Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы



бет26/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

Зерттедің мақсаты: Отбасы немесе туыстары бас тартқан қарттармен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктерін анықтау және оларға талдау жұмыстарын жүргізу. Қарттармен және қарт туысқандардан бас тартқан отбасылармен әлеуметтік қызмет түрін жүргізетін эксперттерден сұхбат жүргізу әдісі арқылы олардың қарт туысқандардан бас тартудың алдын-алу технологияларының тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар мен әдістерді анықтау.
Зерттеудің нысаны: қарт туысқандардан бас тарту
Зерттеудің пәні: қарт туысқандардан отбасының бас тартуының алдын алу
Зерттеудің әдісі: Тереңдетілген эксперттік сұхбат әдісі (сұхбат үлгісін Қосымша 2 қараңыз).
Жалпы зерттеу барысында қолданылған сұхбат әдісі 4 эксперттен алынды. Бірнеше бағыттағы 16 сұрақ қойылды. Сұхбат әдісі респонденттердің қалауына байланысты анонимді түрде жүргізілді. Тереңдетілген сұхбат 15.02.2022-05.03.2022 уақыт аралығында өтті. Зерттеу барысында алынған ақпараттар дипломдық жұмыста қолданылды.
1 Блок, отбасылары мен туыстары бас тартқан қарт адамдардың еліміздегі әлеуметтік мәртебесі мен жағдайы жайында анықтаушы сұрақтар.
Егде және қарт адамдардың жағдайы қазіргі кезде қоғамда орын алып отырған әлеуметтік, саяси және экономикалық өзгерістерден бөліп қарастыру мүмкін емес. Бұл – тікелей сандық анықтап сипаттауға болмайтын категорияға жатады. Оған еңбек ету мен бос уақытты өткізу, тамақтану сапасы, өмір сүру сапасы, тұрмысының қолайлығы, әлеуметтік институттардың қызмет ету сапасы, қызмет көрсету салалары, күнделікті пайдаланатын бұйымдар мен тұрмыстық тіршіліктер, қарым-қатынасқа түсу қажеттіліктеріне сапалы қанағаттану деңгейі, сондай-ақ білімге, шығармашылыққа және т.б. көрсеткіштері жатады. Біздің елдегі демографиялық тенденциялар бүкіл әлемде жүріп жатқан үрдістерге ұқсас әрі қартайған жастағы адамдардың абсолютті және салыстырмалы сандық үлесінің қарқынды жүруін сипаттауда. Қазіргі кездегі қазақстандық қоғамда халықтың абсолютті санының құрылымының ұлғаюы және қарт адамдар мен кәрілік жас үлесінің көбейуі экономикалық, әлеуметтік және моральдық этикалық мінез-құлықтың бірқатар салдарына алып келіп отыр.
Қоғамдағы қарт адамдардың әлеуметтік мәртебе ерекшеліктері мен қарттардың қоғамдық ортадағы әлеуметтік құрылымы тікелей қарт адамдардың қызмет қабілеттіліктеріне әсер етеді. Қарт адамдардың зейнет жасынан кейінгі автивті өмірі мен әлеуметтік белсенділігі төмендейтінін айтға болады, эксперттер оның бірнеше себептерін көрсетті. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәртебесі олар зейнетақылық жасқа жеткен кезде емес, олардың еңбек қызметін тоқтатқан кезде және қорғансыз немесе ешкімсіз қалған кезде төмендей бастайды деген тұжырымға келуге болады.
«Көп жағдайда, қарт адамдар өздерін қоғамнан бөлектетеді, әлеуметтік өмірдің белсендігі азайған соң, қызметтік қоғамдық ортадан кетіп, жаңа әлеуметтік қоғамға келген кезде бейімделу процесі баяу жүреді деп айтуға болады. Себебі, отбасы болсын, қоғамдық орта болсын, кез-келген әлеуметтік ортада қарттарды шаршатып, оларды көп мазалағысы келмейді, қарттар көмегін қажетсінбейді, мұндай рөлді қабылдау белсенді өмірде сүрген қарттар үшін ауыр тиетіні сөзсіз. Оның бірнеше себептерін көрсетуге болады. Біріншіден, бұл табиғи заңдылық, кез-келген қарт адамның көмегін пайдалану немесе белгілі бір нәрсені сұрау, ақыл сұрау қазіргі қоғамдағы жастардың істеріне кері келеді. Қарт адамдарға көбіне, үндемеуге тырысады. Себебі, қарттар қарттығына байланысты, ұмытшақтық, қызмет қабілетінің төмендеуі, көп сөйлеу сынды әдеттерге ие. Көп отбасылар осы қабілеттерінің төмендеуінің кесірінен қарт туысқандарынан бас тартып жатады. Кері байланыс болмаған соң қарттар көп уайымдап, тысқары қалып жататыны да содан деп есептеймін» (№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы)
«Қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі дәстүрлі тұрғыда олардың еңбек қызметін тоқтатқан кезде төмендей бастайды. Ал, стандартты емес себептеріне отбасынсыз жалғыз қалып қою факторы саналады. Себебі, енді олардың көмегіне ешкім мұқтаж емес. Осындай жастарында әдетте, қарттар немерелерін қарау немесе жай ғана қастарында отыру функцияларын атқарады, ал тастанды қарттар мұндай жылулықтан да айырылады. Зейнет жасына келіп, әлеуметтік мәртебесі төмендеген қарттар әдетте, ауырып қалады, өзіне көңіл бөлуді қалайды, ал осы жасында сол жылу күткен отбасылары тастап кетсе тіптен өздерін тастап, қиналып жатады. Белсенді өмірдің негізгі ойыншысы ретінде өздерін көретін қарттар енді, тек сырттай бақылаушы рөлін алған соң, жағдайды қабылдау мен мойынсұну қиын болады. Қарттардың әлеуметтік белсенділігінің төмендеуі де осыған байланысты. Себебі қаншалықты сұраныс болса соншалықты тауар болады, сәйкесінше қарттардың зейнет жасынан кейінгі қызмет атқаруы олардың активті өмірлерінің жалғасуы деп қарастыруға болады»(«Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері)
Сұхбат барысында айтылғандай, көп жағдайда қарт адамдар өздерін қоғамның керек емес мүшесі ретінде сезінеді, сұхбат берушілер оның бірнеше себептерін көрсетті. Атап айтқанда, өмір белсенділігінің төмендеуі, еңбек қызметінің тоқтауы, сенім артатын отбасының өзінен бас тартуы, активті өмірдің пассивті өмірге айналуы және қоршаған ортаның және туыстарының қарттарға деген көзқарасы. Шынында, жұмыс жасауды жалғастыратын адамдар өздерінің соңғы иеленген субъективті мәртебелерінің, контактілерінің және белсенділіктің деңгейін ұзақ уақыт бойы сақтайды. Сондай-ақ қарт адамдарға деген қоршаған ортадағы адамдар қатынасының өзгергендігі бірден-бір себеп болып отыр. Қоршаған ортаның қарттарға деген көзқарастарының ауысуынан бөлек, өз отбасының бас тартуы қарт адамдарға өте ауыр тиеді. Белгілі бір себептермен еңбек қызметінен кеткен егде адамдар зейнеткерлер категориясына өтеді. Бұл жағдай бір жағынан олардың материалдық жағдайына және контактілер интенсивтілігіне әсер етсе, бір жағынан олардың субъективті мәртебесіне де әсер етеді. Сонымен бірге, отбасыларына масыл бола бастайды, себебі көбінесе активті белсенділігі төмендеген қарттар көп ауырып, ұмытшақтық секілді қарттарға тән қабілеттіліктері төмендей бастайды және біреудің көмегіне зәру күтімді қажет ететін қарттар категориясына кіреді. Ал, мұұндай қарттарды бағып-қағудан отбасылары жиі бас тартып жатды деген тұжырымдамаға келуге болады.
Әлеуметтік-экономикалық белсенділік мына факторлардан тұратынын ескеріп кеткен жөн:

Кесте 6. Әлеуметтік-экономикалық белсенділік факторлары [79].







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет