Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет2/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Дәрістің мақсаты: Студенттерге әзірбайжан халқы мен әзірбайжан әдебиетінің басты ерекшеліктерін ұғындыру.
Дәріс жоспары:
1. Әзірбайжан халқы туралы қысқаша мәлімет.
2. Әзірбайжан әдебиеті туралы шолу.
3. Низами Ганжауи
4. К.Насими
5. М.Физули.
6. Вагиф.
7. М.Ф.Ахундов


Дәріс мазмұны. Әзірбайжан Республикасы Үлкен және Кіші Кавказ тау жүйелерінде орналасқан мемлекет. Халқының саны – 8,2 млн. адам. Жер көлемі 86,6 мың км. Астанасы – Бақу қаласы. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі. Ұлттық валютасы – манат.
Әзірбайжанның құрамына Нахичебан автономиялық Республикасы мен Таудағы Карабах автономиялы облысы кіреді.
Әзірбайжандар негізінен Әзірбайжан Реслубпикасында, сонымен қатар Грузияда, Дағыстанда, Қазақстаңда, Ресейде және Орта Азияда және алыс шет еддерде – Иранда, Ирақта, Түркияда және Ауғанстанда тұрады. 1995 жылғы ресми мәлімет бүкіл әлемдегі әзірбайжандардың саны – 20 млн-ға жуықтайды.
Әзірбайжан әдебиеті көп жанрлы әзірбайжан халқының ауыз әдебиетінен және біздің заманымыздан бұрынғы VII-VI ғасырларда «Тарихтың атасы» атанған Геродот жазып қалдырған мидиялық дастандардан, сонымен қатар сол дәуірдегі ұлы мұра «Авестадағы» Иран шапқыншылық жорықтарына байланысты діни-философиялық мәтіндердің желілерінен бастау алады.
Геродоттың «Тарйхы» мен «Авеста» сияқты ұлы мұралар – тек әзірбайжан халқының ғана емес, Таяу және Орта Шығыс халықтарының бәріне ортақ әдеби ескерткіштер.
Әзірбайжан халқының ауыз әдебиеті – халықтың сан ғасырлар бойына өз күшіне деген сенімімен сусындаған тұрмыс-салтқа, еңбекке, махаббат және ерлікке байланысты өлең-жырлар мен эпикалық дастандар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз-әңгімелер түрінде көрініс тауып, әзірбайжан әдебиетіне мәңгі нәр берер рухани арна болып келеді. Осы арнаның ғажайып туындылары – «Көроғлы», «Асыпы-Керім», «Ашығ-Ғариб», «Шаһ-Исмаил» және т.б. дастандар әзірбайжан халқының көне тарихын, әдет-ғұрпын, дүниетанымын, сыртқы жауға қарсы ерлік күресін бейнелейді.
Әзірбайжан әдебиетінің лирикалык поэзиясына жататын туындылар – аяттар, гошмалар және ашугтар поэзиясы түркі халықтарының оғыз тобындағы ұлттар – әзірбайжандар, түріктер, түркімендерді – мазмұн жағынан да, түр жағынан да өзге түркі халықтарынан ерекшелейтін әдеби-мәдени мұралар болып есептеледі.
Сондай-ақ бірқатар түркі халықтары әдебиетінде кең тараған «Қорқыт ата кітабы» да («Китаби дедем Горгуд» ҮІІІ ғасыр) әзірайжан әдебиетінің бастау-бұлақтарының озық үлгісі. Әзірбайжанда ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда араб тілі, ал IX ғасырдан бастап парсы тілі ресми мемлекеттік тіл саналған. Сол себепті әзірбайжан әдебиетінің аса көрнекті өкілдері Исмаил Яссар (VII ғасыр), Ахмад Табризий (X ғасыр), Әли Бақуи, Хатиб Табризий (XV ғасыр) өз жырларын араб және парсы тілдерінде жазуға мәжбүр балды. Әйтсе, де бұл шайырлардың қолынан шыққан көркем туындылар өзінің табиғаты, идеялық мазмұны, қоғамдық-әлеуметтік өмірді сипаттауы тұрғысынан әзірбайжан әдебиетінің мұралары санатына енеді.
Әзірбайжан әдебиетіндегі өз шығармаларын араб-парсы тілдерінде жазу дәстүрі ХІХ ғасырға дейін көрініс берді. Әзірбайжанның ұлы шайырлары Низами Ганжауи (1144-І209) Абул-Алъме Ганжауи (ХПІ ғасыр), Фелеки Шируни (1118-1181), Эфзелиддин Қағани (1120-1199), Мұхаммед Физули {1494-1556), тіпті XIX ғасырда өмір сұрген Мырза Фатали Ахундовтар да (1812 1876) араб-парсы тіддерінде жыр жазу дәстүрін жалғастыра түсті.
XII ғасырдағы әзірбайжан поэзиясының биік шыңы – Низами Ганжауи мұралары. Оның жауһар жырлары әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл қазына.
ХVІ-ХУП ғасырлардан бастап халық ақындары – ашугтардың өлеңдері хатқа түсе бастаған. Ашугтар поэзиясы үлгілерінен біздің дәуірімізге Гурбани ашуг, Сары ашуг, Аббас Туфарганлы ашуг, Валех ашуг сияқты кейбір ашугтардың жырлары ғана жеткен. әзірбайжан ұлттық көркемөнерінің өзіндік жанры ретінде ашугтар поэзиясы қазіргі кезеңдегі әзірбайжан халқының да мәдени өміріне ерекше нәр беруде.
XVIII ғасырдағы әзірбайжан әдебиегінің көрнекті лирик ақындары Видади (І709-І809) мен Вагиф (17І7-І797) шығармалары сол кезендегі поэзияның кос шынары еді. Видади лирикаларында қатал қоғамда өмір сүрген азамат-ақынның қайғы мен мұңына мол орын берілсе, Вагиф шығармалары оптимистік рухқа толы болып келеді. Сонымен қатар Вагиф шығармашылығы әзірбайжан әдебиетінің реализм жолындағы маңызды кезеңі болып есептеледі. Вагиф дәстүрін XIX ғасырда әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілдері Абүлгасим Навати, Шукухи, Бахар Ширвани мен Хейран Ханумдар ілгері дамытты.
Солтүстік Әзірбайжанның XIX ғасырда Ресей құрамына енуі халықтың мәдени және саяси өміріндегі жаңа кезең болды. XIX ғасырдың алғашқы жартысында әзірбайжан әдебиетіне новелла, реалистік дастан және «кішкентай адам» бейнесі сияқты жаңа жанр үлгілерін әкелген дарынды қаламгерлер тобы қалыптасты. Олар: ғалым және ақын Аббасқұли аға Бақыханов, ақын Мирза Шафий Вазех, жазушы Исмайылбек Куткашинский сияқты сөз зергерлері еді. Осы кезеңде әзірбайжанның фанатизмге, артта қалушылыққа, қатаң тәртіпке қарсы бағытталған ағартушылық әдебиеті дами түсті.
XIX ғасырдағы қаламгерлер арасынан реалист жазушы, әзірбайжан драматургиясының негізін қалаушы, аса көрнекті қоғам кайраткері Мырза Фатали Ахундов (1812-1878) айрықша орын алады.
Гасимбек Зақир – өзінің сатиралық өлеңдерінде патша шенеуніктерінің сатқындығын, помещиктердің рақымсыздығын, көпестердің сараңдығын әшкерелеген XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкіддерінің бірі.
Ақын Сеид Азим Ширванидің ағартушылық қызметінің ықпалымен XIX ғасырдың екінші жартысында Бақу, Шамаха, Шуш қалаларында әдеби үйірмелер (меджлистер) құрып, жас ақындардың қалыптасуына бұл үйірмелер игі әсер етті. Шуш қаласындағы әдеби үйірме Хуршидбану Натаван есімімен байланысты болды. Драматург Н.Визиров патриархалдық артта қалушышыққа бағытталған тұрмыстық көріністерді бейнелейтін драмалар мен комедиялар жазды. А.Ахбердиев пен Ж.Мамедгулизаде драмалары күні өткен ескі тәртіп пен жаңа идеялардың пайда болуын сипаттайды. Аталған драматургтердің реалисгік шығармалары әзірбайжан драматургиясының дамуына ерекше үлес қосқан.
1906 жылы шыға бастаған «Молла Насреддин» журналында жаңашыл ақын М.А.Сабир шығармалары ерекше көрініс тапты. Ақын-драматург Жавид және ақындар А.Саххат пен М.Хади шығармаларынан романтикалық бағыттың әсері байқалады, Халық өмірімен тығыз байланысты прогрессивтік бағыттағы жазушылар XX ғасырдың 20 жылдарынадағы әзірбайжанның жаңа әдебиетінің қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
1932 жылы Әзірбайжан Жазушылар Одағы кұрылып, сол жылдары әзірбайжан әдебиеті барлық жанрда – поэзия, драма, прозада жан-жақты дамыды. Осы кезеңдегі әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілі Самед Вургун өз өлеңдері мен драматургиялық шығармаларында әзірбайжан халқына тән ерекшеліктер мен асқақ гуманизмді дәріптеді. Ол «Вагиф» (1937), «Ханлар» (1939), «Фархад-Шырын» (1941) сияқты тарихи романтикалық пьесаларымен әзірбайжан драматургиясының көкжиегін кеңейтті.
Әзірбайжанның сол кезеңдегі көрнекті ақыны Расул Рзаның «Сынау күндері» (1961), «Бояулар» (1962) сияқты шығармалары философиялық ой-толғамдарға құрылған.
Әзірбайжанның қазіргі кезеңдегі драматургиясы халықтық дастүрлерді барынша байытуда. Драматург Ж.Жаварлының «Севил», «Оттың келіні», «Алмас» сияқты пьесалары әзірбайжан халқының қазіргі және ертедегі тарихынан хабардар етеді. Драматург М.Ибрагимов өзінің «Хаят», «Махаббет» сияқты пьесаларында Жаварлы дәстүрін ұштай түсті. Жазушы М.С.Ордубадының «Тұманды Тавриз», «Астыртын Бақу» және Мехти Гусейннің «Таң», «Апшерон», «Қара кұздар» сияқты романдарында жаңа өмірге беттеген әзірбайжан халқының бетбұрысты кезеңдері көрініс тапқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет