9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі
мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен
намысқойлығы.
10. Егер менің ішімді
жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр
едің.
11. Қайғысыздың бәрі асау.
12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан.
13. Распенен таласпа.
14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.
16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.
17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.
18. Бір
қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.
19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп
мақтайтындар – құдай қарғағандар.
22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.
23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
24. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
25. Жақсы ДОС білген сырын сыртқа жаймас.
26. Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.
27. «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.
28. Серт бұзғанның орны шоқ.
29. Сен
асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес.
30. Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
31. Арлану ақылдының ісі.
32. Пенде өлмейді арманнан.
33. Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.
34. Есебі жоқ ант ішпе.
35. Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.
36. Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.
Достарыңызбен бөлісу: