Кіршіксіз рамазан үшін abu productive


Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата15.04.2023
өлшемі1,77 Mb.
#82876
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
32
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


22 
КҮН
Ерекше сауапты ісің қандай болмақ (2 бөлім)?
Бүгін, Рамазаннан кейін жалғастыратын бір амал туралы 
ойла.
Қандай амалды орындауға уәде бере аласың? 

Бүгіннен бастап, күнде тахаджудке тұрасың ба? 

Әр дүйсенбі мен бейсенбі сайын не болмаса айына 
үш рет ауыз бекітесің бе? 

Әр парыз намазыңды мешітте оқисың ба? 

Аптасына кемінде бір рет садақа беріп отырасың ба? 
Бұл саған не береді? 
 
Есіңде болсын, «аз болса да ғибадаттың жалғасып тұрғаны 
қайырлы» (Бухари жеткізген хадис). 
Ізгі амалдарың Рамазаннан кейінгі өміріңнің бір бөлшегіне 
айналмақ. Олай болса, бұлардың біреуін қағазға түсіріп, 
есіңе салып отыруды әдетке айналдыр. 
Осы орайда “белсеңді мұсылманның әдетке 
айналдырғышы” (ProductiveMuslim Habitator - 
http://goo.gl/95vVrc

құралы, саған пайдалы болар, 
иншаАллаһ! 
33
Кіршіксіз Рамазан үшін 30 кеңес


23 
КҮН 
Шаршадың бірақ бақыттысың? :)
Егер өміріңнің рухани, әлеуметтік пен физикалық жағын 
тең дәрежеде ұстап, Рамазанды тиімді түрде өткізуге бар 
күшіңді салып отырсаң, қазіргі уақытта аз болса да 
шаршағандық бар шығар? 
Шын мәніне келсек, оразаны пайдалы өткізіп жатқаның 
үшін қуаныштысың. Оразада күні бойы ұйықтап, түнімен 
достарыңмен көңіл көтеріп, уақытыңды фильм көріп 
өткізіп жүргеніңді көз алдыңа бір елестетші. Сондай 
бақытты сезінер ме едің? 
Көңіл-күйіміздің көтеріңкі не қаншалықты төмен болуы 
Аллаһ Тағалаға жақындығымызға тікелей байланысты.
Қанша жерден шаршап тұрсақ та Аллаға құлшылық 
жасасақ көңіліміз жай табады.
Керісінше, қанша жерден рахаттанып жүрген сияқты 
көрінсек те Алладан алыстаған сайын көңілімізді мұң 
басып алады. 
Сондықтан, осы күндері шаршап жүрсең де көңіліңді 
көтеріп, күлімсіреп жүр. Алладан осы жолдан 
тайдырмауын тіле! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет