Кіріспе тақырыптың өзектілігі


Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау



бет7/33
Дата15.10.2023
өлшемі3,73 Mb.
#115293
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Нұрлан Үміт (копия)

Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалау қағидасы оқушыға адамгершілік қарым-қатынас, жеке тәжірибесін алып жүруші ретінде жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауын мойындау, жеке тұлғалық тәуелсіздіктің дамуы мен сақталуына, шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қоғамға пайдалы жеке және зияткерлік мүмкіндіктеріне негізделген.
Оқушының белсенді субъект ретінде танылуы анықталу қағидасы оқыту үдерісінде педагогикалық әсер мен ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын нақты таңдау әрбір мектеп оқушысының белсенділігімен, өз бетінше мақсат таңдауымен, оқу жылдамдығымен анықталатынын білдіреді.
Оқушының әлеуметтендірілуі қағидасы тұлғаның әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуына бағытталған.
Оқушының жеке тәжірибесі қағидасы нақты жеке тұлғаға қажетті педагогикалық әсерлер мен ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын таңдау есебіндегі оқуды барынша даралауға және саралауға мүмкіндік беретін мектеп оқушысының жеке тәжірибе есебін бағамдайды.
Оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі оқыту, өзіне-өзі білім беруі қағидасы тұлғаға бағытталған білімнің негізгі мектеп оқушысының өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі оқытуына мүмкіндік туғызатын оқу қызметіне жағдай жасау болып табылатынын білдіреді.
Оқушының жеке тұлғалық психофизиологиялық ерекшеліктері қағидасы оқушылардың жан-жақты қабілеттері, тілектері, себептері, қызығушылықтары мен жоғары бағалаушылықтарының есебіне бағытталған.
Жалпы орта білім беруге арналған Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жүзеге асыру мектеп оқушысының барынша есепте келесі тұлғалық психофизиологиялық мүмкіндіктеріне жеке тұлғалық қасиеттеріне негізделуі керек:
- темперамент және еріктік сапалар;
- ойлау ерекшеліктері;
- қабылдау, есте сақтау, назар аудару ерекшеліктері;
- мотивация;
- өзін-өзі бағалау;
- талаптану деңгейлері.
Тұлғаның қарым-қатынастық мүмкіндіктерінің дамуы қағидасы қоршаған ортадағы адамдарды бағалау мен құрметтеу, басқа адамдарға адамгершілік қарым-қатынас жасау, сөйлесу әдебі, серіктестерінің ойларын ескере отырып, өзінің позициясын қорғау әдептерін құрастыруды қарастырады [4].





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет