Кітап мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата23.10.2022
өлшемі426,3 Kb.
#45022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
 
 
 
 
 


Ұлықпан хакімге қатысты мағыналы оқиғалар 
Лұқпан хәкім өмірінің бір кезеңінде ағаш ұстасы болып, бір 
байшыкешке жалшылық қылады. Күндердің күнінде оған 
қожайыны «Бір қойды сой. Сөйтіп оның ең дәмді ағзасын маған 
алып кел» деп бұйрық береді. Лұқпан хәкім қойды сойып, оның тілі 
мен жүрегін алып келеді. Бұған таңданған қожайын «Қойда тілі мен 
жүрегінен басқа дәмді ағза жоқ па?» деп сұрайды. Лұқпан «жоқ» 
деп жауап қайырады. Қожайын тағы бір қойды союды бұйырады. 
Бірақ бұл жолы қойдың ең жаман, сүйкімсіз ағзасын алып келуді 
тапсырады. Бір қызығы Лұқпан хәкім тағы да тіл мен жүректі алып 
келеді. Оның бұл әрекеті қожайынды одан әрмен таңқалдыра 
түседі. Сөйтіп ол: «Әй, Лұқпан! Мен саған қойдың ең дәмді ағзасын 
әкел дегенімде де, ең жаман ағзасын әкел дегенімде де тіл мен 
жүректі алып келдің. Мұның қалай?»– деп сұрайды. Сонда Лұқпан 
хәкімнің берген жауабы: «Тақсыр, бұл екеуі таза болса, одан асқан 
қадірлі ағза болмайды. Ал бұл екеуі жаман болса, одан асқан жаман 
ағза болмайды». 
* * * 
Лұқпан хакім: « Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. 
Адам сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар – төрт уақытта төрт 
нәрсені: намазда көңілді, халык арасында - тілді, жеп - ішуде 
тамақты, біреудің үйіне барғанда - көзді қорға;
- екі нәрсені: Алланың ұлылығы мен өлетініңді ұмытпа; екі нәрсені: 
біреуге істеген жақсылығыңд , басқаның өзіне істеген жамандығын 
ұмыт. Сонау бір ықылым замандардан жеткен абзал абыздың осы 
өсиеттері әлі сол күйі мәнді, сол күйі өміршең.
* * * 
Бірде бір кісі Лұқпан хәкімнен «Осыншалықты әдепті кімнен 
үйрендіңіз?» деп сұрайды. Сонда ол «Әдепті болуды әдепсіздерден 
үйрендім» деп жауап берген екен.
*** 


« Данышпандыққа қалай жеттің?» деп сұрағандарға Лұқпан «Өзіме 
қатысы жоқ нәрсемен ісім болмады.
Менен жасырылған нәрсені 
қазбалап білуге тырыспа дым» деп жауап берген екен!?.
* * * 
Лұқпан көбіне - көп көпшіліктен оқшауланып, жалғыз қалып ой 
теңізіне шомуға тырысатын. Сонда айналасындағы адамдар одан 
мұның мәнісін сұрайды. Ол «Жалғыздық ойлануға жақсы. Ал 
ойлану, пікір өрбіту пендені жаннатқа жетелейді» деп жауап каткан 
екен!
* * * 
Лұқпан хәкім: « Үш нәрсе үш нәрсесіз көрінбейді: Білім қиын - 
қыстау кезде немесе ашу қыскан шакта білінеді, батырлық майдан 
шебінде анықталады. нағыз достық – мұқтаж сәтте көрінеді».
* * * 
Ешкімді киімі жұпыны екен, түрі ұсқынсыз екен деп төмен санама. 
Себебі сенің де, оның да Раббыларың бір. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет