Құмықтар – құмық Ресей құрамындағы халық. Дағыстанда тұрады. Жалпы саны ТМД шеңберінде 228,4 мың адам, оның ішінде Дағыстан Республикасында 202,3 мың адам. Бірқатары шешен-ингуш және солтүстік Осетин Республикасында тұрады. Еуропалық нәсілдің кавказдық байкал-кавказ тобы нәсіліне жатады. Алтайлық түрік тобының қыпшақ бөлігіндегі құмық тілінде сөйлейді. Диалектісі: бұйнақ, қатақ, хасавюрт. Әдеби тілі бірнеше және соңғы тіл базасында. Жазуы – орыс таңбасына негізделген. Орыс тілі кең тараған. Діні – мұсылмен сүннит. Құмықтардың қалыптасуы Х-ХІ ғасырлардың басынан басталады. Этникалық негізін Дағыстан халқымен бірге: түрік тайпалары қалаған. Құмықтар аймағында негізінен феодалдық дәстүрлер сақталған, әсіресе ең ірісі Тарковск шамхалоствосы. Дағыстанның Россияға қосылуы экономикасының дамуына әсер етті. Дәстүрлі кәсібі – егін өсіру. Мал шаруашылығы оның ішінде мал жаю, бау-бақша, жүзім, мал өсірумен айналысты. Үй тұрмысында және қолөнерде бөз өндіру, тоқыма, мата, кілем тоқу, тері, ағаш, тас, металл өңдеу т.б. Ауылдары қатар салынған, дәстүрлі тұрғын-үйі саманнан, тастан төбесі жалпақ 1-2 қатарлы үйлер.
Ерлердің ұлттық киімі-жейде, штан, бешпет, бурка, папах, тері аяқ киімі. Әйел киімі құрамына – көйлек, штан, бас киім-орамал, чутку. Аяқ киімі тері шөлки және арты ашық башмақ. Киімдерге сәнді зергерлік заттар тағылды. Тағамы – ұн, ет, сүт өнімдерінен тұрады. Патриархалды туыстық қатынас сақталған, туыстық қатынас араб үлгісінде. Тоталитарлық құрылыс құмықтардың тұрмысын түбірімен өзгертті. Жоғары механикаландырылған жер өңдеу, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыды. Жүзімдік, бау-бақша, көкөніс өсіру қалыптасты. Құмықтар ірі өнеркәсіп орындарында жұмыс істеп қалалар мен ірі аудан орталықтарында тұрақтады. Құмық аылдары жаңа жетілдірілген үлгідегі жаңа үйлермен толықты. Фольклоры, әдеби, өлең, ән, ертегі, жыр, музыкалық шығармалары дамыды.
Қарашайлар. Карачайлылар. Ресей құрамындағы халық. Негізінен қарашай- черкес республикасының жергілікті тұрғындары және Ставрополь өлкесінде тұрады. Жалпы саны ТМД-да 131,1 мың адам,оның ішінде қарачай- черкес республикасында 129,2 мың адам. Тілі – алтайлық түрік тобының батыс қыпшақ кабардин- балқар тілінде сөйлейді. Орыс тілі де кең тараған. Жазуы- орыс таңбасына негізделген. Діні – мұсылман сүннит. Қарашайлардың этногенезіне жергілікті қола дәуірінен бермен өмір сүрген – алан, көне болгар, қыпшақтардың әсері болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қарашайларда феодалды – патриархалды қарым-қатынас сақталды. ХІХғасырда Қарашайлардың Россияға қосылуына сай капиталистік қатынас түрін орнату. Қарашай-черкес АО құрылуына сай 1943 жылы қарашайлар таратылып, заңсыз басқа жаққа көшірілді, 1957 жылы қалпына келтіріліп өздерінің этникалық аймағына келтірілді.
Негізгі дәстүрлі кәсібі – жайылымдыққа мал өсіру. Қой, ешкі, жылқы, ірі мүйізді қара мал. Жер суландыру (тары бидай, бақташылық). Ұсталық қол өнері – бөз жасау, жүн қалпақ жасау, оюлы сырмақ пен төсеніш, тоқыма жүн заттарын шығару. Кеңес дәуірінен бастап көп салалы өнеркәсіп және механикаландырылған шаруашылық дамып жаңа мәдени, оның ішінде техникалық дақылдар өңдірілді.
Дәстүрлі ауылы таулық кварталдарға бөлінген, тұтасымен бірге туған – туыстас отбасылар тұрады. Мекен – жайы – тік бұрышты екі қабатты 1 – 2 бөлмелі шатырлы үй. Қазан төңкерісінен 1917 жылдан кейін тегіс және ауылды ортаға орналасты. Ұлттық киімдері көршілес солтүстік кавказ халықтарына ұқсас, ерлердің бас киімі – тұлып сақталған. Ұлттық киімдерді көбінесе кексе әйелдер қолданады.
Негізгі тағамы – қайнатылған немесе қуырылған ет, ашыған сүт, ұннан немесе жүгеріден жасалған таба нан. Бай фольклоры сақталған, тарихи, еңбек, сықақ, махаббат және бесік жыры, мақал, мәтел, ән, қожанасыр туралы әңгімелер, би, сандырақ, жұптасып лезгинге билеу т.б. дәстүрлі музыка аспаптары: сыбызғы, екі ішекті скрипка, үш ішекті, соқпалы аспап.