Кіші жастағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің психологиялық-педагогикалық себептерін және оларды жеңу жолдарын зерттеу



бет7/8
Дата24.06.2023
өлшемі163,5 Kb.
#103316
1   2   3   4   5   6   7   8
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғары сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды.
Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жұмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде.
Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімінің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне, жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезеңде сабаққа қойылатын талаптарға байланысты сабақты тек оқытумен ғана шектеп қоймай, сонымен бірге тәрбиелеу, дүниетану, әрбір сабақ барысында оқушыны өздігінен еңбектеніп, қорытынды жасай білуге баулу арқылы бірте-бірте ғылым негізіне саналылықпен қарайтын азамат етіп тәрбиелеуге болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауының “ XXІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау” атты бөлімінде болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қарқынды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтау қажеттігі, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануы шарт екендігіне баса назар аударады. Жолдауда: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларыньщ сапасын арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз ».
Болашақ ұрпақтың білікті азамат болып өсіп-өнуі мектептен, ең алдымен, бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Сондықтан да бастауыш мектепте оқу үлгермеуін болдырмау жолында оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру қажет. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары оларды шығармашылық іс -әрекетке баулу қажет екенін деп қорытындылаймыз. Олай болса, оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулу тек оқыту процесінде ғана емес, оны тәрбиелік үрдістерде, сыныптан, сабақтан тыс жұмыстармен байланыстырып дамыту қолға алынатын болса, онда бұл мәселе өз мазмұнын одан әрі жетілдіре түсетіні анық.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмау әр отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың жауапкершілігіне де байланысты.
Қорыта келгенде, мен өз жұмысымды жазу нәтижесінде төмендегідей ұсыныстарды ұсынып отырмын:

  1. Ата-ана үнемі сынып жетекшісімен қарым-қатынаста болу керек.

  2. Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік құрал
    басылып шықса.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет