Кіріспе зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы



бет4/4
Дата09.05.2022
өлшемі75,06 Kb.
#33681
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
3-10 бет

Кеңестік тарихнама. Кеңес одағы тұсындағы тарих ғылымында біз қарастырып отырған мәселеге қатысты қандайда бір жүйелі зерттеулер мүлдем болған жоқ. Сондықтан кеңестік тарихнамаға талдау жасау ішінара қағидамен жазылған еңбектер ғана арқау болды. Дегенмен, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы кеңестік тарихнама бойынша бірқатар зерттеулерді қарастырдық. Әрине олардың барлығын бір ғана зерттеу арқылы талдап шығу мүмкін емес. Қазақстан тарихы ғылымына қатысты мәселе көбіне әлеуметтік- экономикалық және қоғамдық-саяси бағытта өрбіді, ал олардың ішінде тәуелсіз автономия құрудағы ұлт зиялыларының жүргізген іс-әрекеті мен көтерген бастамалары, ұстанған идеялары назардан тыс қалды, сондықтан бұл мәселені басқаша қарауды мақсат еттік. Кеңестік тарихнаманың алғашқы қалыптасу кезеңінде, яғни тарихты қандай да бір уақыт бөліктеріне, сатыларға және кезеңдерге бөлуге ат салысқан зерттеушілердің бірі А. Чулошников [13] өз еңбегінде көбінесе дәуірлеу мәселесіне арнап жазды.

Ресей империясы кезінде Қазақстанның дербес өмірінде мұсылмандық қозғалыстың елеулі рөл атқарғандығын және бұл қозғалысқа қазақ зиялыларының да тартылғандығы туралы 1917 жылғы Қазан революциясына дейін татар тілінде жарық көрген Ф. Туктаров [14], М. Бигиев [15], А. Салихов [16], М. Ғабидалин [17] сияқты қайраткерлердің еңбектерінде баяндалған. Бұл авторлардың барлығы ХХ ғасырдың басында болған тарихи кезеңдегі мұсылмандық қозғалысты отарлық езгіге қарсы Ресейдегі түркі және өзге де мұсылман халықтарын тұтас бір майданға біріктіру жолында өзіндік ұлттық, діни, мәдени және саяси талаптарды көтерген демократиялық сипаттағы күрес ретінде түсіндіреді.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Қазақстан тарихы ғылымында үлкен өзгерістер бола бастайды. Ғылыми зерттеулердің жаңа әдістемесі бекітіліп, оларды ғылыми мекемелерінің ұжымдық құрылымы өзгерді. Ресейдегі төңкеріске дейінгі еңбектерге қарағанда, осы уақыттағы зерттеулерде кейбір мәселелер бір жақты болса да ғылыми жағынан қолға алынды. Осы тұрғыдан алғаш қазақ тарихын кезеңдерге бөлу жайында М.П. Вяткин [18] еңбегін ерекше атауға болады.

Төңкеріс кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының сипатын таптық күреспен байланыстыра қарастыруды тарих ғылымына енгізушілердің алдыңғы сапында С. Брайнин мен Ш. Шафиро тұрды. Олар еңбектерінде ұлт -азаттық қозғалысты жалпыресейлік төңкерістік үдерістің құрамдас бөлігі ретінде қарастырды. Жергілікті жұмысшылар мен орыс пролетариаты арасында «таптық ынтымақтастықтың» орнағанына жете көңіл бөліп, ұлттық буржуазияның ұлт- азаттық күреске жетекшілік етуге «дәрменсіз болғанын» дәлелдеуге талпыныс танытты. С. Брайнин мен Ш. Шафир еңбектерінде: «Қазақ бұқарасының ұлттық-революциялық қозғалысы жалпыресейлік қозғалыспен тікелей өте

тығыз байланыста дамыды, 1905 жылдың қуатты ықпалында болды, большевиктер партиясы қабарсған жұмысшыы қозғалысының аясында қалыптасып, жетілді... Бұл ықпал біздер әлі мүлдем зерттеп білмеген жолдар арқылы бұқараға жетіп, оны революцияландырған болатын» [19], - деп жазылды. Сөйтіп, қазақ ұлт зиялы қауымы өкілдерінің қоғамдық-саяси қызметі ұлтшыл ұсақ-буржуазиялық күштердің әрекеті ретінде бағалағанды. Алашорда тарихына арналып 1935 жылы жариялаған С. Брайнин мен Ш. Шафироның «Алашорда тарихы бойынша очерктер» [20] атты кітабында Алаш қозғалысының бастау көздері, 1916 жылғы көтерілістегі алаш интеллигенциясының рөлі және Алашорда - ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі туралы Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы деген бөлімдермен қарастырған. Сондықтан авторлар аталмыш кезеңдегі тарихи үдерістерге қатысты елеулі оқиғаларға әсерін тигізген басты ахуалды, яғни сол кезеңде берік орныққан таптық қағидаға негізделген азаттық күресін, көп ұлтты түрік автономиясын құруға байланысты халықтар арасындағы байланыс ұстанымын назарда ұстады. Сөйтіп, Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерге, соньң ішінде Орта Азия мен Қазақстанның қоғамдық -саяси дамудың қозғаушы күші ретінде кеңестік идеологияны дәріптеп оны ғылыми саланың бәрінде қарастыру күн тәртібіндегі талаптардың біріне айналды. Ондай еңбектерде көбінесе жеке басқа табынушылық, жағымпаздық сияқты мүддеге сай мәселелер қаралды. Бұл тұрғыда П.Ф. Дахшлейгердің [21] Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі ғылыми сессияның материалдарына жарияланған баяндамасын мысалға келтіруге болады.

Қарастырып отырған мәселе ХХ ғасырдың бірінші ширегінен бастау алатын болғандықтан, осы кезеңге қатысты Л. Мартов, П. Маслов, А. Потресов редакциялығымен жарияланған еңбекте: «... ХХ ғасырдың басына қарай Дала өлкесі мен Түркістан аймағына патша үкіметінің орыс шаруаларын қоныс аударуын күшейте түскен озбыр отаршылдық саясаты үлкен әсер етті, сол жылдары қазақтардың орталық билік орындарына жолдаған петициялары осы қозғалыстың бастамасы болды» [22] деп бағалаған болатын. Авторлар сол аталмыш тарихи кезеңдегі қазақ зиялы қауымы өкілдерінің азаттық жолындағы қозғалысына «түрікшілдік» пен «исламшылдықтың» айтарлықтай рөлге ие болғанын да атап көрсетеді. Бұл пікірде қазақтардың жалпыресейлік мұсылман съездерінде белсенділік көркеткені туралы, сонымен бірге ұлт зиялы өкілдерінің «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымына мүше болуыда негізделіп түсіндірілді. Дегенмен авторлар «Ресей мұсылмандар одағы» ұйымының ыдырауын үрік тілдес мұсылман халықтары ішіндегі өзара жіктелу себеп болды деп ұжырымдайды, ал оның шынтуайттық мазмұнын, яғни патша үкіметінің қуғын-сүргіні нәтижесінде іске асырылғанына мән бермеген.



Кеңестік революцияны дәріптеуде көбінесе лениндік-сталиндік тұжырымдар басшылыққа алынды, сондықтан көбінесе пролетариат диктатурасының рөлі басым болғанын көреміз. 1928 жылы Мәскеу қаласында өткен марксшіл тарихшылардың бүкілодақтық конференциясынан кейін кеңестік зерттеушілер тарапынан «орыс пролетариатынңі гегемондығын», «большевиктер партиясының интернационалды саясатын», «большевиктердің ықпалымен шеткері аймақтардағы еңбекшілердің таптық сана – сезімінің оянғандығына» көп көңіл бөлініп, оны үнемі насихаттаумен болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет