Кіріспе зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы



бет2/4
Дата09.05.2022
өлшемі75,06 Kb.
#33681
түріДиссертация
1   2   3   4
Зерттеу нысаны. Ұлт зиялы қауымы өкілдерінің автономиялы мемлекет тәуелсіздігі жолындағы қызметі мен іс-әрекеті.

Зерттеу пәні. 1917-1939 жылдар аралығындағы ұлт зиялы қауымы өкілдерінің бір бөлігі қазақ халқының, ал екінші бөлігі түркі халықтарының бірлігі идеясының негізінде автономиялы мемлекет құру іс-әрекеті және оның жүзеге асырылуын зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты ХХ ғасыр басындағы зиялы қауым өкілдерінің автономиялы мемлекет құру жолындағы қоғамдық-саяси қызметі нәтижесінде қалыптасқан бағыттар мен оның большевиктік тәртіппен арадағы қарым - қатынасын кешенді түрде зерттеу болып табылады. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ұлт қайраткерлерінің еңбектері негізінде мәселеге қатысты ХХ ғасырдың алғашқы жартысында туындаған идеяларға жүйелі талдау жүргізу. Алдымызға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу жұмысымызда төмендегі міндеттер жүзеге асырылады:

  • мәселеге қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатаң сыни талдаудан өткізе отырып, мәселенің деректік негізін жүйелеу;

  • ХХ ғасырдың басындағы саяси партиялар, ағымдар және қозғалыстардың қалыптасу мазмұнын анықтай отырып, Алаш қайраткерлері көтерген ұлттық мемлекеттік идеясы мен оның түркі әлеміндегі байланысын ашу;

  • Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейінгі қалыптасқан саяси жағдайға баға бере отырып, пайда болған алғашқы саяси партиялардың ерекшеліктері мен қарастырып отырған мәселеге қатысты көтерген идеясына баға беру;

  • Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және Түркістан мұхтариятындағы зиялылардың ұлттық тәуелсіздікті сақтау жолындағы күресіне қатысты материалдардың мазмұнын талдай отырып, қалыптасқан пікірлерді жүйелеу. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы түркі консолидациясы мен қалыптасқан саяси ахуал арасындағы байланыстарға баға беру арқылы, түбі бір түркі елдерінің басын қосуы тиіс болған бағыттар мен идеяларды анықтау;

  • Т. Рысқұлов және басқа да зиялылардың Түркістанда атқарған қызметтерін қарастыра отырып, олардың саяси қайраткерлер ретіндегі қалыптасуы мен Тұтас Түркістан идеясы мақсатын саяси жағдаймен етене байланыста жан-жақты талдап көрсету;

  • ұлттық-территориялық межелеу барысы мен мақсатын анықтай отырып, осы үдеріс пен түркі халықтарының бірлігі мәселесіндегі айырмашылықтарды анықтау және межелеу барысында көтерілген идеялар мен бастамалардың заңдылығына баға беру;

  • түркі халықтарының бірлігі мен ортақ мемлекеттілігі мәселесінің халықаралық сипатқа ие болу жолындағы түркі зиялы қауымы өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметіне баға беріп және олардың Кеңес үкіметімен арадағы байланысын объективтік түрде талдау жасау;

  • М. Шоқайдың эмиграция жылдарыіндағы қызметін ашу арқылы тұтас Түркістан идеясының антибольшевиктік мақсаттарын анықтау. Осы арқылы бұрын-соңды тарихшылар назарынан тыс болып келген эмиграцияға кеткен түркі зиялыларының еңбектері мен сй-тұжырымдарын, идеяларын ашып көрсету;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет