Дәріс мақсаты: Студенттерге Саха халқы мен саха әдебиетінің басты ерекшілктері туралы ұғым-түсінік беру. Дәріс жоспары: 1. Саха халқы туралы мәлімет. 2. Саха әдебиеті туралы шолу. 3. Плотон Ойунский шығармашылығы 4. М.Аммосов щығармашылығы
5. Эрлик Эристин өмірі, шығармашылығы 6. Сафрон Данилов, Семен Данилов Василий Протодьяков, Иван Федоссев шығармашылықтары Дәрістің мазмұны. «Саха» сөзі «жаға» деген ұғымды береді. Басқа тілдерде «жаға» сөзін «яко» деп өзгертіп айтуы фанетикалық өзгеріске түсуі тіл ғылымындағы заңдылық.
Саха тілі түркі тілдерінің солтүстік тобына жатады. Діні шаман. Археологиялық, этнографиялық деректерге қарағанда, Байқал жағалауынан қоныс аударған түркі тілдес халықтар. Сахалар ХІҮ-ХҮ ғасырларда орталық Ел Ана (Лена) өзенінің бойына орналасқан деген жорамал бар. ХҮІІ-ғасырдың 20-30 жылдардан орыстардың қол астына кіреді. Бастағы тұрғылықты мекені Ел Ананың басталар сағасы мен Амур өзендеріне жақын орналасқан. Ресейдің ықпалынан солтүстікке ығысып барып аң аулап күнін көріп отырықшы халыққа айналған. Саха халық ауыз әдебиетінің биік шыңы – «Олонхо» жыры. Ертеректен-ақ ел арасында жырланып келген. Сібір түркі елдерінің рухани қазынасы, халықтың арманы мен ойы саха халқының батырлығы және даналығы көрініс беретін туынды. «Олонхо» жыры 60 мыңнан 100 мың жолға дейінгі нұсқалары бар. «Манас» 40 мың жол, «Шаһнама» 120 мың жол. Салыстыра қарағанда әлем биігіндегі «Шаһнама» дастанына жете қабыл деген сөз. «Олонхоны» орындаушылар халықтық театр өнерін меңгерген болуы тиіс. Жатқа айта отырып түрлі қимылмен бірде жыр ырғағы, бірде әнге басады, бірде мәнеріне келтіре әртүрлі әрекеттер арқылы көрерменге түсінікті етіп жеткізіп отырған. Жырда жер бетіндегі адамдарды үш танапқа жоғары, орта, төменгілер деп бөледі. Жоғарғы танапқа билік басындағылар, орта танаптағылар бауырмашыл ақ ниет адамдар, батыр, өжет кішіпейіл қарапайым тұрғындар, төменгі танаптағылар жер асты патшалығын мекендейтін құбыжықтар олардың негізгі қаруы – алдау мен арбау. Жырдағы сюжетті оқиғалары орта танаптағы көріністер кеңінен суреттеледі. Онда жер бетінде жеміс ағаштары бірі гүлдеп, бірі жеміс беріп жердің көкпеңбек гүлге оранып тұрғаны жайында айтылып күннің нұры алқызыл болуымен мейірін төгіп тұратыны бейнеленген. Қазіргі саха жеріне ұқсамайтындығы қалай, үнемі жерін тоң басып тұндыраға айналып жатқан өлке. Жырдағы көрініс мүлдем басқа. Жырдың пайда болуы бұдан бірнеше ғасыр алдыңғы дәуірдің туындысы екендігін дәлелдейтін оқиғаларды көруге болады. Байкал маңынан Лена бойындағы көшпенді халықтардың тұрмыс тіршіліктерінен көрініс береді. Тарихты айқындаудың негізгі көзі халықтың жыр дастандары екені баршаға аян. «Олонхо» батырлық дастанында бірнеше аңшылардың тобырлары жоқ болып кетеді. Көп ұзамай артынан қатты күн суып жерлері мәңгі мұз шорларына айналған соңынан көлдер мен мұхиттардың пайда болуын елді асыраушы аңшыларының тылсым күш жетегінде кеткендігі табиғат күштерінің екпіні деп түсіндіреді. Жер қыртыстарының өзгеруі халыққа тиген қасірет деген ұғымға саяды да тәңірге (сахалар шаман дінін қолдайды) жалбарынған тұстары түрлі әпсана арқылы жыршылық дәстүрмен берілген. «Олонхода» аңыз-ағаш жайында әңгіме өрбиді. Ұзын бәйтерек киелі деп есептеп діни наным бойынша соған табынған. Ол Лена өзенінің бастау алып құяр сағасына дейінгі ұзын сүлбесі, жер ананы тіршілік көзіне теңейді. Жер ананың жанды бейнесі Лан-Алахчын – Хатун болса, әкесі – Күн. Саха жұрты кешегі дәуірге дейін, яғни орысқа бодан болғанға дейін шаман дінінде болып келген. Сондықтан да күнді кие тұту, күн жайлы айтып кетейік. Америка қыртысындағы үндістер «Олонхода» жырланатын батыр Өйткені тілге тиек болатын дәлелдерімізге қарағанда 14 мың жыл алдын Шығыс Сібір мен Солтүстік Америка жер қыртыстары тұтас ұласып жатқан, бұл бір; екіншіден – түркі ұрпағының сібір тілдік тобына жататын саха тілі үндістердің (үнділіктер деп Колумб ат қойған) тілдік грамматикалық ұқсастықтары. Үшіншіден – Колумб; Америкалық үндістер түрік тектес халыққа ұқсайды – деп XV ғасырда айтып кеткен. Төртіншіден – тектігі құйрығындағы түймедей меңінің болуы америкалық үндістерде де кездесетіндігін әлемдік медицина дәлелдеп отыр. Бесіншіден – Америкалық үндістердің таң ертең алғаш күн шыққанда күнге қарай екі қолын көтеріп табынуы, бұл әр күні қайталанады. Осы рәсім шуаш, саха, тува т.б. бір қатар түркі елдерінде кешегі күнге дейін сақталып келген. Саха жазба әдебиетінің негізгін салушылар ақын, әрі ғылым А.Кулаковоскийдің (1877-1926) «Саран бөкі», «Мас буржулдың жыры», «Бақсының түсі поэмасы», «қала қызы», «ауыл әйелі», революцияға дейігі әйелдер өмірі, (1910) және «Байанандың қарғысы» (1900) еңбегі тұңғыш Саха тілінде баспадан жарық көрді. Класикалық драманың негізін салған жазушы ақын А.И.Софронов (1886-1935) «Кедей Яков» (1914), «Манчары» (1920), жазушы Н.Д.Неустров (1895-1929), «Арман ниет» комедиясы саха-орыс тілінде 1925 жылдан сахнаға қойыла бастаған. Саха елді мекенінде тұратын жергілікті ұлт өкілдері түрі жағынан қазақпен ажырағысыз. Қазақ пен Саха әдеби байланысының биік шоқысы Сәкен Сейфуллин мен Плотон Ойунский шығармашылықтарының бір-бірімен үндесіп жатуы таңқаларлықтай. Екеуі де түйдей құрдас, екеуі де 1938-39 жылдардың құрбаны. Екеуі де Ленинді, қызылды, партияны, советті жырлады. Сәкен «Қазақ Марсельезасын», Плотон «Саха Марсельезасын» жазды. 1918 жылы партия қатарына екеуі де қабылданады. Екеуі де Халық Камиссарлар кеңесінің төрағасы. Екеуі де ақын, әрі прозашы, әрі драматург, әрі көсем сөз шебері. Шығармаларындағы тақырыптар ұқсас, орындалу идеясы да бірін-бірі қайталап отырғандай әсер қалдырады. «Заманына иленген» екі қаламгерлер төңкеріске тек қаламмен ғана емес, қолдарына қару алып күрескер ретінде қатысулары бірдей. Екеуінің де халқына деген жоғарғы дәрежедегі сүйіспеншілігі, отансүйгіштігі әр шығармаларында «мен мұндалап» тұрады. Мәселен
П.Ойунскийдің «Балдырдан шығу» (1936) өлеңінде адам құқығының тапталуы жайлы айтылса, С.Сейфулин «Жұмысшы әні», «Бостандық жыры», «Өкімет советтерге», «Қызыл маман» т.б. поэмалары сынды төңкерісті жырлайтын тақырыптас, мәндес еңбектері жеткілікті. Саха қоғам қайраткері М.Аммосов қазақшаны жақсы сөйлеген 1932-37 жылдар аралығында Қазақстанның үш облысын басқарады. 1932-34 ж. БК(б)П Батыс Қазақстан, 1934-36ж. Қарағанды, 1936-37ж. Солтүстік Қазақстан облысы бірінші хатшысы қызметін атқарды. Аштықтан қоныс іздеп босқынға айналған қазақтарды қайтаруға әрекет еткен және жазықсыз қудаланудан қорғаған. М.Аммосов 1937 жылдан Қырғыз обкомының 1-хатшылығына ауысты. Ол С.Сейфуллин Т.Рысқұловтармен тікелей қызметтес халық тағдырын ойлау, қоғамдық жұмысты атқаруда үндес болды.
Тұрардың әкесі Рұсқұл «итжеккенге» айдалғаны тарихтан белгілі. Ол Саха елді мекенінің Бодойба деген алтын өндіретін кенішінде азапта болған. Тұрардың осы сәті Қазақ жазушысы Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында сенімді бейнеленген. Тұрардың өзі ұлттар Комиссары РКФСР Халық комиссары кеңесі төрағасы Сталиннің орынбасары болып жүргенде Саха елінің іргесінің қалануына септігі тиген. Жазушы Қалаубек Тұрсынқұлов Саха елінің құрметті азаматты, 1981 жылы Якут АССР-інің еңбегі сіңген мәдениет қайраткері,
1894 жылы Саха Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері деген атақтарға ие болған. Қ.Тұрсынқұлов өзінің «Поляр шеңберінің маңында» атты еңбегінде Саха елді мекенінің тұрмыс тіршілігі мен әдебиет пен өнері жан жақты баяндалған. 1986 жылы баспадан шыққан бұл кітабы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының С.Сейфуллин атындағы сыйлығы 1987 жылы берілді. Осы кітап қазақ пен саха ақын-жазушыларының байланыс көпірі деуге болады. Саха қаламгерлерінің шығармашылығымен таныстыра отырып, қазақ ақын-жазушыларының еңбектерін саха халқына жеткізетін бірден-бір кітап.
1933-1934 жылдары Саха әдебиетінің классигі Эрлик Эристин Оңтүстік Қазақстанда бір жылдай тұрып «Революция ұландары» атты романын дүниеге әкелді. Онда Шымкент, Түркістан, Ащысай т.б. жер аттарымен қатар ұлты қазақ пен сақа кейіпкерлерінің аталуы, екі елдің ұландарының ерліктеріндегі ұқсастықтар айтылмай қалмайды. Саха қаламгерлері Сафрон Данилов, Семен Данилов Василий Протодьяков, Иван Федоссев, Эрлик Эристиннің жеке кітаптары мен «Жақұт әңгімелері», «Тайга сыбдыры», «Алмасты аймақ», «Толқынды Лена», «Якут ертегілері» сияқты жинақтар қазақ тіліне аударылған.