Кіші жастағы оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі сәтсіздігінің психологиялық-педагогикалық себептерін және оларды жеңу жолдарын зерттеу


Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский, Т.А.Ильина, А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б. берік білім беру пікірлерін білдірген



бет2/8
Дата24.06.2023
өлшемі163,5 Kb.
#103316
1   2   3   4   5   6   7   8

Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я.А.Коменский, Т.А.Ильина, А.С.Макаренко, Жан-Жак Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев т.б. берік білім беру пікірлерін білдірген.

Қазіргі кезде бұл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р.М.Қоянбаев, А.А.Бейсенбаева, В.П.Карибжанова, Г.К.Шолпанқұлова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т.Жүндібаева, К.Тілеубергенова, С.Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.


Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары” деп атадық.
Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыс жасаудағы қарым-қатынасын анықтау. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Зерттеу міндеттері:
1) Бастауыш сынып оқушыларының оқуға үлгермеуінің себептерін анықтау.
2) Бастауыш сыныпта оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздерін айқындау.
3) Бастауыш сыныпта оқуға үлгермейтін оқушыларды оқытудың ерекшеліктерін талдау.
4) Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін талдау және оның тиімділігін эксперименттік-тәжірибе жүзінде тексеру.
: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет