Дәріс мақсаты: Студенттерге ұйғыр халқы мен ұйғыр әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру. Дәріс жоспары: 1. ¥йғыр халқы туралы мәлімет. 2. ¥йғыр әдебиеті туралы шолу. 3. Абдуреһим Низарий 4. Норузахун Зияий 5. Турди Ғерибий 6. ЗияСэмәди 7. Біләл Назым 8. Хезмат Абдуллин Дәрістің мазмұны. Ұйғыр халқы негізінен Қытай Халық Республикасының Синьцзян-¥йғыр автономиялы ауданында (1 қазан, 1955 жылы құрылған) тұрады. Синыцзян-¥йғыр автономиялы ауданы 1 млн. 660 мың км2, яғни бүкіл Қытай территориясының 1/6 бөлігіне орналаскан. С¥АА-ның халқы 47 ұлт және ұлыстардан құралып, жалпы халқының саны 17 млн-ды құрайды. Олардың 47%-ын (7,916 млн) ұйғырлар құрайды. Ұйғыр халқының біраз бөлігі бір ғасырдан астам уақыт бұрын Қазақстан жеріне келіп қоныстанған. Қазақстанның Алматы облысында шамамен 184 мың ұйғыр халқының өкілдері тұрады. Синыцзян-¥йғыр автономиялы ауданының астанасы – Үрімші (Дихуа) қаласы. 1995 жылғы бүкіләлемдік мәлімет бойынша дүниежүзіндегі ұйғыр халқының саны 8 млн-нан асады. Әлемдік өркениетке мол үлес қосқан ұйғыр халқы өзінің көп ғасырлық тарихында ауыз әдебиетінің ғажайып інжу-маржандарын өмірге әкелді. Оларға батырлық жырлар, ертегілер, аныздар. күлдіргі әңгімелер, ғашықтық дастандар, мақал-мәтелдер, т.б. сияқты халықтың арманы мен қиялынан туындаған ғажайып үлгілер жатады. Мұндай туындылардың қатарына «Тахир-Зохра», «Юсуф және Ахмед», «Көроғлы» сияқты дастандармен қатар, ұйғыр халқыныңның аса ерекше махаббатпен жырлайтын туындылары бар. Ұйғыр әдебиетінің өзге түркі халықтарының әдебиетінен хас өзгешелігі – оның ықылым замандар бойына қытайлық, үнділік, орта азиялық өркениеттерден нәр алғандығы. Осылардың ішінде шығу тегі, тілі, діні бір болғандықтан ортаазиялық өркениет ұйғыр әдебиетіне айрықша жемісті іздер қалдырған. Осындай жемісті іздердің нәтижесінде ұйғырдың ежелгі дәуірдегі эпикалық мұралары түркі халықтарының осы тектес әдеби шығармаларымен үндес, сарындас, мазмұндас болып отырады. Ұйғыр әдебиетінің қайнар-бұлағы – күллі түркі халықтарна ортақ ежелгі әдебиет мұраларынан, Түрік кағанаты, Ұйғыр кағанаты тұсындағы, Қарахан мемлекеті кезіндегі және Алтын Орда дәуіріндегі түркі әдеби ескерткіштерінен бастау алады. Ұйғыртанудың бастаулары – Клапрот, Н.Я.Бичурин, А.Казамбек және ұйғырларды Еуропа жұртшышығына алғаш рет таныстырған қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың есімімен байланысты. Ежелгі соғды әліпбиінің (алфавитінің) негізінде өз жазуын қалыптастыруы – ұйғыр халқының өркениетке қосқан маңызды үлесі. Ерекше атап өтерлік бір мәселе – ұйғырлардың Орталық Азия көлемінде Қытай, Тибет, Үндістанның рухани байлығын түркі-моңғол әлемімен байланыстыруға зор қызмет атқарғандығы. Ұйғыр оқымыстылары «Алтын жарық», «Ханзада мен жолбарыс» тәрізді жазба ескерткіштерді, буддалық, манихейлік, ғылыми және көркем мәтіндерді ұйғыр тіліне аударған. ¥йғыр әдебиетінің ерекше бір саласы – шежіре жырлары – тәзкирән болып есептеледі. Тәзкирән (антология-жинақ) – орта ғасырлық парсы және түркі әдебиеттануының негізгі түрі. Ол тек поэзиялық шығармаларға ғана арналып, оған шайырлардың шығармаларынан үзінділер және сол шайырлар жайында қысқаша анықтамалар енгізілетін болған. Материалдарды үлгілеу, реттеу географиялық, ұлыстық, хронологиялық принциптер бойынша жүзеге асырылған. ¥йғыр әдебиетінің дамуына ежелгі шежіре жырларымен қатар XVIII ғасырда өмір сүрген Молла Хажиннің «Бограхан шежіресі», Ниязидің «Заһиулла шежіресі» (1790), Қасимидің «Арсланхан шежіресі» (1799) сияқты әдеби әрі тарихи негізде жазылған шежіре шығармалар – тәзкирандар әсер етті. Әския – өзбек, ұйғыр халықтарының ауыз-әдебиетінде сақталған, табан астында ауызша айтылатын өткір мысқыл-сықақ әзіл-қалжың, тапқыр күлкіге негізделетін жанрлық түр. Әския айтыс жанрына ұқсас болғанымен, поэзия үлгісінде емес, қара сөз түрінде айтылады. Әския айтуға шебер адамды – әскияваз деп атайды. Синьцзян-¥йғыр автономиялық ауданында ұйғыр әдебиетінің бағзы замаңдардан желі тартқан өзіндік көркем сөз дәстүрі қалыптасқан. ¥йғыр әдебиетінің бір саласы Қазақстанда дамып келеді. ХУП-ХУШ ғасырларда Шыңжаң өлкесінде (бұрынғы Қашқарияда, казіргі Синьцзян) түрлі саяси топтар арасындағы орын алған әлеуметтік-тарихи өзгерістер сол тұстағы ұйғыр әдебиетінде көрініс тапты. Мәселен, XVII ғасырда өмір сүрген Абду Шукур, Шаһ Мұхаммед сияқты шайырлар тарихи оқиғалардың желісіне құрылған шығармалар жазды. Сонымен қатар XVII ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің көрнекті өкілі Мухаммед Имин Хирқатидың «Махаббат пен еңбек» (1670) атты дастаны ұйғыр әдебиетіне соны жаңалық болып енді. Хирқати өз дастанында махаббат пен еңбектің бірі-бірінен бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым екендігін, олардың бірін-бірі жандандыра, гүлдендіре түсетіндігін тамсана жырлайды. Ақын Сәба (таң самалы), Бұлбұл, Гүл, т.б. символикалық бейнелер арқылы өз дәуірінің тыныс-тіршілігін тұспалдап суреттейді. Осы кезеңде ұйғыр әдебиетінде шығыс классикалық сарындарының үлгісінде нәзира дәстүрімен жыр жазу өркендеп, бұл әдеби дәстүрді Мухаммед Рахым Қашқари, Мухаммед Садық Қашқари сияқты сөз зергерлері ілгері дамытты. ¥йғыр халқының қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуына ерекше әсер еткен ойшыл-ақыны – Мухаммед Садық Қашқари. Ол өзінің ұйғыр әдебиетіне жаңа бағыт-бағдар әкелген он сегізден астам шығармасы арқылы, ұйғыр әдебиетінің көкжиегін кеңейтті. Оның бізге жеткен «Әзизхан шежіресі», «Әдептілік шарттары» сияқты тарихи-көркем, адамгершілік-философиялық мұраттарды ұлықтайтын шығармалары мен кіршіксіз адал махаббатты жырлайтын ғазалдары ұйғыр әдебиетіне соны серпін әкеліп, жаңа арна болып қосылды. Мухаммед Садық Қашқари өз шығармаларында XVIII ғасырдың екінші жартысында Шығыс Түркістанда орын алған саяси, қоғамдық-әлеуметтік оқиғаларды бейнелей отырып, ұйғыр халқының тарихи тағдырын, олардың тэуелсіздік жолындағы ерлік күресін зор шеберлікпен суреттейді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістан (қазіргі Синьцзян) халқын қанауды Маньчжур-Қытай басқыншылары бұрынғыдан да үдете түсті. Мұндай азап пен қорлыққа шыдамаған Шығыс Түркістан халқы талай рет қанаушыларға қарсы күреске шықты. 1825-1827 жылдары Қашқарда болған ұлт-азаттық көтерілісі солардың бірі еді. ¥йғыр халқының азаттық жолындағы қиян-кескі күресін Абдуреһим Низарий, Турди Ғерибий, Норузахун Зияий, Назугум, Біләл Назым, Садыр Палуан, Молла Шақир, Сейіт Мұхаммед Қаший сияқты XIX ғасырдағы сөз зергерлері өз шығармаларына арқау етті. ¥йғыр әдебиетінің көп ғасырлық тарихында ақын Абдуреһим Низарийдің (1776-1849) есімі алтын әріптермен жазылған. ¥йғыр әдебиеттанушылары Абдуреһим Низарийді «халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін өзара жалғастырушы» деп бағалаған. А.Низарий 1841-1844 жылдары ұйғырдың белгілі ақындары Ғерибий және Зияийлермен бірлесе отырып, он сегіз қисса, жиырма төрт хикаяттан тұратын «Ғашык-наме» атты желілі жинақтар шығарған. Бұл жинақтарға енген туындылардың басым көпшілігі Низарий шығармалары еді. Низарий түркі поэзиясының классиктері Низами, Науаи, Физули, Атаи, Лутфи, Құтб сияқты ақындардың нәзира үлгісін ілгері дамытып, «Фархат-Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарының дәстүрлі сюжеттік желілеріне ұйғыр халқының ұлттық ерекшеліктерін енгізе отырып, көркем туындылар жасады. Сонымен қатар Низарий ұйғыр әдебиетіне Шығыс халықтарның әдебиетіндегі хамса жазу дәстүрін енгізді. Ақын Әлішер Науаи «Хамсасының» үлгісімен «Мәһзун-Гүлниса», «Вамуқ-Узра», «Рәбиэ-Сэбдин» сияқты адамгершілік, махаббат, гуманистік идеяларды ту еткен теңдессіз дастандарын жарыққа шығарды. Сондай-ақ Шығыстың классикалық поэзиясының нәзира дәстүрін ұйғыр ақыны – Норузахун Зияий да өзіне үлгі етіп, шығыс хикаяларының мазмұнына кұрылған «Қайғылы хабар», «Төрт дәруіш» сияқты ізгілікті паш еткен романтикалық дастандарын жазды. Н.Зияийдің шынайы махаббатты жыр еткен ғазалдары ұйғыр әдебиетінде ерекше орын алады. ¥йғыр лирикасының дамуына өзіндік үлес қосқан шайыр – Турди Ғерибий. Ақын өмірде кездесетін қайғы-қасіретке мойымай, налымай, оған қарсы төзімділікпен күресе білуді өз шығармаларына өзек етеді. Ақын «Баһрам шаһ», «Ғәрбтің кітабы» дастандарында адамзатпен бірге жасасып келе жатқан қарама-қарсы ұғымдар – жамандық пен жақсылықтың, зұлымдық пен мейірбандықтың, қатыгездік пен адамгершіліктің күресін тебіреніспен суреттеп, адамгершіліктің, мейірбандықтың, жақсылықтың орнауы адам баласының көптеген қиыншылықтарды жеңе білуінің арқасында жүзеге асатындығын паш етеді. ¥йғыр әдебиетінің басқа да өкілдері сияқты Турди Ғерибий Шығыстың классикалық әдебиетінен үлгі-өнеге алған. Ақын өзінің «Баһрам шаһ» дастанын Әлішер Науаидың «Сабаи Сайяр» («Жеті планета») туындысының негізінде, нәзира үлгісі бойынша жазған. Дастанда Шығыста ежелден жібі үзілмей сақталып келе жатқан ел билеушілерге қойылатын ақыл, парасат, ынсап, адамгершілік сияқты басты талаптар сөз етіледі. Турди Ғерибий мемлекетті басқару ісін ұмытып, ойын-сауыққа салынып кеткен Баһрам патшаның бейнесін ақылды, әдепті, ел қамын ойлайтын Диларам қыздың бейнесіне қарама-қарсы қоя білген. ХІХ ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі – Біләл Назым (1825-1900). Біләл Назымның есімімен ұйғыр халқының батыр да ержүрек, аты аңызға айналған ақын қызы Назыгумның есімі қатар аталады. 1949 жылғы Қытайда (ҚХР) болып өткен қоғамдық саяси өзгерістерге байланысты Синьцзян-¥йғыр автономиялық ауданында (Синьдзян-жаңа шекара) ұйғыр әдебиеті жаңаша өрістеді. 1960 жылы Қытайдағы «мәдени революцияның» нәтижесінде Синьцзян ақын-жазушыларының кейбіреулері қуғын-сүргінге ұшырады. Синьцзяндағы ұйғыр әдебиетінің ірі өкілдері ретінде Лутфулла Муталип (1925-1945), Ним Шахид (1906), Зуннун Қадыри (1915), Нур Босақовтарды (1920-1952) атауға болады. ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап Қазаақстандағы ұйғыр әдебиеті қанат жайды. Қазіргі кезеңдегі ұйғыр әдебиетінің негізін қалаушылар Хезим Искандеров (1906-1970), Омар Мухәммэди (1906-1931), Нур Исраилов (1910-1963), Мемун Хемраев (1907- 1965), Исмаил Саттаров (1916-1944), Хезмат Абдуллин (1925- 1986), Зия Сәмәди (1914), Жамаладдин Босақов (1919-1987), Илыя Бахтия (1932-1987), Хелил Хамраев (1928-1993) Махмуд Абдурахманов (1934) болып есептеледі. Қазақстандық ұйғыр әдебиеті XX ғасырдың 40 жылдарынан бастап идеялық-көркемдік жағынан жоғары шығармашылық деңгейге көтерілді. Қазақстандық ұйғыр жазушылары шығармала- рының негізгі тақырыбы - өз халқынын, басынан өткен ауыр қасіретті кезеңдерді суреттеуге арналады. Хезмат Абдуллин – Қазақстандагы ұйғыр әдебиетінің кемелденуіне мол үлес қосқан қаламгер. Шығармашылық жолын лирикалық туындылар жазудан бастаған ол кейін проза жанрына қалам тартқан. Жазушы «Махаббат мұңы» әңгімесінде өз бақыттары үшін адал махаббат жолында күрескен жастардың жарқын бейнелері көрініс табады. Сонымен қатар «Тасқын» және «Торы ат» әңгімелерінде ұйғыр халқының өзіне тән тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Жазушы қаламын ұштай келе «Жаркент сазы», «Қиялдағы қырандар», «Көшкен жұлдыз», «Ғимарат салушышар» сияқты көлемді повестерін жарықка шығарған. Бұл шығармаларында Хезмат Абдуллин меймандос қазақ жеріне қоныс аударған ұйғыр халқының өсіп-өркендеу жолындағы қарымды қадамдарын сөз етеді. Жылдар ете келе жазушы проза жанрының күрделі саласына ауысып, «Отты шеңбер», «Тағдыр» және «Жерлестер» романдарын тудырған. Бұлардың ішінде «Тағдыр» романы көркемдік эдістің жоғары деңгейінде жазылған тарихи-әлеуметтік сипатка ие туынды. Зия Сәмәди – Қазақстандық ұйғыр әдебиетінің драматургия саласының негізін қалаушышардың бірі. Ол өзінің «Қытай зындандарында», «Қанды кек», «Зұлымға зауал» сияқты пьесаларында Қытай-манчжур баскыншыларының ұйғыр халқына көрсеткен жантүршігерлік зәбірлерін шынайы сомдаған. Қаламгер «Майымхан», «Жылдар сыры» романдарында да XX ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы (ҚХР) түркі халықтарның, оның ішінде ұйғыр халқыныңның ұлт-азаттық қозғалысының оқиғаларын оқырманның көз алдында өтіп жаткандай етіп нанымды бере білген.