Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет38/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

МОЛЛА-НЕПЕС (1810-1862)


Молла-Непес (Непес Қадірбердіоғлы) – түрікмен поэзиясындағы махаббат лирикасының айтулы шебері, классик ақын. Оның өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Ақын 1810 жылы Түрікменстанның Мары облысының Векилы-Базар ауданында дүниеге келген. Алғаш ауыл мектебінде, кейін Мары және Бұхара медреселерінде окыған.
Молла-Непес тек қана ақын емес сонымен қатар атақты музыкант және суырып салма өнердің иесі – бахшы болған. Кейбір деректерге қарағанда Молла-Непес түрікменнің атақты ақыны Кеминемен дос болған көрінеді. 1861 жылғы Түрікмен мен Хаджар әскерлері арасындағы шайқасқа қатысқан Молла-Непес ауыр жараланып, қаза табады.
Молла-Непестің поэзиялық туындылары өршіл рухымен және халықтығымен ерекшеленеді. Махаббат лирикасында ақын адамзат арасындағы кіршіксіз сезімдерді жырлап, өзі өмір сүрген қоғамның әйел затын кемсітетін кейбір әрекеттеріне қарсы шығады. Ол өзінің «Көздерің», «Аңсал», «Зухра-Тахир» т.б. сияқты әйел затын барынша дәріптеген жырларыңда, әйелдің бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді ұстап тұрған ұлы күш, ер азаматтарға рух беретін махаббат тәңірісі екендігін паш етеді.
Молла-Непес Шығыстың көптеген ақындары сияқты шығыстық қисса-дастандарды түрікмен халқының өмірі мен салт-дәстүріне сәйкестеп, нәзира үлгісімен жырлаған. Ақын өзінің «Зухра-Тахир» дастанында түрікмен елінің өзіне тән табиғаты мен түрікмен тайпаларының, тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттейді. «Зухра-Тахир» дастанының оқиғаларына Молла-Непес өз бейнесі мен оның жұбайы Боссантачтың бейнелерін кірістіре баяндайды. Дастанда Молла- Непес пен оның әйелі Боссантач Зухраға, Тахирға және оның анасына көмек керсететін кейіпкерлер ретінде көрініс табады. Дастанның басты идеясы – өз бақыты үшін күрескен ғашықтардың нақақ қанын төгуден шімірікпейтін Бабахан сияқты ел билеушілердің екіжүзділігі мен қатігездігін әшкерелеу болып табылады.
Молла-Непес Мақтымқұлы мен Кемине сияқты түрікмен халық ауыз әдебиетіне ерекше ден қойса да, сонымен қатар жазба әдебиет дәстүрлерін де жетік білген. Олар ежелгі түрікмен әдебиетінің ақындарымен қатар Низами, Несими, Науаи, Физули сияқты шығыстық жыр дүлдүлдерінің шығармаларымен де етене таныс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет