Әдіснама – теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдар жүйесі.
Инновация – білім беру жүйесін жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. «Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі түсіндіріліп, ғалымдар әр түрлі анықтама берген, осы ұғымға «жаңалық», «жаңаны енгізу», «өзгеріс», «құрал», «үрдіс», «әдіс тәсілдер» деп түсінік берген.
Педагогика әдіснамасы – педагогика теориясы, педагогикалық құбылыстарды қарау принциптері, зерттеу әдістері туралы білім жүйесі, алынған білімді тәрбиелеу, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізу жолдары.
Диалог (грекше – dialogos) – әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі, оларды сөйлестіру тәсілі.
Монолог (грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын, көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы.
Тілдесу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі.
Интерактивті (латынша іntегасtіоn — интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер ету.
АННОТАЦИЯ
Магистрлік жобаның тақырыбы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын және "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша көкейтесті мәселелерге байланысты айқындалған. Зерттеудің көкейтестілігі қазіргі кезде, әсіресе, кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеуі жақсы дамыса, ол жазбаша сөйлеуге тез төселетіндігін, соңында ауызша сөйлеудің дәл дұрыс, жүйелі дамуына әсер ететіндігін тәжірибе жұмыстары арқылы дәлелденуінде.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарының бірі – қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуды жетілдіру, жақсарту. Оның бағдары –«дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, инновациялық, шығармашылықпен ойлауға дағдыланған, мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру», шебер сөйлейтін, шешен мамандарды дайындау.
Сөйлеудің түрлері ауызша және жазбаша сөйлеу, соның ішінде ауызша сөйлеудің түрлері диалогтік және монологтік сөйлеу зерттелген. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін диалог және монолог арқылы қалыптастыру үшін түрлі мысалдар, тапсырмалар берілген. Зерттеу жұмысында Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерін анықтау, қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау мақсаты қойылған.
АННОТАЦИЯ
Тема магистерского проекта была определена Государственной программой развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы и актуальными проблемами по специальности «Педагогика и методика начального образования». Актуальность исследования заключается в том, что в настоящее время опыт показывает, что, особенно если у младших школьников развивается устная речь, они быстро реагируют на письменную речь и, в конечном итоге, влияют на правильное, систематическое развитие устной речи.
Одной из основных целей Государственной программы по функционированию и развитию языков на 2010-2020 годы является улучшение преподавания и совершенствование казахского языка в высших учебных заведениях. Его ориентация - развитие нового поколения инновационно развитых , творческий мыслящих, культурных, морально воспитанных профессионалов, которые умело смотрят на мир.
Типы выступлений: устные и письменные, в том числе диалог и монолог. Приводятся различные примеры и задания, чтобы помочь ученикам начальной школы общаться устно через диалог и монолог. Целью исследования является теоретическое обоснование и формулировка интерактивных методов обучения для общения школьников младших классов.
ANNOTATION
State Program for the Development of Education of the Republic of Kazakhstan for
2011–2020 and current issues in the specialty Pedagogy and Methods of Primary
Education determined the topic .
The thesis’s main idea is based on the fact that primary school children’s oral speech development results in quick reaction to written language. This, in turn, influences correct and systematic advancement of oral speech.
Teaching and Kazakh language improvement in higher educational institutions are main goals of the State Program on the Functioning and Development of Languages for 2010-2020.The program’s orientation is a new generation of innovatively developed, creative-minded, cultural and morally educated professionals.
The work explores oral and written speeches, including dialogue and monologue. Various examples and assignments are provided to help elementary school students communicate verbally through dialogue and monologue. Theoretical substantiation and formulation of interactive teaching methods on communication between primary school children are the goals of the research.