Зерттеудің ғылыми жаңалығы: – қазақ тілі сабағында кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;
– кіші жастағы мектеп оқушысының тілін дамытуда тілдік қатысым әдісі үлкен қызмет атқаратындығы анықталды;
– оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;
оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда, белсенді әдіс
ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі және диалогті оқыту технологиясы, интербедсенді әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади технологияларының маңыздылығы айқындалды;
Педагогикалық эксперименттік тірек ретінде Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі алынды. Зерттеу үш кезеңде жүргізілді:
Бірінші кезеңде қазақ тілін оқыту арқылы оқушының ауызша сөйлеу дағдысын дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік, шешендік мәселелері бойынша ғылыми еңбектерге талдау жасалды. Тақырып бойынша бақылау тәжірибесін өткізу үшін оқу материалдары жинақталды.Зерттеу жұмысының негізінде ғылыми - зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, пәні, болжамы айқындалды.
Екінші кезеңде ғылыми деректер мен әдістемелік материалдар жиналып, жүйеленді.Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыратын жаттығулар мен тапсырмалар түрлері нақтыланып, оқушылар тілін дамытудың тиімді жолдары, амал-тәсілдері қалыптасты.
Үшіншікезеңде оқу экспериментінің жалғасуымен, яғни алынған нәтижелер тексеріліп, талданып, ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Қазақ тілі сабақтарында кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыруға (жаңа инновациялық технологияларды қолдану негізінде) байланысты алынған қорытындылар қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады. Зерттеу жұмысы бастауыш мектептерде келешекте жүргізілетін ауызша сөйлеу әрекетін дамыту жұмысының әдістемесіне теориялық-әдістемелік негіз қызметін атқарады. Ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселесінде белгіленген ұстанымдар бастауыш мектепте тіл дамытудың қағидалары мен заңдылықтарын дамытуға игі әсер етеді.