1.2 Сыныптан тыс бос уақытты ұйымдастырудың тиімді жолдары
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі басқаруын, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді» ,-деп көрсетіледі.
Балаларға қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Балаларға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағытталған.
Қазіргі заманның ағымында қосымша білім беру бағытындағы жұмыстарға барынша мән беріп, болашақ ұрпақтың тәрбиесін қамтып жүрген тәрбие ошақтарын дамыту қажет. Оқушылардың үйірмеге деген ықыласын арттыра отырып, ұлтымыздың ой парасатын нығайту мақсатында үйірмелерге қамтумен қатар жасөспірімдердің ішінен дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп, сұлулыққа, тазалыққа үйретуде мектептен тыс ұйымдардың қызметі аса маңызды.
Қосымша білім беру ұйымдарынан бала сабақтан тыс уақытта өзінің таңдауы бойынша қосымша білім алып, кәсіптік бағдарын айқындауға және өздерінің шығармашылық қабілеттерін танып білуге талпынады.
Егемендігімізбен еңсесін биіктетіп, тәуелсіздігімен тұғырын мықтаған Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық оқушылар үйі заман талабына сай бейімделіп, жас өрендеріміздің мектептен тыс бос уақытында қосымша білім беру жолында жемісті еңбек етіп келеді.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, жауапкершілік пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында төмендегі іс-шаралар қатары ұйымдастырылып, өткізілді:
26, 29-желтоқсан аралығында барлық мектептерде 0 сыныптан 8-сыныпқа дейінгі оқушылардың жаңа жылдық ертеңгіліктері өтті. Жаңа жылдық бағдарламаларға ұстаздардың қатысуымен болған қызықты ойындар, сахналық қойылымдар, көңілді ән,билер, сайыстар енгізіліп, тартымды өтті.
29- желтоқсанда жоғары сынып оқушыларының жаңа жылдық кештері болды. Барлық білім беретін ұйымдар аталған іс-шараны өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарады. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен «Жаңа жыл-2020» шыршасын безендіру және өткізу туралы» бұйрық шығарылып, онда жоғары сынып оқушыларының жаңа жылдық кештерін өткізуге ерекше көңіл бөлінген болатын. Ғимарат және мектеп жанында тәртіптің сақталуына бақылау жүргізу үшін мектеп инспекторларының, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастырылды. Жаңа жылдық кеш кезінде мектеп әкімшілігінің мүшелері толық құрамда кезекшілік атқарды. Жоғары сынып оқушылары тек қана өздері ғана қатыспай, сонымен қатар мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып, қызықты бағдармалар дайындаған. Барлық жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештерге білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде мектептерде күтпеген жағдайлардың алдын-алу мақсатында қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылды.
5,8- қаңтар аралығында барлық білім беру ұйымдары білім бөлімінің, сынып жетекшілердің тәрбиелік жоспарлары мен балалардың қызығушылығына сәйкес мектеп директорларымен алдын-ала бекітілген жоспар бойынша жұмыс істеді. Үйірмелер мен факультативтер, спорттық секциялар да өз жұмыстарын жүргізді. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі, сыныптық іс-шаралар өткізілді.
Оқушылар демалыс кезінде «Жаңа жыл достарды жинайды»атты жалпы ұранмен оқушылар үшін қызықты, әрі танымдық шаралар: жаңа жылдық би кештері, отырыстар, байқаулар мен сайыстар, КТК және т.б.ұйымдастырды. Бұдан басқа мектептің педагогикалық ұжымдарымен заң бұзушылық пен қылмыс жасаудың, тәртіп бұзушылықтың алдын-алу бойынша «Тәуекел іске барушы» топқа жататын балалардың үйлері мен кешкі уақытта жастардың жиналатын орындары араланып, рейдтер жүргізілді. Бұл бағыттағы шаралар үйлерді аралау және есепке алу журналдарына тіркелді. Рейдтерді жүргізуге мұғалімдер, ата-аналар қоғамы, мектеп инспекторлары қатысты. Осы секілді шараларды қолдану керек.
Мектепте көп өткізіліп жүрген сайыс кештері: «Не? Қайда ? Қашан?» «Ғажап алаң», «Бақытты сәт», «Жұлдызды сағат», « Көңілді тапқыштар клубы өнері, сайыс кештері», « Ал, қанекей жігіттер», «Ал, қанекей қыздар», «Жігіттер сұлтаны», «Қыз сыны», тағы басқа. Негізінен кез келген сайыс кештерінің мақсаты: қатысушыларды да көрермендерді де өнерге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ойлау қабілетінің дамуына, ептілікке тәрбиелей отырып, өте көп тамдық танымдық қызмет атқарады. Мысалы: «Не?, Қайда?, Қашан?», «Бақытты сәт», «Ғажайып алаң» т.б. сайыстары ғылымның (өнер,мәдениет,білім т.б) салаларының әр түрлі сұрақтар беріп, қатысушылардан жан –жақты білімділікті талап етсе, ал «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары бойжеткендер мен бозбалалардың бойларынан табылуға тиіс ұлттық тәрбиеміздің көріктілік,әдемілік, инабаттылық,өжеттілік т.б. жақтарынан байқау мақсатында, Әжелер сайысы арқылы өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбиелік мәні зор сан түрлер мен өткізіледі. Демалыс кештерінің бірі түрі – сайыс кеші. Сайыс кеші дегеніміз – мәдени демалыс шараларының ең белсенді түрі, ол танымдық, сауықтық сипаттағы элементтерді қолдана отырып, адамдарды сайыс түріне жарыстыра отырып, пікірлесуіне, мәдениетті қарым-қатынаста болуына көмектеседі.
Сайыс кештерінің тәрбиелік мәні – танымдық - тәрбиелік мәні бар. Әрбір қатысушының рухани талап - тілектерін қанағаттандыра отырып жақсы қасиеттерді қалыптастыра отырады. Сайыс кешінің басқа демалыс шараларынан ерекшелігі кештің басталуынан, аяқталғанынша жеке адамдар немесе топтар арасында жарыс түрлерінде өтіп, соңында жеңімпаз атанады.
Баланы дамытатын, өсіретін әрі өзін тәрбиелейтінде негізгі іс-әрекет - сайыс. Сайыс арқылы адам өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстар мен, адамдардың еңбегімен қарым - қатынастарымен танысады.
Халқымыз сайысты тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көзқарастарын мінез-құлқын қалыптастыру туралы деп ерекше бағалаған. Сайыс негізінен дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Бір
заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі сайыстар ешбір арнайы құрал – жабдықты өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы .Сайыстар тек денені ғана емес, ойдың жаттықтырушысы да болып табылады.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына сайыс арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Сайыс бала табиғаты мен егіз. Өйткені, бала сайысыз өспек емес, жан - жақты дамымақ емес.
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, сайыстарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай, ретті қолдана білсек, онда ол мәдени шаралардың сапасын көтеріп тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі. Тұңғыш Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұлттық рухани дамудың кең көлемді мәселелерін екшелей келе «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» дегеніне сүйене отырып, қазақ жастарын заман талабына сай эстетикалық талғамы жоғары, парасатты, отансүйгіш, елжанды, жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, осы бағытта тәрбиелеу – бүгінгі күнгі мәдениет мекемелерінің алдындағы өзекті мәселесі. Жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін, белсенділігін, арттыратын мазмұнды шаралар тұлғаның қалыптасуына белсенді ықпал етеді. Атап айтқанда, азаматтыққа, қоғамдық белсенділікке баулитын және еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасыларымен, түрлі мамандық иелерімен, құқық қорғау орындарының қызметкерлерімен т.б. кездесу, жүздесулер, дене тәрбиесі мен салауаттылық өмір салтын қалыптастыратын іс-шаралар, олардың адамдармен қарым-қатынас әрекетіне, қоғамға, еңбекке, ғылым-білімге, спортқа деген қарым-қатынасын дамытып, жастарды Отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелейді. Мәдениет мекемелері қызметінің тәрбие жұмысында жасөспірімдермен атқарылатын шаралардың тиімді түрлерін жеткілікті пайдалануының маңызы ерекше. Мұндай жұмыстардың игілікті түрде жүзеге асуы үшін мәдениет мекемелері, отбасы және ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптастырған эстетикалық тәрбиенің мазмұны айтарлықтай рөл атқаратынын естен шығармауға тиіспіз. Өйткені балалық кезең мен жасөспірім шақта білім мен дағдылар тұлғаның жеке дара дамуының бірден-бір құралы, осылардың негізінде саналы тұлға дамып қалыптасады. Қоғамдық өмір мен әлеуметтік-ғылыми прогресс талаптарын орындау барысында жастарды саналы тұлға етіп тәрбиелеу үшін клубтардағы мәдени көпшілік шаралардың мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру формалары және тәсілдерін жаңаша жүргізу қажет. Көпшілік шаралар мазмұнды, тартымды тұстары адам жанын тебірентіп, тыңдарманның ынтасын арттырып, оны жақсылыққа итермелейді, өнегелі өмір сүруге баулиды. Мектеп кештерінде көркем шығарма мен көркем өнердің батыл ұштасқан тұстары шығармашылықпен, тартымды әуенмен өрнектеліп, көпшілік бойында эстетикалық-рухани тәрбие қалыптасады. Қазіргі тарихи кезеңде, яғни, ХХІ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып, өзін-өзі тану, өзін басқаға таныту өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғалары мен ойшылдарын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани және мәдени қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында – мәдениет саласында орындалатын қыруар шаруалар күтіп тұр. «Сенімділік, жеке белсенділік, төзімділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, секілді көңіл күйлерді орнықтыратын материалды жіберу керек. Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интеллигенцияға да осындай рөл жүктеледі» - деп атап көрсеткен болатын елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында. Жас ұрпақтарға рухани байлық беріп, өз елінің туған тілін, әдет-ғұрпын үйретіп, Отанын, халқын шынайы сүюді, имандылыққа, инабатты болуға тәрбиелеу – мәдениет мекемелерінің біздің еліміздің ертеңіне, болашағына қосқан үлесі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, мәдениет мекемелерінде атқарылып жатқан түрлі тәрбиелік бағыттағы мәдени-көпшілік шаралардан бүгінгі ұрпақ адам бойында кездесетін үлгілі, жақсы қасиеттерді көкейіне тоқып, одан өзіне керекті тәлім-тәрбиелерді бойына сіңіре білсе, нұр үстіне нұр болмақ. Қазақ халқы ұлттық мәдениеті тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та ол халықтың (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиясымен) тығыз байланысты. Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті – ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдыретті құрал.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет пен өнер – мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Кез-келген әдеби шығарманың эстетикалық мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасы (әдебін) қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп, адамдығын қалыптастырады. Табиғат тамашаларын жырлап, экологиялық тәрбиеге басым көңіл аударатын тақпақтар әділдікті, әсемдікті жырлайтын ойын-өлеңдер, әдептілікті уағыздайтын термелер, ерекше қызық оқиғаларға құрылып, әдет-ғұрып салт-санадағы әдепті көрсететін ертегілер, ұлағаттылық пен ұлылықты, яғни, мәдениеттіліктің шығар шыңын көрсететін аңыз-әңгімелер, әдемілікті бейнелейтін әзілдер, бәрі-бәрі ұлттық мәдениеттің этнопедагогикамен өзектесіп келе жатқан өз ерекшеліктері, яғни ауыз әдебиеті (оның көркем әдебиетпен ұштастырып пайдаланамыз) ұлттық мәдениеттің дамып қалыптасуына әсер ететін бірден-бір рухани мұрамыз болып табылады. Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәміздер, рәсімдер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы асырылып салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады. Ұлттық мәдениеттіліктің айқын белгілерін жас ұрпақтың бойына дарыта білу ұлттық мәдениеттің бейнесін көрсететін тәлімдік кештерді ұйымдастыру мәдениет мекемелеріндегі демалысты ұйымдастырушылардың назарында болғаны маңызды. (Наурыз мерекесі, Республика күні, Халық композиторлары мен әншілерінің шығармашылығына арналған әдеби-сазды және портрет кештері, тақырыптық кештер).
Жастар мен жасөспірімдердің дүниетанымдық көзқарастарының дамуына, адамгершілік ар-ұятының оянуына, құқықтық, эстетикалық сана сезімдерінің қалыптасуына үлкен көмек көрсете алатын орын. Көпшілік орында орналасқан (ауыл, село, аудан) мәдениет орындарының атқарар істерінің де ауқымы кең. Өздері орналасқан аудандарының мәдени экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Бос уақыттарын тиімді өткізуге, эстетикалық тәрбие орталығына айналды. Қазіргі таңда әлеуметтік мәдени жағдайларға көз жүгіртсек жасөспірімдерге қызмет көрсететін бос уақытын тиімді өткізудің бірден-бір орталығына айналды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы барысындағы ең маңызды міндет республиканың болашақ азаматтарын тәрбиелеу, оларға терең кәсіби білім берумен қатар, ортақ мәдениет, нағыз зиялылық және моральдық қасиеттерді бойына дарыту болып табылады. Әрине, бұл салада мектептің атқарар рөлі үлкен. Қазақ халқының ұлттық мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттілігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрып дәстүрімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады.
Сайыстар мәдени – шұғылданымпаздық түрлерінің ішінде ерекше орын алады. Көңілді сайысты демалыс іс - әрекетіне ұмтылу әр адамға тән. Апталық еңбек күнінен кейін адамдарда организімнің шаршағандығын бәсеңдету және тынығу қажеттіліктері туады. Сайысты демалыс кештері осындай қажеттіліктерді қанағаттандырып қана қоймай, адамдарды ойындар іс - әрекетіне көшіре отырып, оларға мәдени - тәрбиелік ықпал жасайтын жағдайлар туғызып отырады. Нақтылап айтқанда әр түрлі сайыстардың іс - әрекеттері мазмұны мен мәнерлігі жағынан өте мағыналы әрі көңілді адамдар қарым - қатынасын пікірлесуін тудырады. Мұндай қатынастардан пайда болатын өнегелі ықпалдар, адамдар бойындағы жағымды, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді ұлттық әзіл -қалжың, ойын - сауық мәдениетін, мінез - құлық, киім - киіс мәдениетттілігін қалыптастыруға жан - жақты дамуына ынталандырады. Ойынды демалыс кеші - мәдени шұғылданымпаздылық жұмыстарының белсенді түрлерінің бірі, ол, танымдық және сауықтық сипаттағы элементтер мәнерлігімен, аудиторияны сайыстар іс - әрекеттеріне еркін қатыстыруымен, олардың көңілді дем алуына жан - жақты жағдайлар жасаумен, адамдарды сайысты - пікірлесу қатынастарына көшіруімен ерекешелінеді. Өте қызықты, тартымды және мазмұнды сайысты - демалыс кешін өткізуіміз үшін, оған арнайы дайындалуымыз керек. Сайысты демалыс кешін ұйымдастыру мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: Аудиторияны анықтау. Ынталы топты құру. Сайысты демалыс кешіне дайындық жоспары.
Сайысты демалыс кешіне дайындықты бастамай тұрып, мәдение – ағарту қызметкері, оны қандай аудитория үшін ұйымдастыратынын білуі керек. Бірінші кезеңінің маңыздылығын дұрыс түсінуіміз үшін, біз аудиторияға анықтама беруге тырысайық.
Аудитория бұл қысқа уақытта біріккен адамдар тобы, олар: демалуға байланысты себептер мен бірыңғай ойын –сауықты және танымды іс - әрекеттер ықпалын түсуімен бір - бірімен әртүрлі деңгейде сайысты қарым - қатынас жасау мен ерекшеленеді. Сонымен, аудитория бірыңғайлылығы адамдардың психологилық білімдік, кәсіптік және жас ерекшеліктерін ескере отырып сайысты демалыс кешінің бағдарламасын құруға мүмкіншілік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |