1.1Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары
Бастауыш сынып оқушылары дегеніміз 6-10 жас аралығындағы балалар. Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер де пайда болады. Мәселен, біріншіден, олардың материалдық, қарым-қатынастық, эмоционалдық қажеттіктерін отбасы қамтамасыз етеді. Олар ата-ананың қамқорлығында. Екіншіден, олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады. Үшіншіден, ата-ана, мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден бастауыш сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі ата-ана, мектеп-бастауыш сынып оқушыларының қамқоршылары. Бастауыш сынып жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі. Кешегі мектеп жасына дейінгі бала-бүгін бастауыш мектеп оқушысы. Мектеп жасына дейінгі бала мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айырылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсінішпеушілік пайда болады. Бастауыш сынып жасындағы баланың өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құруы. Бастауыш сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу-ойынға қарағанда өте күрделі процесс. Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді: Біріншіден, мектеп өміріне кірігу. Екіншіден, мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен (ұстаздармен) қарым-қатынасты орнату. Үшіншіден, мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау. Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау бастауыш мектеп оқушыларының ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді. Қысқасы, бастауыш мектеп оқушылары мектеп өміріне үйренуі тиіс. Дегенмен, мектеп өміріне үйренудің өзіндік қиыншылықтары да бар. 1. Бірінші қиындық. Баланың уақытысында ұйқыдан ояна алмай, мектепке керекті оқу құралдарын мезгілінде жинай алмауы, сабақта тәртіп сақтап тыныш отыру, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындау, үй тапсырмасын, қоғамдық тапсырманы орындау, т.б. бастауыш сынып оқушыларына қиынға соғады. Бастауыш сынып оқушылары алғашқы күндері осыған көндіге алмайды. Ол оған психологиялық, педагогикалық тұрғыдан дайын емес. Күн тәртібінде көне алмай шатақ шығарып, мектепке барғысы да келмейді. 2. Екінші қиындық. Сыныптағы оқушылармен, ұстазымен қарым-қатынасты үйлестіру. Бастауыш сынып оқушысы үшін алғашқы мұғалім періште, пайғамбардай болып көрінеді. Әсіреесе, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін ұстаз бәрін білетін адам. Ол бәрінен ақылды, данышпан, тек соған ғана сену керек. Дегенмен кейбір оқуда үлгере алмайтын оқушыға мұғалім ұрысқақ, зәлім, тажал болып көрінуі мүмкін. Сондықтан бастауыш сынып оқытушысы балаларға ұрысқаннан гөрі мейірімді, қамқоршы адам болып көрінгені жөн. Сонымен бастауыш сынып мұғалімі кей жағдайда оқушыларына екі тұрғыдан көрінеді. Мүмкіндік болғанша мұғалім жағымды жағынан көрінгені абзал. Бала мұғаліммнен қорықпауы керек. Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мәселесі- ол балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде де мұғалімнің рөлі ерекше. Себебі бастауыш сыныптағы балалар қатынасын үйлестіретін мұғалім. Бала барлық нәрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. Мұндай дав балалар ұжымы жағдайы жақсылар, жағдайы нашарлар болып екіге бөлінуі мүмкін. Бұл антогонистік қайшылықтарды мұғалім шешуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тәрбие бере аламаймыз, педагогикалық кемшіліктер жіберіп, балалрды жастайынан жаман жолға итермелейміз. Бірінші кемшілік- адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің бастауы қалыптаспаған, соған жастайынан үйренбеген. Екінші кемшілік- ақыл ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. Осыдан барып оқуға деген жалқаулық, оқығысы, үйренгісі, білгісі келмеуі туындайды. Үшінші кемшілік- адами-әсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі. Әсемдік, көркемдік, сұлулықты түсінбеген баланың жүрегінің жылуы болмайды. Төртінші кемшілік- медициналық-педагогикалық. Баланың денсаулығының, ақыл-ойының кемістігі, патологиялық кемшілігі. Ондай бала тазалық, тәртіп дегенді түсінбей өтуі мүмкін. Бесінші кемшілік-баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ болуы. Мұндай жағдайда «жатып ішер ас болса» деген адам өседі. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы адам шықпайды. Осы бес кемшілікті жою- балаларды әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда қорғау, жаман жолдан сақтандыру болып табылады. 3. Үшінші қиындық. Балалардың отбасымен қатынасы. Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы балалық дәрежесімнен айырылып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі жағдайға ұшырауы мүмкін. Біріншіден, балаға мектепке керекті құрал-жабдықтар алынған. Ол ойыншықтардан күрделі. Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі сабаққа дайындық керек. Осының барлығы балаға ұнамайды. Бала тәртіп сақтаудан қашады, тәртіпті орындамайды. Бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда болады. Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Көп нәрсені өзі тындырады. Бірақ бұған ата-ана жөнді мән бермейді де, ол әрекетті баланың ойыны ретінде қарайды.Бала осыны түсініп, біртіндеп сабаққа деген ықыласы төмендей береді. Үшіншіден, бала ата-ананың өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда әрбір жақсы бағаға ақша талап етеді. 4. Төртінші қиындық. Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге берген тапсыпмасын орындауда қиналуы. Жетістіктің нәтижесін тек қана бала көрмейді. Оны жақын қоршаған ортасы- ата-ана, ұстаз, жора-жолдастары көреді, солар қуанышқа ортақтасады. Осы жерде бала өзінің пір тұтатын адамының ерекше қуанғанын көріп, жетістіктің нәтижесінің өте жоғары болғанын сезеді. Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бұл арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген, жетістіктің нәтижесін болжауға болатын ұстаздың ұйымдастырған іс-әрекеті. Жетістік кейде ойламаған жерде пайда болуы мүмкін. Бірақ ұстаз сол мүмкіндікті пайдалана біліп, әрі қарай дамытуы, бекітуі керек. Жетістіктің үш түрі бар: Біріншісі-күні бұрын болжауға болмайтын жетістік. Мұнда жеңіс те, жеңіліс те болуы мүмкін. Себебі бала жетістікке жету үшін талпыныс жасайды, нәтиже күтеді. Мұғалім осыған көмектесуі, қол ұшын беруі тиіс. Жетістікке жетсе мақтап, қолдап, ал жете алмаса көңілін аулап, көтермелеп, болашағының алда екеніне көзін жеткізу. Мұндай болмағанда бала жолдан таюы мүмкін. Осындай жағдай ересектерде де болуы мүмкін. Бірақ ересектер жеңіс пен жеңіліске талдау жасай біледі. Ал бала оны жасай алмайды. Екіншісі- күні бұрын болжауға болатын жетістік. Бастауыш сынып оқушысының қандай да бір жақсы жетістіктері болмасын, ол оған қуанады. «Мен осылай болады деп ойлап едім, дегеніме, мақсатыма жеттім»,- деген қуаныш оны алға жетелейді. Жетістікті қандай бір болжап, осылай болады дегенмен жетістіктің аты жетістік, ол жеңіс. Баланы жеңіспен құттықтау керек. «Осылай боларына сенгенмін»,-деп ұстаз демеу берсе бала қанаттанады. Үшіншісі-қорытынды жетістік. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын оның жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ бұл жолдың кемшілігі де бар. Осындай жағдайда кейбір балалар дандайсып кетіп, жетістіктен басы айналып, біртіндеп қолы жеткен жетістіктен айырылады. Жетістікке жетуде мынаны есте ұстаған жөн. Жетістікте жеңіс пен жеңіліс, ұтыс пен ұтылыс, білген мен білмеу қатар жүреді. Жеңіліс, ұтылыс, білмеу сияқты нәрсені түсінбесе, бала жеңіс, ұтыс, бәлу дегенді түсінбейді. Қазақтың «Ренжи білмеген адам қуана да білмейді»,- дегені сияқты. Осыған баланы мектеп қабырғасында үйретіп қалыптастыру керек. Жетістікке жету жолындағы жеңілісті бала түсіне білуі керек. «Қай жерден кемшілік жібердім? » деп ойлауы тиіс. Онсыз жеңіс келмейді. Жеңіліс баланы қатайтып жеңіске итермелеуі керек. Осы жерде баланың жеңісі мен жеңілісін балалар ұжымы түсіністікпен қарап, жеңісіне ортақ қуанып, жеңілісіне ортақ ренжіп, керек болса қайғырып, баланы қайраттандыруы тиіс. Міне осындай ұжымда бала қатаяды, жеңіске жетудің жолын қарастырады. Ересек адам өз қуанышымен бөліспеуі де мүмкін. Ал бастауыш мектеп оқушысы міндетті түрде жолдастарымен өз қуанышын бөліседі. Қазақтың «балалы үйдің ұрлығы жатпайды» дегеніндей, балалар өз қуаныштарымен өзара бөлісуге әр уақытта дайын болады. Қысқасы, баланың қуанышы, оның басын айналдырып жібермесін, ал қиындық мұңайтпасын. Екеуінде де жолдастарының қолдауы қажет. Педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары: баланың сенімін қалыптастыру, қоғамдық қатынасын дамыту, өктемдікке жол бермеу, адами қатынасты орнату, жетістіктерге қол жеткізу. Осы бағыттарды іске асыру соның технологиясы болып табылады.