Кіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі


Бос уақытты ұйымдастыру - шығармашылық қабілетті арттыру



бет4/11
Дата06.01.2022
өлшемі52,39 Kb.
#13830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.3 Бос уақытты ұйымдастыру - шығармашылық қабілетті арттыру жолы

Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы…

Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.

Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: «Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды» - деген екен. Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі – мұғалімдер емес пе?!

Мектеп – білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-зерттелмеген құпия. . Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін тани білу – ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі маған ой салды:«Тәрбие дегеніміз – баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс».

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты – оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ер жетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға: спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге оқушылардың бос уақытына мектептен тыс білім беру мекемелері қызмет етеді. Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысы атқарылуда.

Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін мектептерімізде дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ, шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой-өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі – барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екендігі сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.



ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ.

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.

Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсіддерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы ретте ұйымдастырушылардың талай-талай кедергілерге де кездесетінін айтпасқа болмайды. Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселе екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз. Сондықтан да біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз кажет-ақ.

Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек.

Үй тапсырмасын тексерудің теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгертуде рөлі үлкен. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мұғалімнен әртүрлі кеңес алады және ол туралы естіген, білгендері мықтап сақталады. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде окушылардың тапсырманы калай орындағанын, калай меңгеретіндігін және материалдың қайсы жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Сыныпта үй тапсырмасын тексеру төмендегі тәсілдермен алып барылады: а) бірнеше окушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау тәсілімен; ә) бірнеше окушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету тәсілімен; б) талдау жүргізу тәсілімен; в) оқытушы өзі отырған столдың жанына дәптерімен шақыру тәсілімен; г) дәптердегі жазылғандарын барлау тәсілімен тексеріледі. Мұғалім окушылардың № 1 және № 2 дәптерлерін үнемі қадағалап, үйде тексеріп отыруы абзал.

Жаңа материалды түсіндіруде негізгі объектінің мынадай қасиеттері жете танытылады: тақырыптың аты айқыңдалады; такырыптың көлемі мен өтілу жүйесі сұрыпталады; материалдың өзіндік белгілері бір-бірімен салыстырылып, тиісті тұжырымдамалар шығарылады; объектілерге сай анықтамалар мен ережелер айтылады және тақырыпқа лайықты дағдылар жүргізіледі. Сөйтіп түсініксіз құбылыстар меңгертіліп, оқушы санасына жаңа білім қорын жинақтайды. Оқушыларға жаңа білімді меңгертуде сабақтың өзіндік құрылымы да ерекше қызмет атқарады. Озат мұғалімдер тәжірибесі мен жүргізілген методикалық эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып жаңа қалыптың мына сияқты құрылымын ұсынуға болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет