БІЛӘЛ НАЗЫМ (1825-1900)
ХІХ ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі – Біләл Назым 1825 жылы Құлжа (ҚХР) қаласында туған. Біләл жас кезінде ата-анасынан айрылып, ағасы Жалалиддин екеуі жетімдік тауқіметін көп тартады. Ағайын-туыстарының ағалы-інілі жетім балаларға көрсеткен зорлық-зомбылығын Біләл Назым жас шағында жазған өлеңдерінің бірінде:
Әкем де өліп кегкен,
Анам да өліп кеткен.
Жат емес, туысымнан
Қайғы һэм қасірет жеткен.
Жақыным жаққан оттан
Жан-дүнием жанып кеткен, – деп мұңдана жырлайды.
Құлжа қаласындағы медресені бітіріп, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Біләл Назым Шығыс классикалық поэзиясы үлгілерін түпнұсқадан оқи алатын дәрежеге көтеріледі. Біләл Назым өзінің нәзік иірімдерден өрілген лирикалық шығармаларымен жас шағынан-ақ күллі Шығыс Түркістан өлкесіне кеңінен танымал болады.
Біләл Назым есейе келе Орта Азиядағы діни білім беретін ірі оқу ордасы – Бұхарадағағы «Көкелташ» медресесінде білімін тереңдетуді, сонымен қатар мұсылманның бес парызының бірі – Меккеге барып қажылық міндетін өтеуді мақсат етеді. Дегенмен, әртүрлі тұрмыс түйткілдері мен қолының қысқалығы оған мүмкіндік бермейді. Халық арасында мәтелге айналған:
«Пұл тапсам – дейді Назым,
Меккеге етем тағзым», – деген жыр жолдары ақын арманының айғағындай болып ел жадында сақталған.
Біләл Назым ағасымен бірге І864 жылы Іле уәлаятында (ҚХР) болған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, ағасы Жалаладдин осы ұрыста қаза табады.
1882 жыяы Ресей әскері Петербург келісіміне сәйкес Іле уэлаятын Манычжур-Қытай әкімдеріне тастап шығып кетеді. Осы оқиғадан кейін Іле өлкесінде ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы- ларды, озат ойлы азаматтарды кудалау басталады.
Осы кезеңде мыңдаған ұйғырлармен бірге Біләл Назым туған жерінен Жаркент (Қазақстанға) қаласына қоныс аударуға мәжбүр болады. Өмір бойы туған жері - Іле өлкесін (ҚХР) ту етіп жырлап өткен Біләл Назымға (1900 ж) Жаркент қаласынан топырақ бұйырады.
Біләл Назым күллі Шығыс Түркістанға шайыр ретінде ерте танылган. Ақынның Шығыс классшстерішң үлгісімен 1851 жылы жазылған «Ғазалият» өлеңдер жинағына адал достықты, кіршіксіз махаббатты айшықтаған әсем жырлары енеді. Оның әсем жырларына құмартқан халық өлеңдерді жаттап, көшіріп алып, шайырдың жырлары халық арасына кең тарап кетеді. Біләл Назым өзінің жауһар жырлары арқылы ұйғыр поэзиясының көкжиегін кеңейткен кемел қаламгер.
Біләл Назым 1876 жылы Құлжа қаласында тұрған кезінде өзінің «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» («Ғазат дәр мулки Чин») атты тарихи дастанын жазып бітіреді де, оны Қытайға барған орыстың шығыстанушысы Н.Н.Пантусовқа (1849-1909) өз қолымен тапсырады. Н.Н.Пантусов Білал Назымның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастанын Қазан, Петербург баспаларынан шығарады.
Ұйғыр әдебиеттанушылары тарапынан Біләл Назымның бұл дастаны әрі тарихи еңбек, әрі көркем шығарма ретінде жоғары бағаға ие болған. Бұл шығармада ақын ұйғыр халқының XIX ғасырдың екінші жартысындағы Манычжур-Қытай отаршыларына қарсы қиянкескі көтерілісін тарихи деректерге сүйене отырып, көркем тілмен тебірене жырларайды.
Білал Назым ұйғыр халқының әрі ақын, әрі батыр қызы Назыгум туралы халық арасындағы аңыз-әңгімелерді жинастырып, «Назыгум» дастанын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |