған дербес дамыту технологиясын қолдану әдістемесі
Диплoм жұмысының құрылымы: диплoм жұмысының мақсаты мeн міндeттeрінe сай түзілгeн. Диплoм жұмысы кіріспeдeн, eкі бөлімнeн жәнe сoған сай тақырыптардан, қoрытындыдан жәнe пайдаланылған әдeбиeттeр тізімінeн тұрып, кoмпьютeрдe тeрілгeн - бeтті қамтиды.


  1. ОРТА МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ДЕРБЕС ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІГІ /МҮМКІНДІКТЕРІ/

    1. ОҚУШЫНЫ ДЕРБЕС ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ


Оқушының жеке қасиеттерінің бірі – оның дербестігі. Бұл оның алдына мақсат қоя біліп, сол мақсатқа жететіндігімен айқындалады. Бірақ бұған өз күшін жұмсауы керек. Дербестік – бұл адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілігі және өзіне таныс ортада, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді қажет ететін өзіне таныс емес ортада саналы түрде бастамашыл әрекет жасай алу қабілеті [8].
Оқушының жетістігі, оның дербес жұмысының көрсеткіші болып табылады. Оқушы дербестігінің үш деңгейін көрсетуге болады: басқа оқушының жасағанын қайталауы, өз туындысы және шығармашылығы. Оқушының дербестігін оның жеке қасиеттерінің бірі ретінде қарай отырып, әр қырынан қарастыру керек. Осылайша оқушы дербестігі дәрежесінің критерийлерін көрсете аламыз:

  1. Оқушының оқу іс-әрекетіне қатынасы; оның қызығушылығы;

  2. Мотивация мазмұны мен оның тұрақтылығы;

  3. Білімі мен дағдысының қалыптасу деңгейі.

Осыдан дербестіктің үш деңгейін көрсетуге болады: еліктеушілік-пассивті (төмен); активті-ізденушілік (орташа); қарқынды-шығармашыл (жоғары)[14].
Жоғарыда көрсетілген компонеттердің әрқайсысы әр оқушыда өзінше байқалады. Оқушыларды дербестігінің дамуына қарай топтастыру күрделі жұмыс. Осыған қарамастан, қазіргі уақытта мұғалімдер мүмкіндігінше оқыту үдерісінде оқушыларды жіктеп алуға тырысады. Өйткені, оқушының дербестігіне қарай кейбіреулеріне мән берілмей қалуы мүмкін. Сондықтан керісінше оқушы дербестігі деңгейін ескеріп, оны әрі қарай дамыту қажет. Оқушы өзінің кемшіліктерін біліп, оны түзетуге тырысқан жағдайда бұл үдеріс тиімдірек болады. Сыныпта оқушы мен мұғалім екеуі бірлесіп жұмыс жасаған кезде ғана оқушы алға қарай ұмтыла алады [46].
Оқушының туынды дербестігі шығармашылық дербестікке ұласқан жағдайда оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен өзбетінше жұмыс жасауы дамиды. Бұл үдерісті басқару өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын бірнеше этаптан тұрады [34].
Қазіргі уақытта білім берудің мақсаты – әр оқушының жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету және олардың білім стандарты көлемінде білім алуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оның одан әрі дамуына және оқуға деген ынтасын арттыруға мүмкіндік беру. Мұндай мәселені шешудің көптеген жолдары бар. Бүгінгі таңда баланың жеке басы мен қабілеттерін дамыту, оны ересек өмірге дайындау, адам құқықтарын, туған елінің және басқа елдердің мәдени ерекшеліктерін құрметтеуге тәрбиелеу бірінші орында тұр. Дегенмен, оқушылардың басты қасиеттерінің бірі – оның дербестігі екені ескеріледі. Бұл оқытудың ең маңызды шарты болып табылады. Ал іс – әрекеттің мақсатын қоя білу, мәселені шешу үшін қажетті міндеттерді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін өзектендіру; өз іс-әрекеттерін жоспарлау, олардың орындалуын түзету, нәтижені мақсатпен байланыстыру – бұл оқушының өзіндік дербес қызметі. Бірақ, өкінішке орай, бүгінде оқушылар мұндай дағдыларды толық қолдануға дайын емес. Егер мұғалім оқушылардың өзбетінше оқу, өзін-өзі бақылау дағдыларын жүйелі түрде қалыптастырса, онда адамның ойлау қабілеті белсенді дамиды. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоғарыда аталған дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді [10].
Ал, өзіндік жұмыс – бұл мұғалім ұйымдастырған, білімді іздеуге, оларды түсінуге, шоғырландыруға, білік пен дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға, білімді жалпылауға және жүйелеуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті.
Дербестік белгілі бір іс-әрекет түрлерін игеру процесінде қалыптасады және бұл жеке тұлғаның түпкі қасиеті емес. Дербестікті табысты дамыту мүмкіндігін ашатын шарттардың бірі - тұлға туралы білімді жинақтау [48].
Философтар мен ойшылдар ежелгі дәуірдің өзінде тәрбие берудің мақсаты және оқытуды белсендіру құралы ретінде оқушылардың дербес ойлауын дамыту туралы ойлады. «Оқуға қалай үйрету керек?», «Дербес білім алудың жолдарын қалай табуға болады?» сияқты сұрақтарға жауап іздеудің ұзақ тарихы бар, себебі білім ежелден адамзаттың үлкен байлығы болып саналды [16].
Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен формаларын қолдану – қазіргі заманғы білім берудің тапсырысы. Тек түсіндірме-иллюстрациялық және репродуктивті әдістерге сүйену дұрыс емес. Бұл кейбір оқушыларға көбірек материал, ал басқаларына азырақ материал ұсынылады дегенді білдірмейді. Әркім минимум талаптарымен шектелмейтін толыққанды оқу процесін меңгеруі керек. Әйтпесе, міндетті дайындық деңгейіне қол жеткізу мүмкін емес және одан да көп нәрсеге қабілетті оқушыларды жоғалтып алуы мүмкін. Бұл жалпы оқу деңгейі міндетті талаптар деңгейінен де жоғары болуы керек дегенді білдіреді [32].
Оқу іс-әрекетінің сараланған формасы сараланған тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыс жасауды меңзейді. Мұндай тапсырмаларда оқушылардан құрылған топтардың ерекшеліктері ескеріледі. Бұл топтарға оқушылар пән бойынша алған білімі мен дағдысының және оларды меңгерудің бірдей деңгейімен біріктіріледі. Педагогикалық практикада оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асырудағы қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде бұл процесті педагогикалық технологиялар арқылы өңдеу жеткіліксіз [44].
Оқушылар өзіндік жұмысты топпен, жеке және сабақтардағы фронтальды тапсырмалар, кеңестер, үй тапсырмалары арқылы орындауына болады. Сонда өзіндік жұмыстың төмендегідей негізгі белгілері бар:
- оқушылардың мақсатқа жетуге бағытталған ақыл-ой және физикалық күш-жігері;
- мұғалімнің тапсырмасының болуы;
- мұғалімнің жұмысқа тікелей қатысуының болмауы;
- арнайы уақыт бөлу;
- жұмыс нәтижелері.
Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың танымдық белсенділігі жүзеге асырылады. Олар нақты нұсқаманы, педагог тарапынан түсіндіруді қамтымайды, бақылаусыз ашық нысанда жүзеге асырылады. Оқушының өзі білімді кез-келген жаңа фактілерді, құбылыстарды анықтау үшін қолданады, шешудің жолдарын дербес іздейді және өзі үшін жаңа нәтижелерді алады. Оқушылардан еркі және ақыл-ой мен практикалық әрекеттерді шоғырландыруы талап етіледі. Мұнда ең бастысы – материалдың мазмұны мен оқушының жеке мүмкіндіктеріне байланысты дербестігі. Оқушы өз бетінше жасауға мәжбүр болатын белсенді әрекеттер өзбетінше жұмыстың қарапайым түрлерін қажет етеді. Оқушыларды белсенді танымға тарту, ынталандыру өзіндік жұмыстың тағы бір ерекшелігі [30].
Оқушының алдына оқу міндеті қойылып, үлкен рөл атқарады және әрі қарай «өзіндік жұмыс» ұғымына біртіндеп ауысады. Бұл мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің біртұтас жүйесі, ол ішкі және сыртқы жақтардың бірлігін көрсететін көптеген белгілер арқылы ашылады және оқу процесінде олар ажырамайды. Оқушылардың іс-әрекетінің мотиві, олардың ақыл-ой және ерік-жігері, ақыл-ой операциялары, практикалық әрекеттері, оқушылардың дербестігі тапсырманың мазмұнын, оның ұсынылуын, мұғалімнің нұсқауларын, қолданылатын оқыту құралдарын және оларды ұйымдастыруды анықтайды. Оқушының дербес әрекеті мұғалімнің бақылауына, түзетуіне, кеңес беруіне, қосымша нұсқаулар мен басқа да арнайы іс-әрекеттер жасауына итермелейді.
Мұғалімнің міндеті топтың іс-әрекетін ұйымдастыру, танымдық қызығушылықты бағыттау, қажетті жағдайлар жасау. Бұл оқушылардың еріктілігі мен тәуелсіздігі үшін шығармашылық бастамаларын сақтау үшін маңызды. Мұғалім тапсырма мен нұсқаулыққа сәйкес процесті ұйымдастырады және басқарады, жағымды мотивтерді, өзін-өзі басқаруды, шығармашылықты ынталандырады [16].
Білім беру процесін жүзеге асыру үшін оқушылардың дербес оқу іс-әрекеті мен коммуникациясының пайда болуы қажет болды. Оқу іс-әрекеті оқушыларда проблеманың туындауына байланысты педагогикалық іс-әрекеттен дербес іс-әрекетке қарай ауысады. Оның негізгі құрылымдық компоненттері төмендегілер: мақсаты, мотиві, мазмұны, әрекеті және нәтижесі [38].
Сабақтағы дербес іс-әрекеттің білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мәні оқушының оқу тапсырмасын, ақыл-ой, практикалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін орындаумен анықталады.
Дербес іс-әрекетке тән көріністердің бірі – өзін-өзі бақылау. Мұғалімнің басшылығы қаншалықты белсенді болса да, оқушы өз әрекеттерін өзі басқара алмаса, жұмыс нәтижелеріне қол жеткізу мүмкін емес. Жиі кездесетін қиындықтардың бірі – бұл оқушының өзін-өзі тексере алмауы. Мұны көптеген мектеп оқушылары дербес жұмыс жасау барысында басынан өткізеді.
Дербес іс-әрекет әрқашан нәтижемен аяқталады. Оқушы мұндай жұмысқа өзбетінше келеді, сондықтан олардың құндылығы мен маңыздылығы мұғаліммен бірлесіп жұмыс жасағандарға қарағанда анағұрлым айқын болады [12].
Дербестіктің көрінісі оқушылардың тәжірибесіне, олардың оқу процесіндегі өзіндік жұмысының деңгейіне байланысты. Тіпті бір сыныптағы оқушылардың дербестігі әртүрлі болуы мүмкін. Кейбіреулері – бастама көтереді, жаңа ізденістер жасайды, белгілі бір оқу мәселесін шешуде бар білімдерін жаңа жағдайларда қолдана алады; басқалары – қарапайым оқу тапсырмаларын орындауда дәрменсіздікті байқатады. Соңғылары кез-келген жаңа мәселені түсіндіруге мұқтаж, барлық іс-әрекеттерде батылсыздық танытады. Бұлар сирек сұрақ қояды, бұларға ең оңай тапсырмалар беріледі, себебі кішкене қиындықтың өзінде олар тығырыққа тіреледі. Сондай-ақ, ақыл-ой әрекеті мен практикалық іс-әрекетте көбірек дербестік танытатын оқушылар да бар. Сондықтан, сыныптағы оқушылардың дербестігінің әртүрлі дәрежесін ескеру өте маңызды [36].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет