Алматы
|
6
|
8
|
7
|
7
|
8
|
Атырау
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Батыс Қазақстан
|
7
|
7
|
8
|
10
|
10
|
Жамбыл
|
5
|
4
|
4
|
4
|
5
|
Қарағанды
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
Қостанай
|
10
|
10
|
10
|
10
|
10
|
Қызылорда
|
3
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Маңғыстау
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Павлодар
|
5
|
5
|
6
|
6
|
4
|
Шығыс Қазақстан
|
15
|
15
|
15
|
17
|
17
|
Нұр-Сұлтан қаласы
|
2
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Алматы қаласы
|
2
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Шымкент қаласы
|
4
|
4
|
3
|
3
|
3
|
Жүйкелері тозған қарттарға арналған үйлер – психикалық және психологиялық ауытқушылықтары бар қарт адамдарға арналған әлеуметтік-медициналық мекеме. Қазақстанда мұндай мекеменің 26 орталығы бар. Оның ішінде, төртеуі Алматы қаласында орналасқан.
Геронтологиялық орталықтар - бұл гериатриялық көмек көрсетілетін егде жастағы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрі. Оларды құру қажеттілігі егде жастағы азаматтар мен ұзақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтардың санының өсуіне байланысты. Геронтологиялық орталықтар Алматыда, Қарағандыда және Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған. Қазіргі уақытта, геронтологиялық орталықтардың қызметін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Еңбек Министрлігінің ардагерлер, қарттар істерінің Департаменті осы орталықтардың қызметін ұйымдастырып, осы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізіп, қолдау көрсетіп, Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік қорғау органдарына нұсқаулық дайындауда. Заманауи медициналық, технологиялық және оңалту жабдықтары «Қарт ұрпақ» республикалық мақсатты бағдарламасы бойынша дамушы орталықтарға жан-жақты жеткізіледі.
Сонымен бірге, жекеменшік бірнеше күндізгі келу орындары мен пансионат үйлер және мейірбикелік күтім үйлері бар. Мұнда қарт адамдарға уақытша күтім көрсетіледі Мұндай күндізгі келу орталықтарына көбінесе, отбасылары бар қарттар келеді, өйткені балалары немесе жақын туыстарының жұмыстары болуына немесе басқа да жұмыстарына байланысты қарт адамдарды күндіз осындай мекемелерге әкеліп тастайды.
Күтімді қажет ететін қарттарға арналған мекемелерден бөлек, елде қайырымдылық ұйымдарының және ерікті кәсіпкерлермен ұйымдастырылатын әлеуметтік жобалардың да маңызы зор [74].
Алматы қаласында, Алғабас елді мекенінде еріктілер ашқан қарттарға арналған «ASAR» орталығы бар. Орталық күндізгі пансионат сипатында ашылған және күндіз біреудің көмегінсіз ұзақ уақытқа үйде қала алмайтын, күтімді қажет ететін қарт адамдарға арналған. «ASAR» орталығының негізгі мақсаттары төменде көрсетілген:
Сурет 7. «ASAR» орталығының негізгі мақсаттары
Бағдарламаның басты назарында күтімді қажет ететін психологиялық ауытқушылықтары бар егде адамдар болды. Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін, әр күнге әр түрлі ойын, жаттығулар жасалды. Жасалатын әрбір жаттығу егде жастағы адамдардың денсаулығының физикалық жағын жақсарту, ойлау қабілеттерін дамыту, көңіл-күйін көтеру үшін арнайы тағайындалды.
Орталықтағы бағдарламаның түрлері:
АҚШ нейробиологы Лоуренц Катцтың нейробика жүйесі
Гимнастика
Тек бір сезім мүшесін қолдану арқылы жұмыс жасау.
Шифрлау
Алфавит әріптерін ретімен айтып, әр әріпке сөз ойлау
Шығармашылық жаттығу
«Сағат салу» жаттығуы
Көңіл аударуға арналған жаттығу. Филворд
Дженга
Шульте кестесі
Жұмбақ жасыру
Есте сақтау аппаратын дамыту.
Тарихтағы тұлғалар
«Шаңғы» құрылғысымен жаттығу
Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты жалғыз басты егде жастағы адамдардың жағдайын бақылау, денсаулығын жақсарту, күндерін қызықты әрі пайдалы өткізуге арналған іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеу. Осы мақсатты орындау барысында әр түрлі жаттығу кешендері құрастырылды. Денсаулықты нығайту үшін, әрдайым салауатты өмір сүру салтын ұстанып, физикалық жаттығулармен айналысу керектігі ертеден белгілі. Олардың физикалық формаларын сақтап тұрудың бірден-бір жолы әрдайым шынығып тұру. Қарттық кезде омыртқа жотасы, аяқ-қол буындары, бел аурулары көп байқалады. Бұл аурулар қозғалыстың аздығынан, арқаны тік ұстамағаннан, жас кезде денсаулыққа айтарлықтай көңіл бөлмегендіктен пайда болады. Жасы келген адамдарға пайдалы жаттығу құрылғылары таңдап алынды. Олар: «Шаңғы», «Веложаттығу» және «Жүгіретін жол» [75].
Халқы аз жерлерде тұратын жалғыз басты қарттарға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі – «Қайырымдылық поезды» деген атпен ұйымдастырылып жүріп жатыр. Оның құрамына дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер кіреді. Олар: медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық ақыл-кеңес беру т.с.с көмек түрлерін көрсетеді. Атап кету керек, мұндай көмектер бұған дейін де жүргізілген: ауылдық аймақтарға медицина мамандарының баруы, адрестік сауда-саттықтың жүргізілуі және т.б. Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |