Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы



бет27/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
ДИПЛОМ ПОЛНЫЙ (2)

Ішкі:

Сыртқы:

Денсаулық

Экономикалық

Білім беру, квалификация

Әлеуметтік (отбасылық, қоғамдық)

Ынталандыру, мәдениқұндылықтар

Заңнамалық

Эффективті тарту олардың әрбірінің сапалық өзгерісі үшін маңызды болып саналады. БҰҰ эксперттерінің мәліметтері бойынша Германияда ең көп әлеуметтік-экономикалық белсенді зейнеткерлер өмір сүреді. Бұл нәтиже өмір сүру деңгейінің жоғарылығына байланысты. Сонымен қатар неміс жанұяларында бір-біріне көмектесу қарастырылмаған. Ата-ана үшін жақсы қарттар үйін тауып беру ең максималды шегі болып саналады. Қарт кісілердің қатаң әлеуметтік жүйесінің құрастырылуы неміс педонтизмі мен ұқыптылығына негізделген. Шамамен он бір мың қарттар үйінде 80 жылдық шектен асқан әр адам үшін барлық жағдай жасалған. Мемлекетте қарт кісілемен жұмыс дасайтын арнайы мамандар дайындығының толық индустриясы бар. Сәйкесінше, балалары немесе туыстары қарттардан бас тартпайды, тек дәстүрлі түрде қарттар үйіне өткізу норма саналады. Сондықтан да, қарттар мұны қатты ауыр қабылдамайды.


Қарт адамдардың әлеуметтік компетенттілігінің ерекшелігі келесі критерийлермен анықталады деген тұжырымға келуге болады: кәріліктегі өзіне деген қатынасы; өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін білуі; олардың белсенділік деңгейі; қазіргі замандық өмір жағдайларына бейімделуге деген талпыныс. Ал, мұндай әлеуметтік компетенттілігі жоқ, зейнет жасынан өткен қарттар үшін әлеуметтік бейімделу мен қоғамның осы кезеңдік өміріне үйрену жеңілірек болады. Қарт адамдардың қарттарға арналған мекемелерге келуі немесе оларды әкелу тікелей олардың әлеуметтік компетенттілігі мен денсаулық жағдайына сондай-ақ, өмір талаптарына тәуелді болады. Себебі, денсаулығы, жүріс-тұрысы жақсы, әлеуметтік компетенттілігі жоғары қарттардан отбасылары бас тарту фактілері өте сирек. Әдетте, отбасылары тек күтім қажет ата-аналарынан бас тартып жатады. Мұндай мекемелерге келген қарттардың категориялы әр түрлі болады. Олардың жас ерекшеліктері, шығармашылық даму көрсеткіштері, денсаулық жағдайлары да, отбасыларының бас тарту себептері де әр түрлі.
«Біздің орталыққа келетін қарттардың көпшілігі көбінесе жалғызбасты қарттар немесе ерлі-зайыпты жалғыз қарттар.Алайда, бұл факт отбасылары бар қарттардың жоқтығын білдірмейді. Олардың келу себептері де әр түрлі. Көпшілігі қараусыз қалған баспанасыз немесе қамқоршылары жоқ қарттар. Алайда, отбасылары мен балалары бар қарттардың бар екендігін жоққа шығара алмаймыз. Әрине, көпшілігінің туыстары мен балалары жоқ, қараусыз жалғыз қалған болғанмен, отбасылары саналы түрде әкеліп тастаған қарттар да жоқ емес. Оның себебін анықтау қиын, дегенмен қарттардың айтуынша, отбасындағы баламен, келінмен немесе қызымен ұрыс-керіс осындай жағдайға әкеледі. Орталықтағы келетін қарттар күндіз ғана болады, олардың көпшілігі жалғызбасты қарттар, көбісінің балалары басқа қалаға көшіп кеткен немесе басқа елге көшіп кеткен себебінен жалғыз қалып қойған. Олардың барлығы дерлік зейнетақы алады. Көпшілігі базалық зейнетақы иегелерлері. Қарттардың 30%-ға жуық үлесінің отбасылары бар. Кейбіреулері саналы түрде өздері келсе, кейбірі тастанды қарттар қатарына кіреді. Арасында, өз балалары мен келіндерінен зардап шегіп келгендер де бар. Олардың айтуынша, балалар мен келіндері зейнетақысын тартып алады, күн көрсетпейді дейді. Сондықтан да саналы түрде қарттар үйіне келген жандар да бар. Кейбір қарттардың балалары айына немесе аптасына бір рет келіп тұрады. Қал-жағдайларын біліп, әкелген заттарын беріп кететіндерін де бар, мүлдем хабарсыз кеткендер де жоқ емес. Бір қынжылатыны, біздің қарттар балалары оларды тастап кетсе де телміріп балаларын күтіп отырады, немерелерін көргісі келеді. Алайда, көпшілік қарттардың балалары табысты, ол қарттардың денсаулық жағдайлары да жақсы. («Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері)
«Біздің орталық қарттардың күндізге келу орны болғандықтан, қарттардың келуінің өзіндік себептері бар. Біріншісі, олар үйде зеріккеннен немесе денсаулық жағдайына байланысты күтімді қажетсіну бойынша күндізгі келу орталықтарына келуге мәжбүр болады. Екіншіден, қарт адамдардың тіршілік әрекеттерінің шектелуі, белсенді тіршілік әрекетінен ажырауы және айналадағы адамдармен қарым-қатынаста мінезінің өзгеруі сынды мәселелер балаларының қарттарға күндізгі келу орындарына әкелуіне себеп болады. Сондай-ақ, өте көп бос уақытының болуы мен бос уақытын өткізуінің сапасы жақсару мақсатында қарттар өздері саналы түрдеде келетін кездер болады. Орталыққа келудің бірден-бір себебі, қарт адамдардың қарттығына байланысты орын алған денсаулық жағдайларының төмендеуі, ағза қабілетінің нашарлауы сынды себептер. Көбінесе, қарттар балаларына ауырлық түсіргісі келмей өздері саналы түрде келеді. Қазірде біздің алдыңғы жоспарлардың қатарына ASAR орталығы мен қаладағы бала бақшаларды біріктіру. Осы бойынша біренеше іс-шаралар ұйымдастырылуда. Колумбия округі, Вашингтон қаласындағы балалар мен қарттарға арналған балабақша мысалында жүзеге асырылуда. Ол мектеп жасындағы балалар мен қариялар келуіне арналған. Бұл балабақшада 400-дей қарттармен Халықаралық оқыту орталығының 10-нан астам балалары бар. Балалар аптасына 5 күн келіп, өлең айтып,би билеп, тамақ жасап, қолөнермен айналысып, өмірде болған оқиға туралы пікір алмасады. Бұл орталықты ашуға Эванна Бригсаның Америкадағы қартаюды суреттейтін «Осы шақ (Present Perfect)» документальді фильмі себепші болды. Бұл фильмде қарттар үйіндегі балалардың болуы қарттарға жақсы әсер ететіні бейнеленген. Бұл жоба қарттардың әлеуметтік белсенділігі мен қарттық кезеңнің дағдарысытық кезеңге айналмауына өз септігін тигізеді деген ойдамыз» («ASAR» қарт адамдардың күндізгі келу орталығының басшысы)
Сұхбат берушілердің жауаптарына сәйкес, қарттар үйіне және қарттарға арналған мекемелерге көбінесе күтімді қажет ететін қарттар және еріксіз келген қарттар келеді, басым көпшілігі әйел адамдар, бұл зейнет жасындағылардың ерлерге қарағанда әйелдердің көп екендігімен түсіндіріледі.
Сұхбат нәтижелері көрсеткендей, әкесін немесе анасын тастап кету және бас тарту ұл бала мен қыз бала үшін бірдей . Яғни, балалары да қыздары да тастап кетіп жатады. Ата-ананың ажырасуы некеден бас тартуға ықпал ететін фактор болып табылады (көбінесе әкеден). Жесірлер көбінесе күйеуінің қайтыс болуы оларды қорғансыз және балалар үшін қажетсіз болуы салдарынан тастап кетсе, көп жағдайда некесіз туған балалар ата-аналарын тастап кетіп жататындығын айтады. Кейбір жағдайда, ата-аналары балаларына тас тартып қарттар үйіне келіп жатады дейді эксперттер. Әрбір оныншы «тасталған» қарт туыстың өзі бір рет ата-анасын қамқоршылықсыз қалдырған немесе жақын туыстарының арасында тастап кеткен болып жататындықтарын да айтады.
Ата-анадан бас тартуды ересектердің ұрпақтық нормаларды бұзуы және ата-ана алдындағы отбасылық міндеттерін орындамауы деп түсінуге болады, оның экстремалды түрі ата-ананы қорғаншылық пен қамқоршылықтан айыру, мәжбүрлі түрде мекемеге орналастыру, тіпті үйден қуу болып табылады. Отбасындағы ұрпақтар арасындағы қақтығыстардың бір көрінісі ретінде ата-аналардың балалардан бас тартуы келіспеушілік және «әкелердің» тәжірибесінен бас тарту, оларды өз көзқарастарымен түбегейлі ауыстыру ниеті түрінде көрінуі мүмкін.
Отбасылардың ата-анадан бас тарту критерийлері мынадай болуы мүмкін:ересек балалардың ата-аналарына қарсылығына дейінгі құндылықтардың айырмашылығы; балалардың ата-аналарына қарсы ашық наразылық деңгейіне жеткен наразылық; байланыстардың аяқталуына дейін өзара әрекеттесу жиілігін азайту; жасырын жаттық, ата-анаға немқұрайлылық, оларға деген өзімшіл көзқарас; ата-аналарға қамқорлық пен қажетті көмектің болмауы; қарт туысқанды қабылдағысы келмеуі. Қарт туысқаннан бас тарту - көптеген факторлардың көп қырлы әсерінен болатын күрделі әлеуметтік құбылыс. Сонымен қатар, олардың әсері динамикалық. Ол өтпелі және дағдарыс кезінде күшейеді; тұрақты және өркендеуде - әлсіреу орын алады.
Сонымен бірге, отбасылары тастап кеткен қарттардың жасы зейнет жасынан жоғары қарай екендігі анықталды. Қауіпті топқа 60 пен 84 жас аралығындағы ата-аналар кіреді. Бұл жаста, қарттар енді зейнет жасына шығып, көпшілігі табыс көздерін аяқтап, экономикалық және материалдық тұрғыда балаларына тәуелді болып қалатын жаста. Сондай-ақ, бұл жастағылар зейнет жасына шығып қоғамдық өмірден алшақтап активті белсенділіктері төмендеп қалатын кез болғандықтан көпшілік қарттар ауырып, қатты әсер алып жатады. Соның негізінде денсаулық жағдайлары нашарлап, күтімді қажет етіп қалатындары да бар. Соған сәйкес, көңіл-күйлері болмай қарттық қабілеттері байқалып аумалы кезеңге тап болады. Сондықтан, мұндай қарттардың экономикалық және әлеуметтік, тұрмыстық өзгерістеріне шыдай алмай көп балалар өз ата-аналарынан, туыстары өз жақындарынан бас тартып жатады.
Деректерге сәйкес, ата-аналарынан бас тартқан балалар мен қарт туысқандардан бас тартқан отбасылардың құрамдары көбінесе толық құрамда болады, сондай-ақ, балалары ішіп кеткен, өздері қаңғырып жүретін отбасыларда кездеседі.
«Тастанды қарттардың көпшілігінің балаларының жағдайлары жақсы, әлеуметтік қамтылған отбасылар қатарына кіреді. Алайда, көпшілік отбасылардың жағдайлары болмай, ұрыс-керіс боған отбасылардан қарттар өздері кетіп қалып орталыққа келетіндері де болады. Ата-аналарын көбінесе, екесіз туған балалары тастап кетеді. Орталықтағы қарттардың басым көпшілігінің немерелері де бар. Көрсетуге кейде әкеледі» «Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы)
Алматы қаласындағы әлеуметтанулық орталықтардың жүргізген әлеуметтанулық зерттеулерінің деректеріне сәйкес, отбасылары бас тартқан қарттардың саны көбейіп келеді. Сондай-ақ, қарт туыстарынан бас тартудың экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық себептерін көрсетеді. Сұхбат берушелердің жауаптары да осыған ұқсас. Барлығы дерлік бас тартудың себептерін сыртқы факторлардан көреді. Алайда, идеологиялық себептердің бар екендігін де айтады.
«Қарт адамдардың әңгімелерін көп тыңдап жатамыз, барлық әңгімелерді сүзгіден өткізіп қорытындылап отырсам, балалары мен туыстарының қарт ата-аналарынан бас тартуының себептері әр түрлі. Негізгі себептері ата-анасын асырай алмау, күтім жасау қажет болғандықтан оған күтім жасай алмау, отбасына кедергі жасайды деп ойлап әкеліп тастайтындар бар. Мұның барлығы балалар қатыгездігі, жауапкершііктен бас тартуы» (Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы).
«Ата-аналар балаларынан алатын көмектің ең кең тараған түрі – қаржылық қолдау. Тіпті ата-ана да қарыз болып қалмайды: олар үй жинауға көмектеседі, немерелерін бағып, бірге тұрады, олар қаржылай, мысалы, зейнетақысына, үй шаруашылығының жалпы құнына қосады. Ересек балалар мен олардың ата-әжесі арасындағы алмасу процестері қарт адамдарға отбасылық күтімге әсер етуі мүмкін. Сірә, балалар мен ата-аналар әрқашан қолдау көрсетеді және алады. Көмек алу үшін кімге жүгіну керек деген сұраққа егде адамдар басқа туыстарына қарағанда балаларының атын қояды. Ажырасқан ата-ана жесір әйелдерге қарағанда балаларынан аз қолдау алып жатады. Сондықтан да ата-аналарынан бас тартудың негізгі себебі материалдық жағдай деп ойлаймын. Алматы қаласының экономикалық жағдайына қарай отасын асырау қиын, сол себепті де зейнет жасына келіп табыс табу қабіетінен айырылған соң ата-аналарын өткізіп тастап жатады» (Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің қызметкері)
Эксперттердің жауаптарына сәйкес, отбасылары мен туыстары қарт туыстарынан бас тартып кетуінің себептері өзара байланысты мәселелер мен белгілердің үш блогын құрайды деп қорытынды жасауға болады:

  1. қазіргі Қазақстандағы оның ішінде Алматы қаласындағы әртүрлі әлеуметтік процестердің әсері (елдегі күрделі экономикалық жағдай, дағдарыс, қылмыстың өсуі және саяси тұрақсыздық және т.б.)

  2. нақты отбасылардың өмір сүру ерекшеліктері (отбасы мүшелері арасындағы кикілжіңдер, ата-аналардың ажырасуы, ата-ананың балалық шағында ерлі-зайыптылардан және балаларынан ажырауы, қайта неке құру, балаларды дұрыс тәрбиелемеу және т.б.);

  3. жеке себептер (ата-аналар мен балалар бір-бірінен алшақ тұрады, ата-аналардың денсаулығында проблемалар бар, тұрғын үй мәселесі, ата-аналар немесе балалар арасындағы алкогольге тәуелділік және т.б.).

Факторлар арасындағы мұндай айырмашылық өте шартты, өйткені өте сирек кез келген себеп бас тартуға әкелуі мүмкін; ұрпақтар арасындағы қатынастарға күрделі және түсініксіз әсер етудің өзі бас тартудың себебі болуы мүмкін. Демек, ене мен келін, ата-ана мен бала арасындағы кикілжің ұрпақтар арасындағы байланыстың бұзылуына қатты әсер етеді. Бас тартудың негізгі себептерінің бірі - туыстар арасындағы қашықтық. Дегенмен, егде ата-аналардың ересек балаларымен бірге тұруы әртүрлі бағаланады: қанша егде адамдар көп ұрпақты отбасы идеясына жанашырлық танытады, сол сандағы адамдар әлсіз адамдардың қарттар үйінде болғаны жақсы деп санайды.
Соңғы жылдары осы санаттағы жалғызбасты азаматтар санының өсу тенденциясы байқалып, олардың жоғарыда аталған параметрлер бойынша қажеттіліктерін отбасы ішінде қызмет көрсету негізінде қанағаттандыру мүмкіндігі барған сайын шектелуде. Бұл еңбекке қабілетті халықтың жоғары жұмыспен қамтылуымен, сондай-ақ туыстық байланыстардың әлсіреу, өскелең ұрпақты аға буыннан оқшаулау үдерісінің күшеюімен байланысты.
Отбасына жататын қарттар мен қарттарға көрсетілетін көмектің ауқымы медициналық мекемелер көрсететін көмек көлемінен әлдеқайда кең. Отбасы мүшелерінің қарт адамдарға көрсететін қызметтерінің кең спектрін ескере отырып, бұл қызметтерді көрсетуді денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді басқаруға ауыстыру мүмкін емес сияқты. Отбасы қосымша күш салуы мүмкін деп ойлау да шындыққа жанаспайды. Осылайша, бір жағынан, отбасы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарының қызметіндегі олқылықтарды толтыру болып табылатын ерекше функцияны орындайды, ал екінші жағынан, білікті білім мен дағдылар қажет болған жағдайда отбасының мүмкіндіктері өте шектеулі болып жатады. Қарт туыстар мен олардың кәмелетке толған балалары маңызды қызметтерді көрсетеді және бірге тұруға немесе бір-біріне жақын болуға және бір-бірімен тұрақты байланыста болуға көмектеседі. Ересек балалардың қызметтері мен көмегі ата-аналар үшін өте құнды, өйткені олар көп жағдайда олар үшін мағынасы бар адамдармен жалғыз байланыс болып табылады. Жасы ұлғайған сайын егде адамдардың қарым-қатынасы күрт тарылады. Көбінесе тек тар отбасылық шеңбер қалады. Егде жастағы адамдардың өздері бұл жағдайды қайғылы түрде қабылдамайды, өйткені олар балалармен қарым-қатынас олар үшін жеткілікті екеніне сенімді, олар балаларды өздері қалағанынан аз көретініне алаңдауы мүмкін. Айта кету керек, кейбір заманауи өзгерістер отбасын күтуде қосымша проблемалар мен қиындықтар туғызады.
Балалардың көші-қоны - егде жастағы адамдар кездесетін мәселе. Бүгінгі күннің проблемасы егде жастағы адамдарды стационарлық әлеуметтік мекемелерге үйде бақпайтын және тіпті интернат үйлеріне де бармайтын ересек балалардың қатысуымен орналастыру болып қала береді. Бұл құбылысты егде ұрпақтың ересек балаларының бас тартуы деп атауға болады. Сондықтан ата-анасының жауапкершілігін өз мойнына алғысы келмейтіндердің қатары көбейіп кетпеуі керек.
2 Блок. Отбасылары мен туыстары бас тартқан қарт адамдармен әлеуметтік қызмет түрлерін анықтауға арналған сұрақтар.
Қарт туысқандардан бас тарту еліміздің менталитетіне қарсы келгенмен, бас тартатын отбасылар саны артып келеді, себебі қарттар үйіндегі қарт адамдар саны жылдан жылға артып отыр. Салыстырмалы түрде, соңғы бес жылдан қарағанда қарттар үйіндегі қарт адамдар саны 5,6%-ға өскен. Бұл қараусыз қалған туыстары бас тартқан қарттардың санының артып келе жатқандығын көрсетеді. Мұндай қарттардың көпшілігі қарттар үйіне орналасады. Олардың отбасылары бас тартып кетсе де кейбір туыстары мен балалары арасында кездесуге келіп тұратындықтарын айтады эксперттер. Көбінесе, балалары немерелерін алып көрісуге келіп тұратындықтарын айтады. Эксперттердің айтуынша, қарттар апта сайын, ай сайын телміріп балаларын, немерелерін күтіп отырады. Келмей қалған кездерінде, мұңайып, тіпті денсаулықтарына әсер етеді. Бас тартса келіп тұрғандары жақсы дейді қарттар үйінің маманы. Алайда, кейбір қарттар өз туыстарын көруден бас тартып жататын кездер болады.
«Жалғызбасты қарттардың жалпы санының жартысы қоғамнан толық дерлік оқшауланған: оларға ешкім бармайды. Туыстары мен достарының толық болмауы барлық жағдайда болмайды; кейбіреулері өз туыстарымен байланысын өздері үзіп жатады» (Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы).
Біздің елімізде үлкен жастағы азаматтардың құқығы мен қызығушылықтары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнеттік қамту туралы", "Мемлекеттік бағытталған әлеуметтік көмек туралы", "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарының негізінде, ҚР Басшылығының тағайындалуымен және орталық орындаушы ұйымдардың бұйрығы бойынша реттеліп отырылады. Алайда, ата-анасынан бас тартқан отбасыларыға, туыстарға ешқандай заңдық шектеулер жоқ. Бұл да белгілі бір тұрғыда, тастанды қарттар санының өсуінің себебі болып отыр. Елімізде, заң қарастырылмаса да, қарт туысқандардан бас тартқан қарттарға әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі және олар мемлекет қарамағына өтеді.
«Қазіргі таңда елімізде, мемлекеттік қарттарға арналған коммуналдық мекемелерден бөлек, жекеменшік пансионат үйлері мен медбикелік пансионат үйлері жетерлік. Сондай-ақ елімізде үйде қызмет көрсету қызметі жүзеге асырылады. Бұл мекемелердің мақсаттары ортақ, ол қарттардың әлеуметтік ахуалын жақсарту және әлеуметтік қызмет көрсету мен күтім жасау. Алайда, әр мекеменің өзіндік ерекшеліктері мен талаптарына сәйкес, қызметтері жиыны бар. Атап айтатын болсақ, біздегі қарттар үйінің өзіндік мынадай қызмет түрлері бар: қарттарды толықтай күтімге алу, тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, әр қарт адамның жеке әлеуметтік картасын жасау, гигиеналық күтім көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, әлеуметтік-құқықтық ақпараттар беру және оны жүзеге асыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру әлеуметтік-мәдениіс-шаралар ұйымдастыру, қарттардың медициналық ахуалына көңіл бөлу және соңында жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру да жатады. Қызметтер жиыны Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының және Ардагерлер үйінің нормативтік-құжаттарында бекітілген. Сондай-ақ күндізгі келу орындарында да осындай кешенді қызметтер жүзеге асырылады, алайда басымдықта қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыру мен әлеуметтік ахуалын көтеру тұрады»(«№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы)
«Еліміздегі қарттарға әлеуметтік жұмыс жүргізетін орталықтар мен мекемелер саны жыл сайын артуда. Шетелдік тәжірибе негізінде ашылып жатқан қарттар пансионаттарының қызметтері мен ерекшеліктері мемлекеттік коммуналдық мекемеден өзгешеленеді. Біздің орталық - жалғызілікті зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалгызілікті ерлі – зайыпты және отбасылық жұптарды (бұдан әрi – егде азаматтар) өз меншік құқығындағы тұрғын-үйлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берген жағдайда мемлекеттік мекемеде орналастырылуы мен тұруын, сонымен қатар олардың тұруына тұрмыстық жағдай жасау мен негізгі өмірлік мұқтаждықтарын іске асыруға арналған, ұйымдық құқықтық түрде құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады. Сондықтан да негізгі басым қызмет әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету және қарттардың тұруына тұрмыстық жағдай жасау болып табылады» («Жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, зейнеткер жасындағы жалғызілікті ерлі – зайыпты және отбасы жұбайлары үшін әлеуметтiк тұрғын үй Дирекциясы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің қызметкері)
«Елімізде көптеген қарттарға арналған орталықтар бар. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды, Ақтөбе қалаларында жән Алматы қаласында орталықтар саны басым. Олардың әрқайсысы белгілі бір бағыта ашылып өзіндік әлеуметтік қызмет түрлерін ұсынады. Мысалы, біздің орталық зейнеткерлерге арналған күндізгі келу орталығы болып саналады. Орталықта жеӊіл дәрежелі когнитивтік бұзылыстары бар қарттарға, зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға жаттығу мен қалпына келтіруге арналған күндізгі қызмет орталығында әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еӊбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық басқа да қызметтер түрі ұсынылады. Сондай-ақ, Алматы қаласында "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" қоғамдық қоры зейнеткерлер мен қарт адамдардыӊ өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда» («Зейнет жасындағы қарттарға арналған күндізгі келу орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері)
Эксперттердің пікірлері бойынша мынадай қорытындыға келуге болады:
Елімізде қарттардың күтімімен айналысатын және әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме және жекеменшік үйлер бар. Олардың қызметтер жиыны жалпы Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы заңына сәйкес жүзеге асырылады. Алайда, жеке бағдарланған қызметтер жиыны да бар. Олардың ішінде, қарттардың әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары байланысты жүзеге асырылатын қызмет түрлері бар. Сондай-ақ, үйде қызмет көрсету қызметтер жиыны да өз басымдығымен ерекшеленеді.
«Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері өте көп. Ол олардың категориялары мен денсаулық жағдайына байланысты болады. Көбінесе, қарттарға қызмет көрсетуде терапия түрлері мен психологиялық әдістер көп қолданылады. Зейнеткерлерді ем қабылдайтын жерлерге тегін жеткізу мемлекеттік арнайы медициналық жедел жәрдем автотранспорттары арқылы іске асады. Өзіне күтім жасай алмайтын және жүре алмайтын және транспорттау кезінде қиындықтарға ұшырайтын және госпитализацияға мұқтаж емес, сонымен қатар интенсивті ем қабылдауды керек етпейтін, дегемне объективті әдістер бойынша қайта қалпына келтіру мен функция компенсациясына ие болатын қарт кісілер үшін медициналық реабилитация үй жағдайында амбулаториялық деңгейде жүргізіледі.Үйдегі көмек көрсету дәрігерлер тарапынан мультидисциплинарлы құрам, медбикелер, психолог, әлеуметтік қызметкерлер, керек жағдайда өзге де мамандар тарапынан іске асады. Қоғамды назарын қарт кісілердің мәселелеріне, олардың мәселелерін шешу мен өмір сүру сапасын арттыруға аударту мақсатында Мемлекетті ұйымдар мен қалалық Ардагерлер кеңесі және өзге де бағыттағы ұйымдар тарапынан қарт кісілер айлығына арналған іс-шаралар жүзеге асырылып отырылады. Технологияның дамып кетуі мен технологияның қарқынды дамуына орай қарттар арасындағы компьютерлік сауаттылық —15% төмен көрсеткішті көрсетеді. Тек 4% зейнеткерлер ғаламдық желіні үздіксіз пацдаланады (интернет). Зейнеткерлерді компьютерлік сауаттылыққа үйрету үшін жергілікті оқулар жүргізіледі, олар аса танымал емес, сәйкесінше зейнеткерлердің қатысу үлесі де төмен. Сондықтан да қарттарға жаңатехнологиялық базаны үйрету қазіргі таңда алдыға қойған мақсаттардыбірі саналады.
Сондай-ақ, қазіргі кезде, қарт адамдардың әлеуметтік ахуалы мен денсаулық жағдайларын көтеру және бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында көптеген әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жүзеге асырылады. Соның бірі ретінде қазіргі таңда қолға алынған, Алматы қаласының әкімі басшылығымен ұйымдастырылған «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы жобасын айтуға болады. Бұл жобаның мақсаты қарт адамдардың әлеуметтік-мәдени өмірін ұйымдастыру мен бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірне, туризм қатысатын дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысатын және өзінің интелектуалды дамуын жалғастыратын, сонымен қатар мүмкіндігінше еңбек әрекеттілігін жалғастырушы зейнеткерлер осыған дейін қарастырылған болатын. («№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығының күтуші маманы)
Алматы қаласында «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы жобасы іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - Алматы қаласында өмір сүретін зейнеттік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет