сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;
ауызекі тілді оқытудың әдістері мен ғылыми негіздерін, дағдыларын
қалыптастыруды анықтау;
оқушылардың дағдысы мен ептілік деңгейін тексеру үшін
жаттығулардың тиімді жүйесін құрастыру.
Зерттеу нысаны:Кіші жастағы мектеп оқушыларын диалогтік, монологтік сөзге үйретудің интербелсенді әдістерінің педагогикалық-психологиялық негіздемесін жасау.
Зерттеу пәні:.Кіші жастағы мектеп оқушысының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы:Оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі.
Зерттеудің жетекші идеясы:Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғылыми еңбекте педагогика, психология, лингвистика және қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалықтары, оқытудың жаңа технологиялары туралы ғылыми- әдістемелік еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған еңбектер негіз болды.
Зерттеу әдістері:Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау-жинақтау, тұжырымдау, талқылау, қорыту, эксперименттік әдістер және математикалық-статистикалық әдістер
т.б. қолданылды.