Кіші жастағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің психологиялық-педагогикалық себептерін және оларды жеңу жолдарын зерттеу



бет4/8
Дата24.06.2023
өлшемі163,5 Kb.
#103316
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жумадиллаева

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің педагогикалық талдаулары мен себептері


Оқыту процесінде оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігі бар оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуін болдырмаудың бір жолы – қызметтестік қағидасы. Қызметтестік дегеніміз- ұстаз бен шәкірттің ортақ жүйемен жұмыс істеуі, жетістікке, көздеген мақсатқа жетуі. Осы қағиданы орындау барысында мынаны ескеру керек:
Біріншіден, ортақ мақсатқа екі жақтың да көзінің жетуі.
Екіншіден, ұстаз бен шәкірттің әрқайсысы өздеріне тиісті шарттарды біліп, ешкімге арқа сүйемей үйлесімді орындауы.
Үшіншіден, керек жерінде бір-біріне көмегін беру, масыл болмау.
Бірақ педагогикалық қызметтестіктің орындалуы балалардың жас ерекшелігіне байланысты. Ол әр кезеңде әр түрлі қатынас, қызметтестік болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі балаға қамқорлық керек. Қызметтестік үлкендердің қамқорлығымен жүреді. Мектеп жасына дейінгі балалар шамасына қарай тәрбиешіге көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл жастағыларға ересектердің қамқорлығы басым болады.
Бастауыш сынып оқушыларымен қызметтестік айшықталып көріне бастайды. Дегенмен осы жаста да негізгі рөлді ересектер, мұғалімдер атқарады. Мұны біз тәлімгерлік-қызметтестік дейміз. Бірақ бұл кезеңде балаларға қызметтестікке араласуға мүмкіндік береміз.
Серіктестік-қызметтестіктің бір түрі. Оны бастауыш сынып оқушылары мен жасөспірімдердің 5-6 сыныбында байқауға болады. Серіктестік қызметтестікке бір табан жақын. Дегенмен мұнда да ересектер негізгі жетекші рөлді атқарады.
Қызметтестіктің ең жоғарғы түрі – достық. Қызметтестік қатынас достық қатынасқа ұласуы мүмкін. Бұл негізінде жасөспірімдіктен жастық шаққа ұласқанда болады. Мұғалімнің оқушылармен тек қызметтес болмай, осы қатынас достыққа өссе, бұл ұстаздың ең үлкен жеңісі, ұстаздық қызметтің жемісі болып табылады.
Бірақ қызметтестік-достық толық тең құқықтықта болмайды және жіберілмейді де. Мұғалім- әр уақытта мұғалім. Ол оқушымен арақашықтықты сақтай білуі тиіс.
Біз осы арақатынасты мысал-жағдайлар арқылы талдай отырып, оқушыларды бірнеше топқа бөліп қарайың.
Мәселен, мұғалім мен оқушылардың бірігіп қызмет жасап, жетістікке жетудің жағдайын жасау жолында "Үміттің ақталуына байланысты қуанышқа" бөленген оқушылар тобы болады. Олардың көптен күткен жеңіс-қуанышы орындалады. Оның орындалуына бала, ата-ана, мұғалім де ат салысады. Осының орындалуына баланың оқуға деген құнттылығы, орындауға жұмсалған күш-жігері және жұмыстың нәтижесі себеп болады. Бұл қуанышқа барлығы ортаң. Сондықтан барлығына ортаң тең қуаныш. Сонымен осы "Үміттің ақталуына байланысты қуаныш иелерін" топтарға жіктеп көрейік.
Бірінші топ "Сенімділер" немесе "Өз ісіне тыңғылықтылар" деп аталады. Мұндай топ оқушылардың кез келген жас кезеңдерінде кездеседі. Мұндайларға жауапкершілігі бар, оқуға деген қабілеті жоғары, үй тапсырмасын ұқыпты орындайтын, қоғам жұмысына берілген, өз ісіне берік, абыройы жоғары, өзіне-өзі сенген оқушылар жатады. Бұл аталған оқушылар негізінен ата-анасының балаға деген қамқоры педагогикалың тұрғыдан дұрыс қатынас жасай алатын отбасынан шығады. Бұл оқушылардың оқудағы жетістік-қуанышы берік, бала өзі-өзіне сенімді.
Бірақ мұндай оқушылар да сүрінуі мүмкін. Оған көңіл бөлудің қажеті жоқ. Баланың өзі кемшілікті талдауға шамасы келеді. Ондай оқушылар өз қиындығын өзі жеңіп шыға алады. Бұлар сенімділер.
"Батылдар" тобына жататын оқушылардың оқуға деген қабілеті "сенімділерден" көп жоғары. Бірақ оқу жүйесіндегі қызметі төмен болып келеді. Мұндай оқушылар бір кезде жетістікке жетсе, бір кезде төмендеп кетуі мүмкін. Батылдықта тұрақтылың жоқ. Әрине, мұндай оқушылар тұрақты, мәдениетті, балаға деген қамқорлығы жоғары отбасынан шығады. Осы көрсетілген оқушылар сезімге тым берілгіш, жетістікке тым еті үйреніп кететін, жеңіліс, қолайсыз жағдайды көтере алмайтын болып келеді. Мұндай оқушыларды уақтысында "құдайын таныту керек", сезімін оятып, ұятқа шаңырып, керекті көңіл басуын жасаған жөн.
"Күмәнділер" тобы. Мұндай оқушылар да балалардың әр жас кезеңдерінде кездеседі. Бұл оқушылар да жақсы отбасынан шыққандар. Сабаққа деген қабілеті жақсы, жақсы оқитындар. Біраң олар өз ісіне күмәнді, өзіне деген сенімі ның емес.
Мұндай қасиеттің көптеген себептері болуы мүмкін.
Біріншіден, өзін-өзі дүрыс бағалай алмау.
Екіншіден, жүйкесі жұқарған, артың іске, батылдыққа бара алмайды.
Үшіншіден, отбасында кикілжің болуы мүмкін.
Төртіншіден, өмірдегі, оқудағы жеңіліс баланы жал-таң етуі, т.б.
Мұндай оқушылармен мұғалім ерекше әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуі тиіс. Уақтысын тауып мақтап, алда болатын жұмыстарды айтып, дайындап отырса, ондай оқушылар қатарға қосылып кетеді.
Келесі топ - "Үмітсіздер" немесе өмірден түңілгендер. Мұндай оқушыларға мұғалім ерекше әдіс-тәсіл қолдануы керек. Бұлар қара жаяу емес. Кезінде жақсы оқыған оқушылар. Бірақ бір кезде оқуда жеңіліс тауып, өзіне деген сенімді жоғалтып қатарынан қалып қойғандар. Мұғалім осындай оқушылардың үмітін ояту жолын іздестіруі тиіс.
"Күтпеген қуанышқа бөленген" оқушылар тобы. "Күтпеген қуаныш" деп отырғанымыз - оқу-тәрбие саласындағы баланың болжаған жобасынан күтпеген артық нәтижеге жетудегі қуанышы. Әрине, мұндай баланың күтпеген жетістігі ұстаздың ұйымдастырумен жүргізіледі. Балаға күтпеген жетістік болғанымен, ұстаз үшін ол белгілі. Бірақ оны ұстаз балаға күні бұрын айтпайды да, баламен бірге күтпеген қуанышқа бөленгендей болып бірге қуанады. Бірақ бұл - ұстаздың қүпия. Дегенмен жетістікті күтпеуі де мүмкін. Себебі оқушының сол жоспарды орындай алатыны және орындай алуына күмәнді оқушылар бар. Әсіресе, сол күмәнділер жобалы тапсырманы дұрыс орындаса ұстазға да күтпеген қуаныш.Осы күтпеген қуанышты жасаудағы ұстаздық әдіс-тәсілдердің түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет