сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген
жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе
жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе
орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенін!
Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ
оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер!
Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл
махаббат
сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар.
Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер.
Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер,
шырақтарым!
Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл
махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар.
********
Достарыңызбен бөлісу: