2. Жаңа материалды түсіндіру. Түрлі иллюстрациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын тақырыптың бөгде материалдармен байланысын жүзеге шығарады.
3. Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады.
4. Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Такырыпқа тиісті бестен артық жаттығу жұмыстарының түрлері орындалады.
5. Үй тапсырмасын беру. Үй еңбегін қалай орындау жөнінде методикалық бағыттама айтылады. Бұл сабақтың өн бойындағы орындалған жүмыстардың иәтижесімен өлшенеді.
Қазақ тілінен өтілетін жаңа қалып жүйесі – сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа қалыпта окушыларға жаңа теориялық білім меңгертіледі. Жаңа калыптың білім беру мақсатында жүргізіледі. Жаңа құбылысты тану арқылы окушылардың ой-өрісі, білім аясы, дүниеге көзқарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді. Окушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін танытуда бұл сабаққа койылатын мына сияқты негізгі талаптарды ескерген жөн:
1) өтілетін материалдың такырыбы дәл, анық болуы;
2) түсіндірілетін негізгі логикалык ойлардың толық болуы;
3) өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы;
4) жаңа тақырыптың көлемі таңдалып, өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі;
5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы;
6) жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы;
7) тіл дамыту жұмыстарының көзделуі кажет.
Окушыларға теориялық білім беруде біріккен қалып үлкен қызмет атқарады. Біріккен қалыптың термині сабақ құрылымдарының бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Сабақтың кұрылымдық элементтері бірімен-бірі байланысып, бірін-бірі толықтырып отырады. Біріккен сабақта оқушыларға теориялық мәлімет берілумен қатар өткен материалдар да еске түсіріледі, яғни оқушыларға берілетін жаңа білім танытылумен бірге өткен тақырып та қайталанып отырады. Осы сабақта жана білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементі болғандықтан, мұны қалып деп атайды. Бұл сабақты бұрын аралас сабақ деп те атап келді. Мұның жүргізілу мақсаты, құрылымдық элементтері, өткізілу жүйесі жаңарғандықтан біріккен сабақ деп өзгертуге тура келді. Біріккен сабақта жаңа материалға да байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі, осылар арқылы қайталап пысықталады. Жаттығуда біріккен сабақпен жүргізуде мынадай талаптарды ескерген жөн:
1) материалдың көлемін анықтаған жөн;
2) өткен материалдың ауырлық дәрежесін ескеріп отырған мақұл;
3) жаңа және өткен материалға сай дағды түрлері іріктеп алынуы тиіс.
Жаңа және өткен материалға байланысты нақтылы сабақ жоспары жасалуы қажет. Біріккен сабақтың құрылымлык элементтері төмендегі уакыт мөлшерімен өлшенеді:
1. Жаңа материалды түсіндіру — 17-20 минут.
2. Қорытынды пікір ретінде анықтамалар мен ережелер шығару — 2-3 минут.
3. Ауыспалы жаттығу жұмыстарын жүргізу — 10-13 минут.
4. Өткен материалды еске түсіру — 4-6 минут.
5. Үй тапсырмасын беру 2-3 минут
Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде лекция қалпын өткізіп отырудың пайдасы мол. Лекция қалып түсіндіру қалыптары тобына кіреді. Лекция — гректің «оқу» деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл — оқытудың бір қалпы. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіруі, оқушы алдында баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді.
Лекция қалып өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге жіктелелі: лексика бойынша өтілетін лекция қалып, фонетика бойынша өтілетін лекция қалып, морфология бойынша өтілетін лекция қалып, орфография, орфоэпия, иунктуация бойынша өтілетін лекция қалып, синтаксис бойынша өтілетін лекция қалып, тіл ұстарту бойынша өтілетін лекция қалпы. Сондай-ақ лекция қалып көлеміне өткізілу мақсатына қарай төмендегі топтарға ажыралады:
1.Түсіндіру лекциясы.
2. Баяндау лекциясы.
3. Шолу лекциясы.
Бекіту қалпы оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп окушыларының қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыруы мақсатында жүргізіледі. Білім мен дағдыларды нығайту психологиялық объектілерге тікелей байланысты. Сондықтан да бекіту қалпының мына сияқты негізгі басқыштары айқын көрініп тұрады. Өткен немесе жаңа материалдар жөнінде оқушыларда белгілі дәрежеде ұғым, түсінік пайда болады. Бұл кезде өткен немесе жана материалдар окушылар ойында сәулеленеді. Белгілі бір объектіге логикалық ойлауын индукциялық дедукциялық тәсілдері негізінде және сигнал жүйелері нәтижесінде ой қортындылары жасалады. Ой қорытындысын жасауға бастапқы басқыш, осы сәулелену негізінде туады. Берілген білім мен дағдыларды окушылар белгілі дәрежеде игереді. Сол объектілер жөнінде белгілі көлемде білім сапасын меңгереді. Бекіту сабағының бұл басқышында толық меңгеру байқалмайды. Әртүрлі ұғымды жартылай меңгереді. Бұл жұмыстың екінші түрі болып саналады. Білім мен дағдылар нәтижелі жұмыстың, көп қайталаудың, мол жаттығудың негізінде толық меңгеру пайда болады. Білім мен дағдылар, осы толық меңгерту бойынша іске асырылады.
Бекіту қалпы лексиканы, фонетиканы, граматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Сондай-ақ бұл сабақ теориялық білімді бекіту және оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамтиды. Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады:
1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша жүзеге асырылады;
2) мұғалімнін арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде алып барылады;
3) оқулық пен оқу құралдары негізінде өткізіледі;
4) картина және сурет негізінде орындалады;
5) схемалар мен кестелер бойынша жүргізіледі;
6) окушылардың ауызша құрастырған сөйлемдері бойынша өткізіледі;
7) орфографиялык, орфоэпиялық сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша жұмыс жүргізеді;
8) арнайы дайындалған мәтіндер пайдаланылады. Сөйтіп бекіту сабағына мынадай мақсаттар койылады: оқушылар қазақ тілінен алған теориялық білімін практикада қолдана білу және оны жазбаша мақсатта жүргізілетін енбектерінде іске асыру негізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алған білімін диктант, мазмұндама, шығарма және іс қағаздарының үлгілеріп жазуда сауатты пайдалану болып табылады.
Бекіту сабағының құрылымы, осы сабақты іске асыруда ерекше қызмет атқарады. Бұл сабақтың құрылымдық элементтері мына сияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Үй тапсырмасын тексеру – 5-7 минут.
2. Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізу – 10-13 минут.
3. Жаттығу жұмыстарының түрлерін іске асыру – 20-22 минут.
4. Үй еңбегі тапсыру – 2-3 минут.
Қазіргі кезде бір мәселе ата – ананың баланың бос уақытын мақсатқа сай, тиімді іске жұмсай білуінде болып отыр. Кейбір ата – аналар мектеп жасындағы баласын мектепке тапсырып қойдым, көптің бірі болып, орташа оқыса болды деп өз жұмыстарын істеп кете береді де тәрбиеден қол үзеді.. Сондықтан ата – аналарға оқушыларды қадағалап бос уақыт бермеу керек. Бірақ оқушы қандай да жұмысқа болсын үлкен қызығушылықпен істеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |