Кіріспе түркі халықтары әдебиетінің мазмұны мен құрылысы



бет49/54
Дата01.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#88642
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Кіріспе т ркі халы тары дебиетіні мазм ны мен рылысы

Бақылау сұрақтары:
1. Шуаш халқы туралы мәлімет.
2. Шуаш әдебиеті туралы шолу.
Дәріс тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
1. Шуаш халқы туралы мәлімет.
2. Шуаш әдебиеті туралы шолу.
3. Никита Яковлевич Бичурин (1777-1853), (Иакинф) шығармашылығы
4. Иван Яковлевич Яковлев (1848-1930
5. И.И.Иванов (1848-1885), М.Ф.Федоров (1848-1904), И.Н. Юркин (1863-1943) шығармашылығы
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбүлдары. А., 1970
2. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. А., 1995
3. Сөз зергерлері. А., 1966
4. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962
5. Әуезов М. 20 томдық шығ. жинағы. 19-20 беттер
6. Бейсенова М. Түркі халықтар әдебиеті. Шымкент, 2006.
7. Оразалиев С. Сібір түркі халықтарының әдебиеті. Шымкент, 2008
8. 0черки истории якутской советской литературы. М., 1958
9. Литература народов Сибири. Новосибирск. 1956

14 Лекция тақырыбы: Қап тауы түркілерінің әдебиеті




Дәріс мақсаты: Студенттерге Қап тауы түркілерінің әдебиеттеріндегі ортақ сарын мен әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру.
Дәріс жоспары:
1. Қап тауы түркілері туралы мәлімет
2. Қап тауы түркілерінің әдебиеттеріне шолу
3. Р.Ғамзатов шығармашылығы
4. И.Гаспрински шығармашылығы


Дәрістің мазмұны. Кеңестік империяның геноцидтік әрекетінен Қап тауы мен Оңтүстік Еуропа түріктері де шет қалған жоқ. 1941-45 жылдардағы екінші дүние жүзілік соғысы өз пайдасына шешілетіндігіне көзі жеткен Сталин, соғысты пайдаланып өзінің құйтырғы саясатымен табиғаты әсем шұрайлы өңір Қап тауының байырғы тұрғындарын олардың діні ислам, тілі түркі болған халықтарды көшірудің айла-тәсілін тапты.
Бұл кезге дейін Кеңес басшысы Сталин 1928-36 жылдары Ресейден, Украйнадан, Беларусиядан 360 мыңдай, 1937 жылы Қиыр Шығыстан 20 мыңнан астам кәрістерді, 1940-41 жылдары 105 мың поляктарды, 1941 жылы 420 мыңдай Еділ бойындағы немістерді, 1942 жылы Краснодар өлкесінен, Растов облысынан, Қырым автономиялы республикасынан, Армен, Әзербайжан, Грузин республикасына 24,670 адам және гректерден 29505 адамды қазақ түркілерінің жеріне еріксіз қоныстандырып тәп-тәуір тәжірибе жинақтаған болатын-ды.
1943 жылы 12 қазанда Қап тауына орналасқан Қарашай автономиялы облысын жойып, 14 қазанда қарашай түркілерін жер аудару туралы құпия қаулы шығарады. Осы жылдың күзінде қазақ түркілерінің жеріне қарашайлардың 45529 адамы қонстандырылды.
1944 жылы 7 наурыз айында Шешен-Ингуш автономиялы республикасын жою туралы КСРО Жағарғы Кеңесінің жарлығы шығып 406375 адам, балқар түркілерін көшіру туралы қаулысына сәйкес 21150 адам, ақысқа түріктерінен 13260 адам және 1944 жыл 13 сәуірде: «Қырымдардың Кеңеске қарсы әрекеттерінен тазарту» деген бұйрығымен Қырым татар түркілерін, болгарлар мен гректерді қазақ түркілерінің жеріне күштеп қонстандырылды. (5т.,276) Бұларды ұлт ретінде атауға 1957 жылға дейін тыйым салынды. Бұл саясаттың туу тарихын танып-білуде Ресей империясының Түркия түріктерінен басқа барлық түрік халықтарын тұтас жаулап алып өз дегеніне көндіру арқылы шовенистік саясатына басымдылық берді.
Күштеп жер аудару соғыстан кейін де жалғаса берді. 1946 жылы Қазақстанға Солтүстік Қап тауынан, Грузиядан және Қырым автономиялы республикасынан 412191 адам көшірілген. 1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша Қазақстанға қоныс аударғандар саны 2 миллион адамға жеткен, одан азық-түлік тапшылығы, баспана мәселесі және ауыру-сырқаудың салдарынан Қазақстанға келген 101036 адам қаза тапқан. Босқынға айналған түркілерді орналастыруда да отаршылдық саясатынан айныған жоқ. Оларды тума-туыстарына жақындатпай шалғай облыстарға шашып қоныстандырды. Өйткені, бастары қосылып бірігіп кетуінен, өз ана тілдерінде оқуға мектеп талап етуінен қорқты, өсіп-өркендеуіне қарсы әрекет жасады. Түбінде орыстандыру саясаты жатты.
Ата-бабасының жерінде қалған түркілер Ресей империясынан өгейлік өксігін бүгінге дейін тартып келеді. Балқар мен қарашай түркілері төскейде малы, төсекте басы қосылған, тілі мен діні, жер аумағы бір, салт-дәстүрі ұқсас, тарихы бір, өнер мен мәдениеті бір-біріне жақын ұлттардың басын қоспау мақсатында, тілі басқа өз құралпы ұлттармен қосып бір-біріне әкімшілік тәуелді етіп қойды. Мәселен, Қабардин-Балқар автономиялы Республикасы мен Қарашай-Черкес атономиялы облысы етіп, ал құмық түркілерін авар тілінде сөйлейтін Дағыстан автономиялы Республикасының құрамына ендірді. Басқарудың бұл түрі билікке оңай, әсіресе шовенистік пиғылды Кеңес одағына таптырмас айла еді.
Мәскеудің арнайы қаулысымен республикаларда тың игеру 1956-64 жылдары науқанға айналды. Қазақ жерінде екі жүзден астам жер атаулары орысшаланып, қазақ мектептерінің саны күрт қысқарып, орыс мұжықтары мен қаңғыбастары, кісі өлтіріп сотталғандар мен сатқындар қаптап кеткен. Осы келеңсіздікті дөп баса айтқан Қазақстан мемлекеттік сыйлықтың иегері, филология ғылымының доктор, профессор М.Мырзахметұлы: «Отаршыл Ресей империясы Азиядағы түркі халықтарының атамекен туған жерін зорлықпен жаулап алып, отарланған басқа ұлттардың жерін басып алысымен, сол жерге келімсектерді көптеп орналастырып, жергілікті ұлтпен мидай араластырып орыстандырып жіберу мақсаты Хрущев заманында тың, тыңайған жерді игеру ұранымен қазақ жеріне бір жарым миллионнан астам славян халықтарының өкілі әкелініп, оларға барлық жағдай жасалды» (3-21) деген болатын. Профессордың «келімсектер» деп астын сызып айтып отырғаны ислам дінді, түркі тілді ұлттарды көшіріп, орындарына христян дінді, славян тілділерді орналастыру кеңестің ежелгі қанына сіңген орыстандырудың әдісі еді.
Ғағауыз түркілері тілі жағынан болғарларға жақын, бірақ Молдавия Республикасының оңтүстік батысында орналасқан, Вулканешт, Комрат, Чадр-Лунга деген үш ауданнан тұратын автономиялы округ. 1807 жылға дейін Ресей өкіметінің қысымымен Қырым түбегіне ауа көшкен. Бұлғарлар мен ғағауыздар ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында болған орыс-түрік соғысы кезінде Дунай өзендерінің бойынан ығыстырылған. 1957 жылға дейін Румин әріпін қолданып келген, қазір кирил әріпінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет