25
КҮН
Жүрегіңді тазалаудың төте жолы!
Бухари жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) былай
дейді:
«
Әр нәрсені тазалаудың бір жолы бар. Жүректі
тазалаудың төте жолы - Алланы еске алу!»
Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.):
-
«Имандарыңды жаңалаңдар!» дегенде, одан
-
«Қалайша?» деп сұрайды.
Ол (с.ғ.с.):
-
«Лә иләһа иллаллаһ (Алладан басқа құлшылық
ететін тәңір жоқ)» деп жиі қайталаңдар» деген.
[Ахмад және Хакім]
Сонымен, әсіресе, Рамазанның соңғы күндерінде
Аллаға жақынырақ болып, жүрегіңді тазалағың
келсе, Алланы жиі еске алғайсың!
Көлікте келе жатқанда, компьютер алдында
отырғанда, тамақ пісіріп не балаңмен ойнап
отырсаң, «Лә иләһа иллаллаһ» деп айтқайсың!
Жиірек!
Достарыңызбен бөлісу: